2 Дәрістер курсы. Еңбек құқығы кесте түрінде
1. Тақырып. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі
Еңбек құқығының түсінігі
Еңбек - материалдық және рухани игіліктерді
жасауға бағытталған адамның мақсатты қызметі.
(ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы).
Еңбек құқығы - өндіріс процесінде адамдар
арасында қалыптасатын қатынасты сол қатынасқа
қатысушылардың құқықтары мен заңдық
міндеттерін белгілеу арқылы реттейді, оған
тиянақты нысан, тұрақты сипат береді.
Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін
пайдалану жөніндегі адамдар арасында
қалыптасқан барлық қатынастардың жиынтығы
еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
- қоғамның еңбек ресурстарының болуы
мен олардың жай-күйі;
- еңбекті бөлу мен кооперациялау;
- еңбек тәртібін қамтамасыз ету және
бірлескен еңбек процесін басқару;
- еңбек шараларын және өндірістің
басқа да жағдайларын белгілеу;
- өндірілген өнімді бөлу тәртібі мен осы
процеске өндірушілердің өздерінің
қатысу деңгейі;
- жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби
даярлық).
11
Еңбек құқығының әдісі
Әдіс - еңбек қатынастарына ықпал етудің заңдық тәсілдерінің
жиынтығы ретінде қозғалысты, өзгермелі категория болып табылады,
ол көптеген факторларға, бәрінен бұрын қоғам дамуының әлеуметтік-
экономикалық және нақты-тарихи жағдайларына байланысты.
Еңбек құқығының әдісі - еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің
амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы, оған мыналар кіреді:
- еңбектегі құқықтық қатынастар орнатудың
шарттық тәртібі;
- өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс
берушіге бағыныштылығын тараптар
теңдігімен үйлестіру;
- еңбекті ұйымдастырудың ерекше режимі;
- еңбекті ұйымдастыруды және оны қолдану
жағдайын орталықтан нормалауды жергілікті
реттеумен үйлестіру;
- еңбек жағдайын белгілеуге еңбек ұжымдары
мен кәсіподақтардың қатысуы;
- еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің
біртұтастығы және жіктелуі;
- еңбек құқықтарының бұйрықтық, ерік
берілген және ұсыныс ретіндегі нормаларының
күшінде болуының ерекше тетіктері;
- еңбектегі құқықтық қатынастар
тараптарының құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ санкция
қолданудың арнайы іс жүргізу нысандары.
12
Еңбек құқығының жүйесі
Еңбек құқығының жүйесі дегеніміз - құқықтың сол саласының құрылымы мен
мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық нормалар
жиынтығы.
Еңбек құқығы жүйесінде еңбекті
қоғамдық ұйымдастырудың барлық
элементтеріне қатысы бар нормалар
көрініс береді. Олардың жиынтығы еңбек
құқығының Жалпы бөлімін құрайды.
Азаматтардың еңбегін қолданудағы
қоғамдық қатынастардың кейбір
топтарын реттейтін құқық нормалары
еңбек құқығының Ерекше бөлімін
құрайды.
Еңбек құқығының Жалпы бөлімі сол саланың мәнін, әдісін
және жүйесін, еңбек қатынастарын реттеудің
принциптерін, еңбек құқығының көздерін, субъектілердің
құқықтық жағдайларын, еңбек құқығы саласындағы
құқықтық қатынастарды, сондай-ақ еңбек құқығы
ғылымының мәні мен методологиясын қамтиды. Бұл
мәселелердің барлығы еңбек құқығының нақты тарауларын
(институттарын) терең зерттеудің іргелі негіздерін
құрайды.
Еңбек құқығының Ерекше бөлімі еңбекті қоғамдық
ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және
еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық
субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды.
Тиісінше, еңбек құқығы жүйесінде құқықтық институттар,
еңбек қатынастарын құрайтын бөліктерді реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы өзінше бөлек алынады.
Ерекше бөлімге еңбек құқығының мына негізгі
институттары кіреді: жұмысқа орналастыру, еңбек шарты,
ұжымдық шарттар мен келісімдер, жұмыс уақыты және
демалыс уақыты, еңбек ақы, еңбек шартына
отырушылардың материалдық жауаптылығы, еңбек тәртібі,
еңбекті қорғау, кәсіби даярлау, кадрлардың біліктілігін
көтеру, еңбек даулары.
13
2. Тақырып. Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек құқығының принциптері
Еңбек құқығының принципі - негізге алынатын,
бастаушы бастама, ол осы саланың және оның
институттарының құқықтық нормаларының мәні мен
ішкі үйлесімділігін білдіреді.
Еңбек құқығы принциптерінің қызметтік рөлін мына
негізгі позициялармен сипаттауға болады:
а) принциптер еңбек құқығы
субъектілері үшін арнайы бағдар
болады, себебі олар еңбек
құқығы нормаларында бекітілген
және қатысушылар әрекетін
мемлекеттің еңбекті қоғамдық
ұйымдастыру саласындағы
құқықтық саясатын басқарушы
идеяларға сәйкес бағыттайды;
б) принциптер еңбек
қатынастарын құқықтық реттеу
үшін бастапқы нұсқау (алғашқы
негіз) болып табылады; бұл
сапада принциптер еңбек туралы
заңның мәні мен мазмұнын және
оны қолдану практикасын алдын
ала анықтайды, сондай-ақ еңбек
туралы жаңа құқықтық нормалар
жасағанда бұл басқарушы
идеялардың жүзеге асырылу
механизмін қарастыру жайында
заң шығарушыға бағдар береді;
в) принциптер еңбекті қоғамдық
ұйымдастырудың құқықтық
негіздеріне тұрақтылық береді;
еңбек ресурстарын даярлау, бөлу
және тиімді пайдалану, еңбек
қорғауды ұйымдастыру мен
өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті
қоғамдық ұйымдастырудың
басқа элементтері саласындағы
басқарушы идеяларды заңда
бекіте отырып, мемлекет еңбекті
басқарудың барлық механизмі
үшін іргелі құқықтық негіз,
еңбек қатынастарының тиянақты
нысандарын құруды қамтамасыз
етеді;
г) принциптер құқықтық. реттеудің
мәнімен және әдісімен бірге еңбек
құқығын ұлттық құқықтың басқа
салаларынан ажыратудың объективтік
критерийі болады, себебі құқықтың осы
саласының мәндік ерекшеліктерін
білдіреді;
д) принциптер азаматтарға, мемлекеттік
аппараттың лауазымды адамдарына,
ұйымдардың қызметкерлеріне тәрбиелік
ықпал жасайды.
14
Еңбек құқығының салалық
қағидалары:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
15
Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек қатынастары.
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастарын
реттейтін нормативтік құқықтық актілерді айтады.
Біріншіден, жалпыға міндеттілігі
құқықтық нормаларға тән мәндік
қасиет, бұл оларды басқа
әлеуметтік нормалардан
(мысалы, қызметтік этикадан\
ажыратуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, еңбек туралы
құкықтық актілер (кодекс,
заңдар, жарлықтар, қаулылар,
т.б.) ерекше нысанда арнайы
тәсілдермен бекітіледі, олар
жалпыға бірдей міндетті
әлеуметтік нормативтер болып
саналатын құқықтық актілер.
Еңбек туралы заңнама Қазақстан
Республикасының
Конституциясына негізделеді және
ҚР Еңбек кодексінен,
қызметкерлердің кейбір
санаттарының еңбек қатынастарын
реттейтін басқа да нормативтік
құқықтық актілерден тұрады.
Еңбек құқығы қайнар көздерін
қалыптастырудың ерекшелігі -
еңбек ұжымдары мен
көсіподақтардың қатысуымен
жергілікті нормалар (ұжымдық
шарттар, келісімдер) шығару.
1) нормативтік құқықтық актілердің
өзіндік үстемдіктеріне қарай еңбек
заңдары жүйесін қалыптастырудағы
кейбір ерекшеліктерді;
2) тиісті нормативтік құқықтық
актілер қабылдауға құқығы бар
өкілетті органдардың құзырын;
3) актілерді жариялаудың
белгіленген тәртібін;
4) еңбек туралы халықаралық
құқықтық актілердің қолдану
ерекшелігін;
5) локальдық (жергілікті) норма
шығарушылықты.
Қазақстан Республикасындағы
еңбек құқығының қайнар көздеріне
сипаттама бергенде мыналарды
және өзге де факторларды
ескерген жөн:
Негізгі белгілері:
16
Еңбек құқығының қайнар көздері – иерархияға негізделген және
белгілі тәртіп бойынша қабылданатын еңбектік құқықтық
қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің
жиынтығы.
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көздерінің түрлері
Негізгі:
1) Қазақстан
Республикасының
Конституциясы;
2) ҚР конституциялық
заңдары;
3) ҚР еңбек кодексі;
4) ҚР Президентінің
нормативтік құқықтық
жарлықтары;
5) ҚР Үкіметінің,
Конституциялық кеңесінің
және Жоғарғы сотының
нормативтік қаулылары;
6) министрліктер мен кейбір
мемлекеттік орталық басқару
органдары басшыларының
нормативтік бұйрықтары,
мемлекеттік комитеттер мен басқа
мемлекеттік орталық органдардың
еңбектің салалық жағдайларына
қатысты нормативтік қаулылары;
7) маслихаттар мен әкімдердің
еңбекті ұйымдастырудың
аймақтық жағдайын белгілеу
мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық шешімдері.
Туынды
17
Туынды
Ережелер (правила) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
саласындағы қызметтің кейбір түрін ұйымдастыру және
жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық
актілер.
Қағида (жобылық қағида, типтік қағида – примерные
положения, типовые положения) - белгілі бір мемлекеттік
органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі
мен өкілеттігін, сонымен қатар, қызметтің нақты түрін
жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық
акт.
Нұскаулық (инструкции) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
саласындағы еңбек заңнамасын қолдануды жіктеп көрсететін
нормативтік құқықтық акт.
18
3. Тақырып. Еңбек құқығының субъектілері
Еңбек құқығының субъектілері
Қызметкер (азаматтар, шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ
тұлғалар).
Жұмыс беруші
Еңбектегі құқықтық субъектілік - дегеніміз
еңбек құқығы субъектілерінің заңдық міндеттемелер
құқылы болу және оларды көтеру кабілеттігі, ягни
еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты
құқықтық қатынастарға қатысушы болу мүмкіндігін
(қабілетін) иемдену. Еңбек құқығының субъектілері
еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің
екеуіне де бірдей ие болады.
Кәсіптік одақтар
Жұмыскердің Еңбек кодексінің 22 бабында көзделген негізгі құқықтары:
1) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға
және бұзуға;
2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;
5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
6) бос тұрып қалу үшін Қылмыстық кодекске сәйкес ақы алуға;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына және т.б.
19
4. Тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт
Әлеуметтік әріптестік
Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер
(жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және
еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша
олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі (ҚР
ЕК 1-бабы).
Әлеуметтік әріптестік
органдары:
1) республикалық
деңгейде - әлеуметтік
әріптестік пен
әлеуметтік және еңбек
қатынастарын реттеу
жөніндегі
республикалық
үшжақты комиссия
(бұдан әрі -
республикалық
комиссия);
2) салалық деңгейде
- әлеуметтік
әріптестік пен
әлеуметтік және
еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі
салалық комиссиялар
(бұдан әрі - салалық
комиссия);
4) ұйымдар деңгейінде -
қызметкерлердің өкілдері мен
жұмыс берушінің арасында еңбек
саласындағы өзара нақты
міндеттемелерді белгілейтін
келісімдер немесе ұжымдық
шарттар нысанында қамтамасыз
етіледі, ал шет ел қатысатын
ұйымдарда оны Қазақстан
Республикасының резиденттері
халықаралық шарттардың
(келісімдердің) және Қазақстан
Республикасы заңнамасының
негізінде қамтамасыз етеді.
3) өңірлік деңгейде
(облыстық, қалалық,
аудандық) -
әлеуметтік әріптестік
пен әлеуметтік және
еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі
облыстық, қалалық,
аудандық
комиссиялар (бұдан
әрі - өңірлік комиссия)
арқылы тараптардың
өзара іс-қимыл
жасасуы нысанында;
20
Әлеуметтік әріптестік мынадай
нысандарда жүзеге асырылады:
Әлеуметтік әріптестік
1) ұжымдық шарттардың, келісімдердің
жобаларын әзірлеу және оларды жасасу
жөніндегі ұжымдық келіссөздер;
2) еңбек қатынастарын және олармен
тікелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу, қызметкерлердің еңбек
саласындағы құқықтарының кепілдіктерін
қамтамасыз ету және Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасын
жетілдіру мәселелері бойынша өзара
консультациялар (келіссөздер);
3) қызметкерлер мен жұмыс берушілер
өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін
шешуге қатысуы нысандарында жүзеге
асырылады.
Әлеуметтік әріптестіктің
міндеттері:
1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты
экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;
2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру
негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді
қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының
кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды
әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;
4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары
арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне
жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-
тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған.
21
Әлеуметтік әріптестіктің
қағидалары:
1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;
2) тараптардың тең құқықтылығы;
3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;
4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
5) тараптар мүдделерін құрметтеу;
6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау
міндеттілігі;
7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз
кінәсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың,
олардың өкілдерінің жауаптылығы;
8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға
мемлекеттің жәрдемдесуі;
9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы.
22
Ұжымдық шарт
Ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын
реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен
жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім
нысанындағы құқықтық акт (ҚР ЕК 1 б).
Ұжымдық шарттың тараптардың бірі
— жұмыс беруші. Жұмыс берушінің
өкілі оның атынан ұжымдық шарт
жасасу үшін келіссөз жүргізуге және
басқа мәселелерді шешуге құқылы.
Ұжымдық шарттың екінші тарапы —
кәсіпорынның немесе ұйымның
жұмыскерлері болып саналады.
Ұжымдық шарт жағдайларының орындалуын қамтамасыз етудің
маңызды құралы, ол — тараптардың алған міндеттемелерді
бүзғандығы үшін жауапкершілігін белгілеу. Мұндай жауаптылық
тараптардың өкілдері келіссөздерге, ұжымдық шартты дайындауға,
жасасуға, оған өзгерту мен толықтыру енгізуге қатысудан бұлтартса,
келіссөздер жүргізу мерзімін бұзса немесе тиісті комиссиялрдың
жұмысын қамтамасыз етпесе туындайды. Мүндай жағдайда заңнамада
белгіленген мөлшердегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылық
көзделген.
23
Ұжымдық шартқа мынадай
ережелер енгізілуі тиіс:
1) еңбекке ақы төлеуді нормалау,
оның нысандары, жүйелері,
қызметкерлерге, оның ішінде ауыр
жұмыстарда, зиянды (ерекше
зиянды) және (немесе) қауіпті
еңбек жағдайлары бар жұмыстарда
істейтін қызметкерлерге тарифтік
ставкалар мен жалақылар,
үстемақылар мен қосымша ақылар
мөлшері туралы;
2) еңбекке ақы төлеуді индекстеу
туралы, жәрдемақылар мен
өтемақы төлемдерін төлеу
туралы, оның ішінде жазатайым
оқиғалар кезіндегі қосымша
өтемақылар туралы;
3) тиісті мамандықтың,
ұйымдағы лауазымның ең
жоғары және ең төменгі
жалақысы мөлшерлерінің
арасындағы жол берілетін
арақатынас туралы;
4) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;
5) жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының ұзақтығы, еңбек
демалыстары туралы;
6) салауатты және қауіпсіз еңбек
пен тұрмыс жағдайларын жасау
туралы, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі
шараларды қаржыландыру көлемі
туралы, денсаулық сақтауды
жақсарту туралы, қызметкерлерді
және олардың отбасы мүшелерін
медициналық сақтандыру
кепілдіктері туралы, қоршаған
ортаны қорғау туралы;
7) тиісті саланың разрядаралық
коэффициенттерін белгілеу
туралы.
|