http://www.enu.kz
А.Х. Бикенов
Астана қ., Қазақстан
АУЫЗША ТАРИХ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Ауызша тарих дәстүрі қазіргі заманда тек қана тарих ғылымының емес сонымен
қатар әлеуметтану,саясаттану сияқты қоғамды зерттейтін ғылымдар әдіснамасының
құрамды бөлігіне айналды.Қазіргі заманда әлемнің белді университеттері мен зерттеу
институттарындағы «Oral history» орталықтары осының айғағы болса керек. Осы зерттеу
тәсілінің бастауларына назар аударсақ XIX ғасыр ортасындағы белгілі француз
тарихшысы Сорбонна университетінің профессоры Жюль Мишле, өзінің «Француз
революциясының тарихы» (1847-53), атты еңбегіне кірісер алдында мен үшін жазба
құжаттар көптеген деректердің біреуі ғана деп айтқан болатын. Мен ауызша дәстүр
дегенде, бөлек адамдардың пікірлерінен қалыптасатын ұлттық дәстүрді айтамын дей келе:
то, что говорили и повторяли все — крестьяне, горожане, старики, женщины, даже дети;
то, что можно услышать, если как-нибудь вечером заглянуть в деревенскую таверну; то,
что можно почерпнуть, если, встретив на дороге праздного путника, затеять с ним
разговор о дожде, о времени года, потом о высоких ценах на продукты, потом о временах
Императора, а потом о Революции- деп түсініктеме беріп кеткен [1,10]. Ал Ян Вансин
«Ауызша дәстүр: тарихи әдіснама зерттеулері»(1965) деп аталатын өзінің классикалық
еңбегінде африкалық ауызша дәстүрде есте сақталатын зердені бес категорияға бөледі:
Во-первых, это формулы: заучивание формулировок, ритуалов, лозунгов и титулов. Во-
вторых, географические названия и имена. Затем официальная и неформальная поэзия —
историческая, религиозная или личная. Четвертую категорию составляют рассказы —
исторические, дидактические, художественные или личные. И, наконец, пятую —
юридические и иные комментарии.Көріп отырғанымыздай шет ел ғалымдары ауызша
тарихи дәстүрдің әдіснамалық және деректік маңызын дәл анықтап жазып кеткен [1,15].
Бүгінгі күні ғылымның біртұтастығы, әдіснамасы мен әдіс-тәсілдерінің,
құралдарының бірыңғайлылығы дейтін көзқарас өзгеріске ұшырады. Бұл тарихшыға
зерттеу нысанын таңдау құқығымен қоса, оның интеллектуалдық инструментарийді
таңдауына мүмкіндік береді . Әр халықтың тарихы туралы мәліметтер мен деректердің
сипаты ол халықтың қоғамдық даму ерекшеліктеріне де байланысты. Мысалы, қазақ
халқының тарихы туралы мәлімет берерлік заттай, жазба деректермен бірге ауызша түрде
жеткен деректер мол. Шоқан Уәлиханов қазақ халқының тарихы оның көркемдік ойымен
тығыз байланысты және халық шежіресі болып табылатындығын былайша пайымдайды:
«Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды
оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар
жырласа, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естеріне ұмытылмастай етіп белгілі бір
сыбызғышы не қобызшы сазгерлер қалдырып кеткен» [2].
Соңғы жылдары қазақ тарихына қатысты түрлі сипаттағы заттай, әсіресе, сан алуан
жазба деректердің игерілуі қарқынды дамып келеді. Алайда фольклор, ауыз әдебиеті
сияқты ауызша түрде жеткен рухани мұраларымыздың қазақ халқының тарихын түзуде
маңызы жоғары. Қазақтар одан өзін өзі таныды, өткенін білді, біртұтас халық, ұлт ретінде
сезіне алды. Мұнда халықтың бүтін бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы,
мәдениеті, тарихи даму жолы толық көрініс тапты. Осыған орай Орталық Азия және қазақ
тарихының аса көрнекті маманы, білікті ғалым В.П.Юдин монғолдардан кейінгі кезеңдегі
Дешті-Қыпшақ ұлысында айырықша өркендеген «оқиғалық тарихты» ауызша жеткізу
дәстүрін алдымен «далалық ауызша тарихнама», кейін көп жылғы зерттеудің нәтижесінде
нақтыланған «далалық ауызша тарихизерттеу» (степная устная историология)деген
ұғыммен белгілеуді ұсынды[3]. Назар аударатын жағдай, ғалым бұл ұғымды аталмыш
аласапыран кезеңнің үрдіс иірімдерінде қалыптасқан әрі дни- культтік, әрі
идеологиялық,тіпті дүниетанымдық «құрал» ролін атқарған «мифке де,фольклорға
http://www.enu.kz
да,мысалы батырлық эпосқа да жатпайтын шығыс Дәшті-Қыпшақ көшпелілерінің тарихи
білімін, ауызша тарихи зерттеу дәстүрін білдіретін ұғым ретінде қарауға тырысты.
Тәуелсіздік кезеңінде осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізген қазақ этнологиясына
байланысты, кең ауқымды, өзекті мәселелерді қозғаған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың
ауызша тарихы» еңбегін айтпасқа болмайды. В.П.Юдин «далалық ауызша тарихнама»
деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А.Сейдімбек те шежірелік деректерді
зерттеу барысында өзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын далалық ауызша тарихнама
аясына сыйдырады[4]. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты зерттеу еңбегінде жаңа
тұжырымдарға барып «қазақ шежірешілдігін» (шежіресін), шын мәнінде, «Қазақтың
ауызша тарихы» деп атауға болады деген тың қорытындыға келеді. Автордың бұл жерде
этнология ғылымындағы жаңа пікірді ұсынып отырғанын аңғармау мүмкін емес.
Шындығында да, қазақ шежіресі тарихи айналымға адами тұлғаларды нақты
енгізетіндіктен және бүкіл шежірелік хикаялар нақты тарихи тұлғалардың ұрпақ
жалғастығын бейнелейтіндіктен және мұның өзі әрқашан да ауызша тарих айту жолымен
жүзеге асырылатындықтан, мұндай аталмыш ұсынысқа келісуге болады.
Ұлттық тарих айту дәстүрінің негізгі қасиеті қазақтың ұлттық ділі мен рухын
қалыптастырды. Мұны Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде
терең пайымдаған: «...Сонымен бірге ұлттық сананың кейбір ерекшеліктері де қазақ
болмысының құпиясы мен өміршең күштерін нұрландыра алады. Қазақтардың рухани
әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің
талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана
сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да
білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармаларында мейлінше терең танымдық
қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп
жатыр. Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол
қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген. Қазақты этномәдени тұтастық ретінде
танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мәнді» [5, 28 б].
ӘДЕБИЕТ
1. Томпсон П. Голос прошлого. Историки и устная история.-Бишкек, 2004. 84б.
2.Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1961, 1 том. 201 б.
2.Құсайынова М.Ә. Ауызша тарих айту дәстүрінің дамуы хақында // «ХХІ ғасырдағы орта
білім беру жүйесі: жайы мен даму көкжиектері» атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары. Астана, 2002. 114-119бб.
3. Юдин В.П. Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда. Алматы:Дайк-
Пресс,2001.384 с.
4.Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: зерттеу / Ақселеу Сейдімбек. Астана: Фолиант,
2008. 728 б.
5.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 2003. 288 б.