«А Ә б в» Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, б және в әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз



бет13/85
Дата04.05.2023
өлшемі492,38 Kb.
#89824
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.
1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.
2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, толымды сөйлем етіп шығар.
– Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен. – Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.
Практикасы: 
«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек.
Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар арқылы) күнделікті өмірде қолдану. 
Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы бар? 
Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылығында. 
Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
1-деңгей
1. Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?
Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады, сондықтан ой толық жеткізіледі.
2. Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
а) Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді. Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді.
э) Диалог жағдайында (екі не бірнеше адамның сөйлесуінде) жиі кездеседі.
Яғни, ойға қажетті мүшенің айтылмауы оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығында, жалпы, ойдың не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты. Мысалы,
-Айару! - деді Қамқа әжесі, - анау сөмке сенікі ме?
- Менікі.
- Ауыр ма?
- Жеңіл.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ» қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.
Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді құрылысына қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;
Абай – атау тұлғалы зат есім;
Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;
Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.
Теориясы:
«ТҮСІНУ» Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
1. Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?
Себебі:
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.
ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ.
2. Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет