9. Тақырып. Еңбек даулары
Еңбек даулары
Еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және
ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын
орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер
мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер
(ҚР ЕК 1бап).
Еңбек дауларының барлығын
даудың пәніне қарай 2 топқа бөлуге
болады:
1) нақты құқықтық қатынаста еңбек
заңнамаларын қолдану туралы даулар, яғни
осы құқықтық қатынастың субьектілерінің
құқықтары мен міндеттерін сақтау;
2) заңмен немесе басқа актілермен реттелмеген
жаңа еңбек жағдайларын жергілікті түрде
белгілеу бойынша даулар.
Еңбек заңдарын қолдану бойынша еңбек
даулары:
а) еңбек құқықтық қатынасынан;
б) еңбек өндірісі сұрақтары бойынша кәсіподақтың
әкімшілікпен құқықтық қатынасы;
в) еңбек шарты субьектілерінің бір-біріне келтірген
зияны үшін материалдық жауапкершілік бойынша
құқықтық қатынас;
г) еңбекті қорғауды қадағалау бойынша құқықтық
қатынас.
48
Еңбек даулары
Еңбек дауларын түрлерге
бөлудің белгі:
а) оларда қатысатын субьектілер
бойынша – жеке және ұжымдық;
Жеке еңбек дауларында, бір жағынан,
қызметкер, келесі жақта – жұмыс
беруші қатысады. Ұжымдық еңбек
дауларында,
бір
жағынан,
қызметкерлер
тобы,
ұйымның
қызметкерлері, екінші жағынан –
жұмыс
беруші
немесе
жұмыс
берушілер.
б) мазмұны бойынша еңбек даулары –
еңбек жағдайларын белгілеу бойынша
даулар. Еңбек жағдайларын белгілеу –
оларды заңдар, басқа нормативтік-
құқықтық актілері арқылы анықтау.
Осылай белгіленген еңбек жағдайлары
жалпы мінезді болады және барлық
немесе
қызметкерлердің
кейбір
санаттарына таралады, еңбектің жеке
жағдайлары
еңбек
шартымен
анықталады.
Түрлері
Жеке еңбек даулары
дегеніміз
– тікелей немесе
кәсіподақ
қатысуымен
келіссөздермен реттелмеген
әкімшілік және қызметкер
арасындағы
еңбек
заңдарын,
басқа
нормативтік-құқықтық
актілерді, келісімді, еңбек
шартын қолдану туралы
сұрақтары
бойынша
келіспеушілік.
Ұжымдық еңбек даулары
–
ұйымдарда
еңбек
жағдайларын
белгілеу мен өзгертуге және еңбек ақы
төлеуге, ұжымдық шарттар мен
келісімдер
жасасуға,
оларды
орындауға байланысты, сондай-ақ
қолданылып
жүрген
заңдардың,
ұжымдық шарттар мен келісімдердің
ережелерін
қолдану
мәселелері
бойынша
жұмыс
беруші
мен
қызметкерлер ұжымдары арасындағы
келіспеушіліктер.
49
3 Тәжірибелік сабақ. Әдістемелік нұсқама
Жоғары
оқу
орындарында
тәжірибелік
сабақтарды
өткізу
қарастырылған. Олар пәнді тереңірек меңгеруге бағытталған. Тәжірибелік
сабақтар білім алушының алған білімдерін тәжірибелік есептерді шешу
барысында қолдануда мүмкіндік берерде ерекше орын алады.
Тәжірибелік сабақ дәріс сабағында алған білімдерін тереңдетуге,
білімдерді нақтылай шешуде және кәсіптік қызметте шеберлігін шыңдауға
септігін тигізеді. Олар ғылыми ойлау мен сөйлеуді дамытады, білім
алушылардың білімдерін тексеруге көмектеседі.
Тәжірибелік сабақтарда мынадай міндеттер шешіледі:
-
Ойлаудың кәсіби шығармашылығын дамыту;
-
Тиісті ғылымның тілін жетік меңгеру;
-
Интеллеутуалды мәселелер мен міндеттерді шешуде білімдерін дұрыс
игере білу;
-
Білімдерін бекіту мен қайталау.
Тәжірибелік сабақтарды өткізу барысында бірігіп жұмыс істеу
принципті жүзеге асырылады. Ойлау процесі мен білімдерін игеру жеке
емес, ұжым болып жұмыс істеу барысында тиімдірек болады.
3.1 Тақырып 1. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі
Сұрақтар
1 Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
2 Еңбек құқығының пәні
3 Еңбек құқығының әдісі
4 Еңбек құқығының жүйесі
5 Еңбек құқығының функциялары
6 Еңбек қатынастарының түсінігі және түрлері
Әдістемелік нұсқама
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнін оқу үшін ең алдымен
бұл пәннің атауын және еңбекпен байланысты құқық салаларының
атауларын меңгеріп алуымыз қажет. Соныдықтан да, ең алдымен «еңбек»
дегеніміз не және оның қоғамдағы рөлін анықтап алуымыз қажет. ҚР Еңбек
кодексінің 1 бабында еңбек ұғымына мынадай анықтама берілген: «Еңбек –
материалдық және рухани игіліктерді жасауға бағытталған адамның
мақсатты қызметі».
Еңбек құқығының пәні болып еңбекті қоғамдық ұйымдастырудағы
жұмыскерлердің
еңбектерін
ұйымдастыру
бойынша
қоағмдық
қатынастарының жалпы кешені танылады. Пәнді меңгеру барысында еңбек
қатыастарының ұғымын, қоғамдағы өндірістік қатынастармен байланысын,
оның аралас азаматтық қатынастардың пәнінен еңбек қатынастарының
пәнінің айырмашылығын білу қажет.
50
Еңбек құқығының әдісін еңбекті құқықтық реттеудегі тәсілдер кешені
ретінде игеру барысында, оның құқық нормасы арқылы көрінетінін және
өзінің ерекшеліктері бар екенін түсіну қажет. Осыдан келе, әдістің қандай
тәсілдерден тұратынын анықтау қажет.
Еңбек құқығының пәнін, әдісін меңгере келе, енді оның жүйесіне
көңіл бөлуіміз керек. Еңбек құқығының жүйесі дегеніміз құқықтың сол
саласының құрылымы мен мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін
құрайтын құқықтық нормалар жиынтығы.
Тақырыпты толық меңгеру үшін Қазақстан Республикасының
конституциясын және ҚР еңбек кодексін қараңыз.
Әдебиет: 1; 10-16 б.; 2, 8-21 б.; 3; 4
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың түсінігі.
2 Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құрамдас элементтері.
3 Еңбек құқығының мәндік белгілері.
4 Еңбек құқығы пәнін еңбекті қолдануға (мердігер, тапсырма, т.б.)
байланысты азаматтық-құқықтық қатынастардан шектеп бөлу.
5 Еңбек және қызметтік-құқықтық қатынастардың әкімшілік
құқықтағы бірлігі және арақатынасы.
6 Еңбек құқығы әдісінің түсінігі және ерекшелігі.
7 Еңбек құқығы әдісінің негізгі элементтері мен көрініс табу
нысандары.
8 Еңбек құқығының жүйесі.
3.2 Тақырып 2. Еңбек құқығының қағидалары
Сұрақтар
1 Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі, олардың мәні
2 Еңбек құқығы қағидаларының жіктелуі, мазмұны
3 Еңбек құқығының конституциялық қағидалары
4 Еңбек құқығының салалық қағидаларының сипаттамасы
Әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеруге көшпес бұрын, ең алдымен құқықтық
принциптер ұғымын анықтап алуымыз қажет. Еңбек құқығының принципі
дегеніміз негізге алынатын, бастаушы бастама, ол осы саланың және оның
институттарының құқықтық нормаларының мәні мен ішкі үйлесімділігін
білдіреді. Принцип еңбек құқығы жүйесінің негізге алынатын элементі
ретінде заңнамада міндетті түрде көрсетіліп, бекітілуге тиіс. Бұл жағдайда
ол құқықтық принципке айналады.
Еңбек құқығының принциптерін оқу барысында оның жалпы, салалық
және салааралық принциптерінен ажырата білуіміз қажет. Еңбек құқығының
салааралық принциптері Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 4
51
бабында берілген және бұл принциптерді толық түсіну үшін Қазақстан
Республикасының еңбек кодексіне түсініктемесін қарауға болды
(Комментарии к Трудовому кодексу РК. Под ред. Сапарбаева Б.М. Астана
2008.).
Әдебиет: 1; 10-16 б.; 2, 74-89 б.; 3; 4; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбек құқығы принциптерінің түсінігі.
2 Еңбек құқығы принциптерінің жіктелуі.
3 Еңбек құқығының салалық принциптерінің сипаттамасы.
4 Еңбек құқығы қайнар көзінің ұғымы.
5 Еңбек заңнамасының жүйесі.
6 Еңбек құқығы қайнар көзінің негізгі түрлері және олардың
сипаттамасы.
3.3 Тақырып 3. Еңбек құқығының субъектілері
Сұрақтар
1 Еңбек құқығының субъектілерінің түісінігі мен түрлері.
2 Еңбек құқығы субъектілерінің еңбектік құқық субъектілігі, оның
құқық және әрекет қабілеттілігі.
3 Жеке тұлға еңбек құқғының субъектісі ретінде.
4 Жұмыс беруші еңбек құқығының субъектісі ретінде.
5 Кәсіптік одақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде.
6 Мемлекет еңбек құқығының субъектілері. Олардың еңбек
қатынастарға қатысуының нысандары.
Әдістемелік нұсқама
Бұл тақырыпты оқу үшін оның субъектілерінің ұғымын, түрлерін және
олардың әрқайсысының құқықтық мәртебесін білуіміз қажет.
Еңбек құқығының субъектісі дегініміз бұл еңбек қатынастарымен
реттелетін, еңбек құқықтары мен сәйкесінше заңды міндеттерді иемденетін
қоғамдық қатынастардың қатысушылары.
Еңбек құқығының субъектілері болып: еңбекке қабілетті азаматтар,
жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар, әр деңгейдегі әлеуметтік әріптестіктер
және мемлекеттік органдар танылады.
Тақырыпты толық меңгеру үшін міндетті түрде ең алдымен Қазақстан
Республикасының еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының еңбек
кодексінің түсініктемесін және Қазақстан Республикасының «Кәсіптік
одақтар туралы» заңын басшылыққа алуыңыз қажет.
Әдебиет: 1; 45-68 б.; 2, 118-134 б.; 3; 4; 13; 14; 15; 18
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбек қатынастарының субъектілері ұғымы және сипаттамасы.
1 Халықты жұмыспен қамту дегеніміз не?
2 Азаматтардың жұмыспен қамтылу саласындағы құқықтары.
52
3 Жұмыссыздарға әлеуметтік кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу.
3.4 Тақырып 4. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт
Сұрақтар
1 Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі.
2 Әлекметтік әріптестік мақсаттары, қағидалары, жүйесі, нысандары.
3 Әлеуметтік әріптестік тараптары. Әлеуметтік әріптестіктің мазмұны.
4 Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру және келісімдер жасау тәртібі
5 Ұжымдық шарт ұғымы мен тараптары.
6 Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы.
7 Ұжымдық келіссөздер жүргізудің, ұжымдық шартты әзірлеу мен
жасасудың тәртібі.
8 Ұжымдық шарттың орындалуы және тараптардың жауапкершілігі.
Әдістемелік нұсқама
Студенттер бұл тақырыптарды оқу барысында өткен тақырыптарға
нақтырық айтатын болсақ, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі
әдістерге, еңбек құқығының қайнар көздерінің ерекшеліктеріне, соынмен
қатар, кәсіптік одақтардың жұмыскердердің мүдделерін қорғауға қатысуын
сүйенулері қажет.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 1 бабына сәйкес,
«әлеуметтік әріптестік – бұл жұмыскерлер жұмыскерлердің өкілдері, жұмыс
берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар
арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де
қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді
қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі». Ал ұжымдық шарт
- ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлер ұжымы мен
жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Тақырыпты меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек
кодексінің 4 бөлімін қараңыз.
Әдебиет: 1; 123-139 б.; 2, 141-154 б.; 3; 4; 6; 7; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Әлеуметтік әріптестік дегеніміз не?
2 Әлеуметтік әріптестік принциптері мен міндеттері.
3 Әлеуметтік әріптестік түрлері.
4 Ұжымдық шарт ұғымы.
5 Ұжымдық шарттың еңбек шартынан өзгешілігі.
6 Ұжымдық шарттың тараптары кімдер?
7 Ұжымдық шарттың мазмұнына қандай жағдайлар кіреді.
8 Ұжымдық шарттың орындалу тәртібі.
53
3.5 Тақырып 5. Еңбек шарты
Сұрақтар
1 Еңбек шартының ұғымы, тараптары.
2 Еңбек шартының мерзімі, мазмұны.
3 Еңбек шартын жасасу тәртібі.
4 Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі және түрлері. Басқа жұмысқа
ауыстырудың жағдайлары мен тәртібі.
5 Еңбек шартын тоқтату және бұзу.
6 Еңбек кітапшасы.
7 Жұмысқа қабылдауды ресімдеу.
8 Маусымдық жұмыскерлермен, үй жұмыскерлермен және үйде
жұмыс істейтін жұмыскерлермен еңбек шартын
9 Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлермен еңбек шартын
жасау
10 Халықтың әлеуметтік-қорғалмаған санаттарымен еңбек шартын
жасасу
11 Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың
еңбегін реттеу ерекшеліктері
12 Қоса атқаратын жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегін реттеудің
ерекшеліктері
13 Азаматтық қызметшілердің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқама
Бұл тақырыпты меңгеруді еңбек ету бостандығын көздейтін Қазақстан
Республикасының Конституциясының 24 бабынан бастаған жөн. Яғни:
«Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына
құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда
немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi» - деп атап көрсетілген.
Еңбек шарты еңбек құқығында маңызды роль атақарады. ҚР Еңбек
кодексінің 1 бабына сәйкес, еңбек шарты – бұл жұмыскер мен жұмыс
берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір
жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің
ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген
еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, ҚР Еңбек кодексінде, Қазақстан
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде,
ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын
қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы
төлеуге міндеттенеді.
Бұл нормалар Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 2
бөлімінің 4 тарауында бекітілген.
Әдебиет: 1; 130-167 б.; 2, 193-244 б.; 3; 4; 6; 9; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбек шартының ұғымы.
54
2 Еңбек шартының мазмұны.
3 Еңбек шартын тоқтату мен бұзудың негіздері.
4 Еңбек шартында қандай ережелер мiндеттi болып табылады?
5 Еңбек шарты қандай мерзiмге жасалуы мүмкiн.
6 Маусымдық жұмыскерлер ұғымы.
7 Үй жұмыскерлері мен үйде жұмыс істейтін жұмыскерлердің
ерекшеліктері.
8 Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлермен жеке еңбек
шартын жасасу ерекшеліктері
.
3.6 Тақырып 6. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
Сұрақтар
1 Жұмыс уақытының түсінігі және оның белгілері.
2 Жұмыс уақытының түрлері.
3 Жұмыс уақытының режимі. Жұмыс аптасының, жұмыс
ауысымының, жұмыс күнінің түсінігі және түрлері. Ауысым кестесі.
4 Үстеме жұмыстар. Жұмыскерді үстеме жұмыстарға тарту.
Жұмыскерді түнгі жұмыстарға тарту.
5 Жұмыс уақытының есебі.
6 Тынығу уақытының түсінігі және түрлері.
7 Тынығу уақытының түрлеріне жалпы сипаттама:
7.1 Тынығу және тамақсаныға берілетін үзіліс;
7.2 Арнайы демалыстар;
7.3 Демалыс және мереке күндері;
7.4 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
7.5 Әлеуметтік демалыстар: жүктілігі және босануы бойынша
демалыстар, үш жасқа дейін баласы бар әйелдерге жалақысы сақталмайтын
қосымша демалыс беру, оқу демалысы.
Әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеру барысында ең алдымен осы екі ұғымға тоқталып
кетейік. Жұмыс уақыты - жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және
еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт,
сондай-ақ ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де
уақыт кезеңдері ал тынығу уақыты - жұмыскердің еңбек міндеттерін
орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты (ҚР ЕК
1 б.).
Жұмыскер еңбек міндеттерін жұмыс уақытынын ішінде орындауға
міндетті. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес
жұмыс уақыты болуы мүмкін. Бұл жұмыс уақытының ұзақтығы аптамен
белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс
ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан,
апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма
55
24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс. Алты күндік жұмыс аптасы
кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық
норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6
сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.
Еңбек кодексіне сәйкес тынығу уақытының мынадай түрлері
бекітілген: 1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға
және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер; 2)
күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 3) демалыс күндері (апта сайынғы
үздіксіз тынығу); 4) мереке күндері; 5) демалыста.
Студенттерге Қзақастан Республикасының еңбек кодексінің 7 және 8
бөлімінің нормаларын білулері қажет.
Әдебиет: 1; 248-269 б.; 2, 269-288 б.; 3; 4; 6; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Жұмыс уақытының түсiнiгi.
2 Жұмыс уақытының түрлерi.
3 Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы.
4 Толық емес жұмыс уақыты.
5 Мерзiмiнен тыс жұмыстар дегенiмiз не?
6 Тынығу уақытының түсінігі
7 Тынығу уақытының жалпы сипаттамасы
3.7 Тақырып 7. Жалақы. Жұмыскерлерге кепілдіктер беру мен
өтемақылар төлеу
Сұрақтар
1 Жалақының түсінігі және еңбегі үшін көтермелеулердің басқа да
түрлерінің айырмашылығы.
2 Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері.
3 Жалақының минималды шегі. Ең төменгі жалақы, өмір сүру деңгейі,
айлық есептік көрсеткіштің айырмашылығы.
4 Жалақының нысаны мен ақы төлеу жүйесі.
5 Қалыпты еңбек жағдайынан ауытқыған жағдайда еңбекке ақы төлеу:
үстеме, демалыс және мереке күндері, түнгі жұмыстар.
6 Жұмыскерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу тәртібі.
7 Қызметтік іс сапарда жүрген кезде және ұйыммен бірге басқа
аймаққа ауысқан кезде төленетін өтемақылық төлемдер.
Әдістемелік нұсқама
Студенттер жоғарыда көрсетілген тақырыптарға байланысты жалақы
дегеніміз не, оның басқа заңнамада көзделген төлемдер мен қосымшалардан
қандай айырмашылықтары бар екенін білулері қажет.
«Еңбекақы» категориясының мазмұны екі аспектіні анықтайды:
экономикалық және құқықтық. Экономикалық ұғымда еңбекақы жұмыс
күшінің бағысы мен құнын білдіреді. Ал құқықтық категория ретінде
56
еңбекақы
-
жұмыскердің
біліктілігіне,
орындалатын
жұмыстың
күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін
төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы
төлемдер (ҚР ЕК 1б.).
Студенттер еңбекақыны кеплілдіктер мен өтемақы төлемдерінен
ерекшелейтін элементтеріне назар аударулары тиіс. Өтемақы төлемдері -
жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан
айрылуына, жұмыскерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына
байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;
ҚР Еңбек кодексінің 149 бабынан 159 бабы аралығында
жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен өтемақы түрлері қарастырылған.
Осы аталғанды толық меңгеру үшін Қазақстан Республикасының
еңбек кодексінің 10 және 13 бөлімдерін қараңыз
Достарыңызбен бөлісу: |