Әдебиет: 1; 201-234 б.; 2, 297-332 б.; 3; 4; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Жалақы түсiнiгi және оның айрықша белгiлерi.
2 Жалақы төлеу тәртiбi және орны.
3 Жалақы жүйесiне анақтама берiңiз.
4 Кепiлдiктер өтемақылар дегенiмiз не?
5 Кепiлдiк өтемақылардың негiзгi түрлерiн атаңыз.
3.8 Тақырып 8. Еңбекті қорғау
Сұрақтар
1 Еңбекті қорғау түсінігі мен қағидалары.
2 Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару.
3 Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету. Еңбекті қорғауды қамтамасыз
ететін ұйымдастырушылық-өндірістік нысандары: еңбекті қорғау және
өндірістік санитария шараларын жоспарлау және қаржыландыру, дәрігерлік
қайта куәландыру, жұмыскерлерді үнемі тексеруден өткізу, еңбекті қорғау
және өндірістік санитария ережелері бойынша жұмыскерлерді оқыту, жеке
қорғану үшін қажетті заттармен қамтамасыз ету.
4 Өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу
жағдайлары.
5 Жұмыскердің еңбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері.
6 Еңбек тәртібінің ұғымы.
7 Еңбектегі табыстар үшін көтермелеу.
8 Тәртіптік жазалар қолдану мен оған шағым жасау тәртібі.
Әдістемелік нұсқама
57
Бұл тақырыпты оқуды еңбекті қорғау институтының мазмұны жөнінде
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 5 бөлімінде бекітілген
нормалардан бастаған жөн.
Тақырыпқа дайындалу барысында құқықтық нормалар міндеттерін
ашып көрсететін талдау жасау қажет. Бұлар жұмыскерлердің еңбек
процесіндегі өмірі мен денсаулықтарын қорғаудағы тиісті еңбек
жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайлар.
Студенттерге еңбекті қорғау нормасы - бұл құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық,
емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды
қамтитын, еңбек қызмет процесінде жұмыскерлердің өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі екендігін анықтап
алған жөн.
Студент бұл институттың негізгі заңдардан – конституциялық
нормалардан, сондай ақ заңға бағынышты актілерден – ереже,
нұсқаулықтардан тұратынын білген жөн.
Аталған
нормаларды
толығымен
игеру
үшін
Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінің 5 бөлімін қараңыз.
Әдебиет: 1, 233-245 б.; 2, 397-414 б.; 3; 4; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбектi қорғауға анықтама берiңiз.
2 Еңбектi қорғау туралы заңнаманы не құрайды?
3 Еңбектi қорғауға қадағалау мен бақылауды кiм жүзеге асырады?
4 Еңбектi қорғау үшiн қандай жауапкершiлiк көзделген?
5 Еңбек тәртiбiнiң түсiнiгi және мәнi.
6 Iшкi еңбек тәртiбi.
3.9 Тақырып 9. Еңбек даулары
Сұрақтар
1 Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі: жеке және ұжымдық.
2 Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері.
3 Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау. Келісім
комиссиясының құқықтық мәртебесі. Жеке еңбек дауларын сотта қарау.
Еңбек даулары бойынша шешімдерді орындау.
4 Ұжымдық еңбек дауларын қараудың негізгі қағидалары. Ұжымдық
еңбек дауларын қарайтын органдар (келісім комиссиясы, еңбек төрелігі).
Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі. Ұжымдық еңбек дауларын қарау
жөнінде келісім комиссиясы және еңбек төрелігінің өкілеттігі.
5 Материалдық жауапкершілік ұғымы және оған тартудың шарттары
6
Жұмыскерге жарақаттанудан немесе өзге де денсаулығы
зақымдалуынан зиянды өтеу.
58
Әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеру барысында заңмен қорғалатын мүдделердің -
материалдық екендігін және оның еңбек құқығының нормаларымен
байланысты екендігіне назар аудару қажет.
Еңбек дауларының туындау неіздері еңбек және өзге де қатынастар
шеңберіндегі жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтары жөніндегі
құқық бұзушылықтар екені белгілі.
Енді оның заңда белгіленген анықтамасына тоқталатын болсақ, «еңбек
дауы» - бұл Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану,
келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс
беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша
жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің)
арасындағы келіспеушіліктер (ҚР ЕК 1б.).
Еңбек дауларын құқық қатынастарының түрі және даудың сипаты мен
нысаны бойынша бойынша жіктеуге болады. Құқық қатынастарының түрі
бойынша еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын жеке еңбек даулары
және еңбек ұжымы мен жұмыс берумен арасында туындаған ұжымдық
еңбек даулары болып екіге бөлінеді. Еңбек даулары тараптардың келісімі
бойынша немесе сот тәртібімен қаралады.
Тақырыпты меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек
кодексінің 15 және 32 бөлімдерін қараңыз.
Әдебиет: 1, 246-254 б.; 2, 377-391 б.; 3; 4; 8; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбек дауларының түсiнiгi.
2 Ұжымдық еңбек даулары.
3 Жеке еңбек даулары.
4 Жауапкершiлiктiң түсiнiгi.
5 Жауапкершiлiктiң түрлерi.
3.10 Тақырып 10. Халықаралық еңбек құқығы. Жақын және алыс
шел елдерде еңбекті құқықтық реттеу
Сұрақтар
1 Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеу пәні, әдісі және қағидалары.
2 Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің субъектілері.
3 Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және
олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропалық одақ, ТМД
актілері).
4 Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары,
еңбектің аумақтық стандарттары).
5 Нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек саласындағы адамның
негізгі құқықтары мен босандықтарын қорғау.
6 Шетелдердің еңбек құқығының түсінігі және пәні.
59
Әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеру үшін алдымен халықаралық еңебек құқығының
пәнін, әдісін, және приниптерін анықтап алу қажет. Халықаралық еңбек
құқығының субъектілерін. Халықаралық еңбек құқығының қайнар көздері
болып ББҰ, ХЕҰ, Еуропа кеңесінің, Еуропа одағының, ТМД актілері
танылады.
Студенттер тақырыпты меңгеру үшін жоғарыда аталған актілерді
басшылыққа алулары қажет.
Әдебиет: 1; 2, 448-464 б.; 3; 4; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Халықаралық еңбек құқығының ұғымы мен субъектілерін атаңыз.
2 Халықаралық еңбек құқығының қайнар көздері.
3 Нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек саласындағы адамның
негізгі құқықтары мен босандықтарын қорғау.
4 Шетелдердің еңбек құқығының түсінігі және пәні.
60
4 Тәжірибелік есептер шағару
4.1 Есептер шығару 1 –ден 10
Есеп 1
Азаматша Қалқаманова М.А. Қостанай қалысының №8 орта
мектебінде 1990 жылдан мұғалім болып қызмет істейді. 2015 жылы оның
зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мектеп директоры онымен еңбек
шартын тоқтатуды талап етеді.
Мектеп директорының талабы заңды ма?
Қызметкерге сол қызметте әрі қарай істей беруге бола ма, жоқ әлде
зейнеткер ұстаздардың сол еңбек ұжымында жұмыс істеуін
шектейтін қандай да бір заң нормасы бар ма?
Есеп 2
Экономист Сагидуллинды жұмысқа алу барысында жұмыс беруші
одан келесі құжаттарды сұрайды: төлқұжат, тиісті білімін растайтын құжат,
үй кітапшасын, бұрыңғы жұмыс орнынан мінездеме, денсаулығы туралы
құжат.
Жұмыс берушінің айтылған құжаттарды талап етуі заңды ма және
Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартын
жасасқан кезде қандай құжаттар талап етілуі тиіс?
Есеп 3
Төлеби атындағы мектеп интернатының тәрбиешісі Омарова,
интернатқа келіп түскен балаларға арналған төсек бұйымдары мен басқа да
керек-жарақ заттарды қабылдайды. Олардың бір бөлігін үйіне жеке
пайдалануына алып кетіп, сол әрекеті үшін жұмыстан шығарылады.
Сот отырысында талапкер Омарова, «ол төсек бұйымдарын ұрлау
туралы еш ой болған жоқ, тек оны пайдаланып, белгілі бір уақыттан кейін
ол заттарды орнына қоямын деп ойладым» деп жауап береді.
Жұмыс берішінің оны жұмыстан шығаруы заңды ма?
Есептің жауабын Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің
нормаларына негіздеңіз.
Есеп 4
20 қазанда Сарбаев Қостанайдағы жылу беретін мекемесінде от
жағушы болып жұмысқа қабылданды. 15 сәуірде жылу беретін маусымның
бітуіне
байланысты
жұмыстан
шығарылды.
Сарбаев
жұмыстан
шағарылғандығына қарсылық білдірмеді, бірақ ол демалыс жәрдемақысы
мен пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысына өтемақы талап етті.
61
Сарбаев маусымдық қызметкер болып табыла ма?
Есеп 5
Қабдрашев пен Төлебаевты «Красный мак» АҚ әкімшілігі экономист
және кассир ретінде жұмысқа қабылдау барысында келесі құжаттарды талап
етті: жеке басын куәландыратын құжат; еңбек кітапшасын; Жоғары оқу
орнын бітіргені туралы дипломын; мендициналық анықтамасын; бұрынғы
жұмыс орнынынан мінездеме.
Әкімшіліктің Қабдрашев пен Төлебаевтан талап еткен құжаттары
заңды ма?
Жауап беру барысында ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сілтеме
жасаңыз.
Есеп 6
Арманова А. аудандық 11 жылдық отра мектепте - 1989 жылдан
аудандық оқу бөлімінің жіберуімен келіп, ауырғанша үзбей жұмыс істеді.
Ауырған себебі - мектеп өте суық, кабинетінде қыста 5 - 8 градусқа дейін
барады. Арманова жұмыстан босатыңыз деп өтініш жазбаған, бірнеше ай
ауырып ІІ топ мүгедегі тағайындалды. Оны дәлелдейтін МӘС -тің
анықтамасы бар. Мектептің бұрынғы директорына мүгедектік анықтамасы
берілген.
Осы ауру - аллергиялық бронх демікпесі – кәсіптік ауруға жата ма?
Мектеп директоры (басқа адам) оған қайта жұмысқа қабылдағандай
қарап, жұмысқа алғысы келмейді. Осы заңға сәйкес пе?
Мәселені шешіңіз. Қандай органга жүгіну керек?
Есеп 7
Темір өңдеу зауытына жұмысқа тұруға мынадай азаматтар өтініш
білдірді: 9 сынып бітірген 14 жасар жасөспірім, официер, бұрын колхозда
істеген қызметкер, жоғары оқу орнын бітіріп, инженер-технолог
лауазымына жіберілген жас маман. Олардың барлығы, бұған дейін жай
жұмысшы болып қызмет атқармаған.
Жоғарыда аталған тұлғалар жұмысқа қабылдану барысында қандай
құжаттар әкелуі тиіс.
Оларды жұмысқа қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?
Бірінші рет жұмысқа қабылданып отырған қызметкерге еңбек
кітапшасы қанша күнде толтырылуы тиіс, және ол қайда сақталуы тиіс.
Сонымен қатар, еңбек кітапшасында қандай мәліметтер жазылады?
62
Есеп 8
Арқалық қалалық Прокуратурасы ұйымдарды кезекті тексеру
барысында мынадай фактілерді анықтады:
а) «Калибр» зауытында ерлі-зайыты Мамыровтар жұмыс істейді: ері -
цехтың бастығы, зайыбы - медпункттің меңгерушісі;
б) «Қазақстан» концерт залында ерлі-зайыты Сарбаевтар жұмыс
істейді: ері - дирежер, зайыбы – бас администратор;
в) дәріханада ерлі-зайыты Адамовтар жұмыс істейді: ері - басқарушы,
зайыбы – дайын препараттар бөлімінің фармоцевті;
г) Университтің органикалық химия кафедрасында профессор
Литвинов меңгерушілік етеді, осы кафеданың оның апасы Лимонова доцент
ретінде қызмет істейді
Аталған жағдайларда, аталған тұлғалар арасында туыстық
қатынас негізінде жұмыс істеуге жол беріледі ма?
Есеп 9
Маман болып қызмет істеп жүрген Арыкбаев 2009 жылы 20 маусымда
Әскер қатарына шақырылады. Оның орнына Галымов жұмысқа
қабылданады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Арыкбаев 2009
жылы 10 тамызда қайтып келуіне байланысты, бұрынғы жұмыс орнына
қайтып алуын талап етеді. Мекеме әкімшілігі Галымов өзіне жүктелген
еңбек міндеттерін жақсы меңгеретіндігін басшылыққа алып, Арыкбаевты
жұмысқа қайта алудан бас тартады. Арыкбаев бұрынғы жұмысына қайта
алуын талап етіп, прокурорға жүгінеді.
Дауды шешіңіз.
Есеп 10
№ 5 автопаркіне Тимофеев жеңіл автокөліктің жүргізушісі болып
жұмысқа қабылданады. Автопарктің бұйрығымен автобус жүргізушісі
ретінде қызметке ауыстырылады. Тимофеев автобус жүргізушісі болудан
бас тартады.
Тимофеевтің ұсынылған бас тартуы заңды ма?
Тимофеевті басқа жұмысқа ауыстыру заңды ма?
4.2 Есептер шығару 11-ден 20
Есеп 11
Қалалық тұрмыстық қызмет көрсету орталығы директорының
бұйрығымен 20 қаңтарда №29 шаштаразының ерлер жас үлгісінің мастері
63
Омарова қаланың басқа ауданында орналасқан №15 шаштаразына
ауыстырылды. Омарова басқа жұмысқа ауысудан бас тартып, қалалық сотқа
бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыруды талап етіп сотқа жүгінеді.
Талап арызында ол №15 шаштаразға баруға көп уақыт кететіндігімен
түсіндіреді.
Басқа жұмысқа ауыстыру қаншалықты заңды?
Есеп 12
Елесеева қалалық көгалдандыру ұйымында аграном болып қызмет
атқарады. Ұйым әкімшілігі өзінің бұйрығымен Елесееваны қалалық
көгалдандырылған алаңды жинау жұмысына ауыстырады. Бұрақ, Елесеева
ол жұмыстан бас тартқаны үшін, жұмыстан шығарылады.
Әкімшіліктің шешімімен келіспеген ол қалалық сотқа жұмысқа қайта
алуын талап етіп жүгінеді?
Басқа жұмысқа ауыстыру заңда ма?
Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
Есеп 13
Университеттің
оқытушысы
Скляров
жұмыс
орнында
бір
қызметкермен туындаған даудың салдарынан, жұмыстан босатуын талап
етіп жұмыс әкімшілігіне жүгінеді. Сол күні Скляровті жұмыстан өз еркімен
босату туралы бұйрық шығарады. Бұйрық шығарылғаннан кейін, 2 күннен
кейін Скляров арызын қайтып алуын өтінеді. Бірақ оған университет
әкімшілігі қарсы болады.
Кімнің әрекеті заңды?
Дауды шешіңіз.
Есеп 14
Жеке кәсіпорын жұмысқа ӘЖК, СТН-і, шетелдік паспорты бар,
Қазақстан азаматтығына өтініш жазып тапсырған, Қазақстанға есептен
шығып, көшіп келген азаматты жұмысқа қабылдай ала ма?
Жұмысқа қабылдау ресімі қалай жүзеге асырылады?
Шетел азаматтарын жұмысқа қабылдаудың қандай ерекшеліктері
бар?
Есеп 15
Жарнамалық агенттікте жұмыс істеймін Анастасия Сидрованың еңбек
шартында жұмысқа кешіккені үшін қаржылай тәртіптік жаза қолдану
көзделген.
Осы норма қаншалықты заңды?
64
Жауабыңызды
Қазақстан
Республикасның
еңбек
кодексінің
нормаларына сүйене отырып беріңіз.
Есеп 16
Койбагарова Ж. мектете программист болып жұмыс жасайтын. 2008
жылы туберкулездің ашық түрімен ауырып 9 ай ем алдып ауруанада
жатады. Койбагарова Ж. жаңа оқу жылының басында қайтадан жұмысқа
оралғысы келеді.
Оны жұмысқа алу заңды ма? Мектеп директорына мәселені шешуге
көмектесіңіз.
Есеп 17
«Книппер» АҚ программисті Болатов наурыз айында қосымша ақы
талап етті. Өзінің арызында ол кетсе бойынша 9 дан 18 ге дейін жұмыс істеу
керек, ал шын мәнінде 9 дан 19 ға дейін жұмыс істеген. Жұмыстан шығар
алдында барлық коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын
құжаттарды сақтауға тапсырған. Сонымен қатар, 2 рет тапсырылған
бағдарламаны уақытында тапсыру үшін жұмыс орнында сағат 23.00 ге дейін
қалған. Қорыта келе, наурыз айында істеген қосымша қызметі 18 сағатты
құраған. Болатовты сонымен қатар, дүйсенбі сайын жұмыс орнына 15
минутқа ерте келуін міндеттеген (жұмыстың басталуына дейін,
қызметкерлерге инструкциялық жиналыс өткізу үшін).
Жұмыс әкімшілігі Болатовқа қосымша атқарған қызметі үшін ақы
төлеуден бас тартады. Себебін, жалақысының онсызда жоғары көлемде
екендігімен түсіндіреді. Дауды шешіңіз.
Есеп 18
Қостанай қаласының «Больщевичка» ұйымының ұжымдық шартының
мазмұнында еңбек тәртібін бұзған, яғни жұмысқа кешігіп келген немесе
жұмыс орнында 3 сағатқа дейін болмаған қызметкерлерге еш ақы төленбей
үстеме жұмыстарға тартылады деп көзделген.
Ұжымдық шарттың талаптары заңды ма?
Есеп 19
Тоқыма фабрикасының қызметкері 2015 жылдың 20 маусымынан 28
күнге кесте бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демаласына
шағады. Маусымның 29-ынан 2 аптаға денсаулығына байланысты қалалық
ауруханада жатады.
Жыл сайынғы еңбек демалысын ары қарай жалғастыру қалай жүзеге
асырылады? Дауды шешіңіз.
65
Есеп 20
«Васточное» ЖШС директоры шикізаттың бітуіне байланысты,
қызметкерлерін 20 күнге созылатын ақы төленбейтін еңбек демалысына
шығарылатындарын жариялады. Қызметкерлерінің көп бөлігі, оларға
онсызда 2 айдың жалақысы төленбегенін айтып қарсылық білдірді. Басқа
қызметкерлер егер сол уақытқа орташа жалақысы сақталатын болса,
демалысқа шығуға келісті.
Директордың әрекеті заңды ма? Қызметкерлер, жұмыс берушіден
жалықысы сақталмайтын демалысқа ақы төлеуді талап етуге құқығы бар
ма?
4.3 Есептер шығару 21-ден 30
Есеп 21
№ 5 автопаркіне Тимофеев жеңіл автокөліктің жүргізушісі болып
жұмысқа қабылданады. Автопарктің бұйрығымен автобус жүргізушісі
ретінде қызметке ауыстырылады. Тимофеев автобус жүргізушісі болудан
бас тартады.
Тимофеевтің ұсынылған бас тартуы заңды ма?
Тимофеевті басқа жұмысқа ауыстыру заңды ма?
Есеп 22
Маратова С-ның. «Жайлау» ЖШС 3 жыл істеген еңбек өтілі бар.
Маратова жұмысқа кезекті бала күту демалысынан 2011 жылдың 4
мамырында шыққан, жұмысқа шықанына 6 айдан асты. Енді 9 қарашадан
кезекті жыл сайынғы еңбек демалысымды алайын десем 15 күн ғана ала
аласың деп 1 айға рұқсат бермеді.
Осы заңды ма? 6 айдан асқан соң жыл сайынғы еңбек демалысымды
толық алуға болмай ма? Мәселені шешіңіз.
Есеп 23
«Амир» ЖШС қызметкері Балабаева А. баласының күтіміне
байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шыққан болатын. Бірақ,
Балабаева баласы 1 жасқа толғаннан кейін жұмысқа шығуға ниет білдіріп
отыр.
Жұмыс беруші оны баласы 3 жасқа толғанға дейін баласын күтіп
бағуға арналған жалақысы сақталмайтын еңбек демалысна өтініш жазуына
байланысты оны жұмысқа қабылдаудан бас тартып отыр.
66
Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? Мәселеі Еңбек кодексінің
нормаларымен шешіңіз.
Есеп 24
Кәсіпорын қызметкері Аманбаев жұмыс берушінің келісімімен 1 апта
өзінің өтініші негізінде жалақысы сақталмайтын демалыста болды.
Демалыс уақыты біткеннен кейін денсаулығының науқастығына
байланысты тағы да 1 апта еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде
ауруханаға болады.
Содан кейін, Аманбаев жұмыс берушінің шақыртуымен еңбекке
уақытша жарамсыздық парағының уақыты біткеннен күні (дүйсенбі күні)
жұмыс орнына шақыртылады. Жұмысқа келген Аманбаевқа кәсіпорын
директоры жұмысты себепсіз қалдырдың деп «қатаң сөгіс» жариялап
қойыпты.
Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? Оған сөгіс жариялау үшін
жұмыс берушіде қандай негіз болуы қажет?
Есеп 25
Турина А. 10 айдан астам уақыт жеке меншік оқу орнында филология
кафедрасында лобарант болып қызмет істеген. Оқу орнының әкімшілігі оған
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін өтемақыны төлеуден бас
тартып отыр. Әкімшіліктің айтуы бойынша: «бізде тек мұғалімдер ғана
мұндай өтемақы алады» дейді. Маған мүлде мұндай өтемақы төлеуден бас
тартып отыр. Және олар Туринаға өз еркімен жалақысы сақталмайтын еңбек
демалысына шығуға өтініш жаз деп талап қойып отыр.
Жалақысы сақталмайтын еңбек демалысының мерзімі қандай?
Жұмыс берушінің талабы заңды ма?
Егер заңсыз болса, осы мәсенені шешу жолдарын қарастырыңыз.
Есеп 26
Арқалық қалысының орта оқу орнында (колледж) жұмыс істейтін
кітапханашыға жыл сайын берілетін еңбек демалысы қанша күнге беріледі?
Сұрақты заңнама нормаларына сүйене отырып шешіңіз.
Есеп 27
Келісім комиссиясына мынадай арыз түсті: «Біз жүк тасушылар болып
жұмыс істейміз. Жұма күні үзіліс уақытында кәсіпорын территориясында
көлік жүргізушісіне спирт ішімдігін бердік, бірақ өзіміз оны ішуге
қатысқанымыз жоқ. Көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, ал біз болсақ,
жұмыс күнінің екішкі бөлігінде қызметке кіріспедік. Мәжбүрлі іркіліс
67
салдарынан бізге жексенбі күні жұмыс істеуге тура келді. Іркіліс уақытына
ақы төлеуді; жексенбі күнге демалыс беруді немесе оны жыл сайынғы
ақылы демалысқа қосуын сұраймыз»
Дауды шешіңіз.
Есеп 28
Сартпаев А.Е. «Артур и К» бас маман болып қызмет атқарады. Ол
денсаулығының нашарлауына байланысты жұмыс берушіден оған еңбекке
уақытша жарамсыздығына байланысты демалысқа шығуын талап етеді.
Бірақ жұмыс беруші Сартпаевқа ол демалыстың тым ұзақ екендігімен
түсіндіріп, егер ол еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты
демалысқа шығатын болса, онымен «еңбек шартын бұзамын деп» қарсы
болады.
Сартпаев
еңбекке
уақытша
жарамсыздығына
байланысты
демалысқа шығуына құқығы бар ма? Мұндай демалыстың ұзақтығы
қанша?
Ол уақытқа төлемақы қалай жүргізіледі?
Есеп 29
Жұмыс беруші, жұмысшыны ақысыз демалысқа жібіре отырып, сол
мезгілде ҚР ЕҚ занның 57 бабтың 2 тармағы арқылы, өз қызметкерінің
демалыс мерзімі аяақталар кезенінде арызысыз жұмыстан босату құқықы
бар ма?
Және өзіме бұл бапты толықтай түсіндірсеңіз. Жалпы алдағы
күндерімде басқа жұмысқа кіруіме нұсқан келмейді ма?
Есеп 30
«Фоварит»
АҚ
директоры
дағдарысқа
байланысты,
өзінің
бухгалтерлерін қысқартуды (сокращения) ұйғарады. Оны естіген
бухгалтерлер жұмыс берушіден, олардың отбасылық жағдайын айтып
жұмыста қалдыруларын талап етеді. Бірақ, директор басқа ешқандай шара
жоқ екендігін түсіндіреді.
Жұмыстан қысқартылған бухгелтерлерге қандай көлемде өтемақы
(компенсация) төленеді?
Еңбек кітапшасына олар қысқартылған деп жазылады ма?
68
5 Іскерлік ойын. Әдістемелік нұсқама.
«Іскерлік ойын» жобасы
«ҚР Еңбек құқығы» пәні бойынша
Жобаның мақсаты: «Еңбек құқығы» пәнінен тәжірибелік сабақтарды
өткізу әдістемесіне өзгерістер енгізе отырып, білім алушылардың
теориялық материалдарын меңгерудің жаңа нысандарын қалыптастыру
болып табылады.
Жобаның
типі: оқытудың кәсіби маңызды сапасын және
студенттердің біліктіліктерін қалыптастыруда оларды тәрбиелеуге және
ұйымдастыруға бағытталған.
Жобаның көлемі: кішігірім.
Жобағының ұзақтығы: қысқа мерзімді.
Жобаның күрделілігі: қарапайым.
Аталған жоба толық көлемде инновациялық жоба болып табылады.
Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда,
құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол
жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі. Сабақтарды іскерлік
ойында түрінде өткізу мамандарды мемлекеттік басқару саласында тиімді
болып табылады.
Аталған курсты оқу барысында студенттерге 3 іскерлік ойынды өткізу
ұсынылады. Мынадай тақырыптар бойынша:
1)
Ұжымдық шартты жасасу.
2)
Жеке еңбек дауын шешу.
3)
Ұжымдық еңбек дауларын шешу.
Аталған іскерлік ойында тек қана ситуациялық жағдайдың
теориялық өзекті моделдері ғана емес, еңбек заңнамасын қолдану
барысында туындаған жағдайларға да негізделген. Мұнда орын алған
тәжірибелік сәтті әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен шешуді
рәсімдеу маңызды.
Әр ойынның ұзақтығы – 2 сағатты құрайды.
Студенттер әр тәжірибелік жағдай бойынша өзара ролдерді бөлісіп,
тиісті актілердің негізінде өз құзыреттері шегінде істі дұрыс шешуге
тырасады.
Ойынның мақсаты болып, «ҚР Еңбек құқығы» курсын оқу
барысында алған теориялық білімдерін бекіту болып табылады.
5.1 Іскерлік ойын № 1
Іскерлік ойын № 1
Ұйымда ұжымдық шартты жасасу.
69
Ойынға қатысушылар:
Ұйымның басшысы.
Кәсіптік одақтар.
Ұжымдық шарттың жобасын дайындау бойынша комиссия.
Еңбек жөніндегі Мемлекеттік қызметші.
Ұйымның жұмыскерлері.
Тәжірибелік сабақта студенттер аталған іскерлік ойын бойынша
қатысушылардың ролдерін иеленеді және қажетті нормативтік құқықтық
базалардың нормаларын игерулері тиіс. Іскерлік ойында ұдымдық шартты
қабылдау және ұжымдық келіссөздер жүргізу тәртіптері орындалуы тиіс.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 414-V ҚРЗ
2.
Постатейный практический комментарий к Трудовому кодексу
Республики Казахстан
5.2 Іскерлік ойын № 2
Іскерлік ойын № 2
Жеке еңбек дауларын шешу тәртібі
Ойынға қатысушылыр:
Ұйым басшысы.
Кәсіптік одақ.
Еңбек даулары бойынша комиссия мүшелері.
Медиатор.
Келісім комиссиялары.
Бұл іскерлік ойында жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында
түсініспеушілік туындап, ол әрі қарай еңбек дауынының туына ұласады.
Студенттер өз кезектілік тәртібімен уәкілетті органдармен еңбек дауын
шешу жолдарын қарастырады.
Әдебиеттер:
3.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 414-V ҚРЗ
4.
Постатейный практический комментарий к Трудовому кодексу
Республики Казахстан
70
5.3 Іскерлік ойын № 3
Іскерлік ойын № 3
Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі
Ойынның қатысушылары:
- Ұйымның басшысы.
- Кәсіптік одақ.
- Бітістіру комиссиясының мүшелері
- Еңбек арбитражы
- Ереуілдер комитеті
- Ұйым жұмыскерлері
Іскерлік ойында ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі ойналады.
Әдебиет:
5.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23
қарашадағы № 414-V ҚРЗ
6.
Постатейный практический комментарий к Трудовому кодексу
Республики Казахстан
71
6 Бақылауды жүзеге асыру тәртібі
6.1 Білімдерін тесттік бақылау
1. Еңбек құқығы нені реттейді?
А) үй шаруашылығындағы жеке еңбекті;
В) кәсіпкерлік қатынастарды;
С) отбасылық қатынастарды;
D) еңбек ету барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды;
Е) қаржылық қатынастарды.
2. Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын қандай құқық саласы
реттейді?
А) әкімшілік құқық;
В) кәсіпкерлік құқық;
С) еңбек құқығы;
D) азаматтық құқық;
Е) қылмыстық құқық.
3. Еңбек құқығының жүйесіне кіретіндер:
А) сұрақтар тізімі;
В) ерекше бөлім;
С) бөлімдер мен тараулар;
D) жалпы бөлім;
Е) жалпы және ерекше бөлімдер.
4. Азаматтың еңбекке қабілеттілігін кім шектей алады?
А) еңбек ұжымы;
В) сот;
С) жұмыс беруші;
D) ұйымның құрылтайшысы;
Е) акимат.
5. Еңбек-құқықтық қатынастарының субъектілеріне әсер ету үшін мемлекет
қолданатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығын атаңыз?
А) құқықтық реттеудің пәні;
В) еңбек құқығының функциясы;
С) құқықтық реттеудің әдісі;
D) еңбек құқығының белгілері;
Е) еңбек құқығының ұғымы.
6. Төмендегілердің қайсысы еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың элементі
болып табылмайды?
А) қоғамның еңбек ресурстарының болуы мен оның жағдайы;
В) еңбектің кооперациясы және бөлінуі;
С) еңбек процесін басқару;
72
D) жұмыс күшін қайта өндіру;
Е) жеке мүліктік емес қатынастар.
7. Еңбек қатынасы шеңберіндегі арнайы нормативтік актілер өзінің әрекетін
келесі тұлғаларға таратады:
А) жеке меншік негізінде құрылған ұйымдардың қызметкерлеріне;
В) кәмелетке толмағандарға;
С) мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне;
D) зейнетақы алатын тұлғаларға;
Е) ауыл қызметкерлеріне.
8. Азаматтық құқығы мен еңбек құқығына тән белгілерді атаңыз?
А) еңбектің режимін белгілеу және жұмыс атқаруды бақылау;
В) шарттың еркінділігі және еңбектің қайтарымдылығы;
С) тәртіптік өндіріп алуды қолдану және материалды жауапкершілікті
қолдану;
D) әлеуметтік кепілдіктер және өтемақылар;
Е) тәртіптік жауапкершілік және шарт еркіндігі.
9. Еңбек құқығында төмендегі институттардың қайсысы қамтылмаған?
А) халықты жұмыспен қамту;
В) жұмыс уақыты мен демалыс уақыты;
С) кепілдіктер мен өтемақылар;
D) жеке және ұжымдық даулар;
Е) азаматтық.
11. Еңбек құқығының негізгі функциясын көрсетіңіз:
А) әлеуметтік;
В) идеологиялық;
С) тәртіптілік;
D) саясаттық;
Е) білім беру;
12. Еңбек құқығы нені реттейді?
А) үй шаруашылығындағы жеке еңбекті;
В) кәсіпкерлік қатынастарды;
С) отбасылық қатынастарды;
D) еңбек ету барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды;
Е) қаржылық қатынастарды.
13. Қоғамдық өндіріске жалданған қызметкерлердің еңбек процесiнде
туындайтын қоғамдық қатынастарды атаңыз?
А) еңбек құқығының құқықтық реттеу әдісі;
В) еңбек құқығының жүйесі;
73
С) еңбек құқығының принципі;
D) еңбек құқығының құқықтық реттеу пәні;
Е) еңбек құқығының функциясы.
14. «Еңбек бостандығы» дегеніміз не?
А) жұмыс беруші тәртіптік жаза қолдана алмайды;
В) қоғамдағы абсолюттік бостандық;
С) жұмыс орнындағы әрекет бостандығы;
D) кімге сенсем де өзім білемін;
Е) әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін
таңдауына құқығы бар.
15. Төмендегінің қайсысы ҚР Конституциясының 24 бабының тармағы
болып табылады:
А) әркімнің сотпен қорғалатын құқығы және бостандығы кепілденген;
В) әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін
таңдауына құқығы бар;
С) әркім қоғамдық ұйымға бірігуге құқығы бар;
D) адам, оның құқықтары мен бостандығы басты құндық;
Е) барлығы заң және сот алдында тең.
16. Төмендегілердің қайсысы еңбек құқығының субъектісі болып табылады:
А) азаматтар;
В) жұмыс беруші;
С) кәсіптік одақ;
D) мемлекет;
Е) жоғарыда аталғандардың барлығы.
17. Субъектіні оның еркіне сәйкес ынталандыратын әрекет тәсілі:
А) мәжбүрлеу;
В) ынталандырылуы;
С) жауапкершілік;
D) сендіру ;
Е) жаза.
18. Субъектінің қалауын ескермей әрекет ету тәсілі:
А) айту;
В) материалдық жауапкершілік;
С) тәртіптілік жауапкершілік;
Д) марапаттау;
Е) мәжбүрлеу.
19. Еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық
қатынастарды реттейтiн құқық нормалары қамтылған нормативтiк акт - бұл:
А) жұмыс берушінің актілері;
74
В) құқық әдістері;
С) ғылыми концепциялар;
D) еңбек құқығының қайнар көздері;
Е) ғылыми доктриналар.
20. Құқық саласының қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілі:
А) еңбек;
В) пән;
С) қатынастар;
D) механизм;
Е) әдіс.
21. Еңбек құқығы әдісінің элементтерінің бірі болып табылады:
А) еңбекті пайдалану;
В) жасқа толу;
С) еңбек қатынастарының пайда болу, өзгеру және токтау тәртібі;
D) қатынастардың нысаны;
Е) жұмысқа қабылдау.
22. Еңбек құқығы әдісінің элементтерінің бірі болып табылады:
А) еңбекті пайдалану;
В) жасқа толу;
С) еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесі;
D) қатынастардың нысаны;
Е) жұмысқа қабылдау.
23. Еңбек құқығы әдісінің элементтерінің бірі болып табылады:
А) еңбекті пайдалану;
В) жасқа толу;
С) еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен міндеттерін
тағайындау мәні;
D) қатынастардың нысаны;
Е) жұмысқа қабылдау.
24. Еңбек құқығы әдісінің элементтерінің бірі болып табылады:
А) еңбекті пайдалану;
В) жасқа толу;
С) тараптардың міндеттерін қамтамасыз етудің құқықтық тәсілдері;
D) қатынастардың нысаны;
Е) жұмысқа қабылдау.
25. Жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан
айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына
75
байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер –
бұл:
А) өтемақы төлемдері;
В) жалақы;
С) премия;
D) гарантия;
Е) сыйақы.
26. Қызметкерлер (қызметкерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс
берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек
қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз
етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі – бұл:
А) әлеуметтік әріптестік;
В) ұжымдық шарт жасасу;
С) еңбек шартын жасасу;
D) коммерциялық мәміле жасасу;
Е) жұмысқа жіберу.
27. Кәсiптiк одақтардың қызметi қандай нормативтік құқықтық актілермен
реттеледі?
А) ҚР Конституциясымен, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңымен және
басқа да нормативтік актілермен;
В) ҚР-ның «Нотариат туралы» Заңымен;
С) ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңымен;
D) ҚР Конституциясымен;
Е) заңға тәуелдi актілермен.
28. Кәсіптік одаққа кiм мүше бола алады:
А) шетелдіктер;
В) азаматтығы жоқ тұлғалар;
С) ҚР-ның азаматтары;
D) жұмыссыздар;
Е) зейнеткерлер.
29. Қызметкер жұмыс істейтін жерінде бар кәсіподақ ұйымының мүшесі
болмауға құқылы ма?
А) құқылы;
В) құқылы емес;
С) жұмыс беруші шешеді;
D) жұмыстан шығып қалмау үшін кәсіподақ ұйымының мүшесі болуға
мәжбүр;
Е) формальды негізде мүшесі болады, бірақ жарнасын төлеуге міндетті.
76
30. Кәсіптiк одақтарға мүше болу және одан шығу тәртібі қандай құжатпен
анықталады?
А) үкімет қаулысымен;
В) жұмыс берушінің бұйрығымен;
С) еңбек шартымен;
D) қызметкердің өзімен;
Е) кәсіптiк одақтың жарғысымен.
31. Қызметкер кәсіподақ ұйымынан шығуға құқылы ма?
А) өз еркі бойынша кез келген сәтте шығуға құқылы;
В) жұмыс берушінің рұқсаты бойынша шыға алады,
С) кәсіподақ ұйымы басшысының рұқсаты бойынша шыға алады;
D) құқығы жоқ;
Е) құқылы, бірақ өтініш берген күннен 6 ай өткеннен кейін.
32. Кәсіподақ комитеттері құқылы:
А) ұйымның қызметіне нұқсан келтірмей, жұмыс және оқу орны бойынша
кәсіподақ жарнасын жинауға;
В) қызметкелер туралы ақпарат жинауға;
С) жұмыс берушілер туралы ақпарат жинауға;
D) ақша қаражаттарын жинауға;
Е) бұйрықтар шығаруға.
33. Ұжымдық шарт – бұл:
А) еңбек құқығының барлық нормалар жиынтығының жүйесі;
В)
жоғарғы
органмен
қабылданған
нормативтік
акт;
С) әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін қызметкер мен жұмыс
берушінің арасында жасалатын құқықтық акт;
D) ҚР-сы халқының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің
нормативтік актісі;
Е) атқарушы органмен қабылданған нормативтік акт.
34. Ұжымдық шарт:
А) жұмыс берушінің актісімен бекiтiледi;
В) кәсіподақ комитетінің актісімен бекiтiледi;
С) еңбек ұжымының жалпы жиналысымен бекiтiледi;
D) кәсіподақтың облыстық кеңесінде бекiтiледi;
Е) үшжақты комиссиямен бекiтiледi.
35. Ұжымдық шарт пен келісімде қызметкерлердiң жағдайын төмендететiн
талаптар:
А) заңды;
В) сот шешімімен заңды;
С) заңсыз;
77
D) сот шешімімен заңсыз;
Е) негізделген.
36. Ұжымдық шарттың күшi кімдерге таралады?
А) жұмыс берушіге;
В) шартқа қол қойған қызметкерлерге;
С) кәсіподақтарға;
D) ұжымдық шартқа қол қойған жұмыс берушілер мен қызметкерлерге;
Е) жұмыс берушілердің бірлестігіне.
37. Ұжымдық шарттың мерзімі?
А) 1 жыл;
В) 3 жылға дейін;
С) 1 жылдан 3 жылға дейін;
D) 1 жылға дейін;
Е) тараптармен белгіленеді.
38. Ұжымдық шарт өзiнiң заңды күшіне қашан енедi:
А) егер оның ережелерінде басқаша көзделмесе, оған қол қойған кезден
бастап;
В) оған қол қойылған кезден бастап 10 күн өткеннен кейін;
С) оған қол қойылған кезден бастап 3 күн өткеннен кейін;
D) оған қол қойылған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;
Е) оған қол қойылған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде.
39. Меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың күші қанша уақытқа
дейін сақталады?
А) 1 айға;
В) 2 айға;
С) 6 айға;
D) 3 айға;
Е) 1 жылға.
40. Ұйым таратылған немесе оны банкрот деп жариялаған жағдайда
ұжымдық шарттың күші қашан тоқтайды?
А) ұйымды банкрот деп тану туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3
күн ішінде.;
В) ұйымды тарату немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған
сәттен бастап;
С) ұйымды тарату немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған
сәттен бастап 10 күн ішінде;
D) тараптардың келісімі бойынша;
Е) ұйымды тарату немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған
сәттен бастап 5 күн ішінде.
78
41. Еңбек шартын жасақаннан кейiн жұмыс берушi қандай әрекет жасауға
мiндеттi:
А) қызметкердің жұмыс жағдайын түсіндіруге;
В) аванс төлеуге;
С) жұмыс киiмiн беруге;
D) арнайы құралдар беруге;
Е) қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға.
42. Еңбек шартын жасасудың ең төменгі мерзімі:
A) 6 ай;
B) 1 жыл;
C) 10 күн;
D) екі апта;
E) бір ай.
43. Сынақ мерзімі туралы мәлімет қайдай құжатта көрсетілуі тиіс?
A)
жарғыда;
B)
бұйрықта;
C)
шешімде;
D)
еңбек шартында;
E)
Ұжымдық шешімде.
44. Жұмысқа қабылдау кезіндегі еңбек шартында белгіленетін сынақ мерзімі
қандай талапқа жатады:
A)
міндетті;
B)
қажетті;
C)
факультативтік;
D)
локальды;
E)
орталықтандырылған.
45. Экологиялық апатты аймақта орналасқан ұйымға жұмысқа тұрған
қызметкерлердің, егер ол басқа жерге көшумен байланысты болса төмендегі
шарттардың қайсысы жасалынады:
А) белгісіз мерзімге жасалатын шарт;
В) жедел еңбек шарты;
С) азаматтық-құқықтық шарт;
D) мердiгерлiк шарт;
Е) вахталық.
46. Егер шартта жұмыстың басталу күні көрсетілмесе қызметкер қызметке
қай кезден бастап кірісе алады:
А) еңбек шарты күшіне енгеннен кейінгі демалыс күннен бастап;
В) шарт күшіне енгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап;
79
С) айдың басынан бастап;
D) қосымша бұрық шығарылған күннен бастап;
Е) еңбек шартын жасасқан күннен бастап.
47. Еңбек қызметінің негізгі құжаты болып не табылады:
A)
бұйрық;
B)
қаулы;
C)
шешім;
D)
еңбек кітапшасы;
E)
штаттық кесте.
48. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, еңбек
шарты:
A) жарамсыз деп танылады;
B) белгісіз мерзімге жасалған деп танылады;
C) бір жылға жасалған деп танылады;
D) белгілі бір жұмысты орындауға жасалған деп танылады;
E) жұмыста уақытша жоқ қызметкерді ауыстыруға байланысты жасалған
деп танылады.
49. Төмендегілердің қайсысы қызметкердің қызметін дәлелдейтін құжат
болып табылмайды: жұмысын дәлелдеу құжаты:
А) еңбек кітапшасы;
В) қызметкерді жұмыстан шығару туралы бұйрық;
С) еңбек шарты;
D) еңбек кітапшасының көшірмесі;
Е) алдынғы жұмыс орынының мінездемесі.
50. Төменде көрсетілген құжаттардың қайсысы қызметкерді жұмысқа
қабылдау барысында талап етіледі?
А) мінездеме;
В) резюме;
С) ӘЖК(әлеуметтік жеке коды);
D) үй кітапшасы;
Е) отбасы туралы анықтама.
51. Сынақ мерзімінің талаптары қандай құжатта белгіленеді:
А) жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта;
В) өндірістік бұйрықта;
С) еңбек шартында;
D) еңбек кітапшасында;
Е) хабарламада.
52. Толық емес жұмыс күніне жалақы қалай төленедi?
80
А) нақты атқарған уақытқа;
В) атқарған уақыттың ½;
С) қалыпты жұмыс уақыты сай;
D) iстелiнген жұмыс уақытың ½;
Е) iстелген жұмыс уақыты мен жұмыс уақытына байланысты.
53. Жұмыс уақытының есебі мен спецификалық тәртiбi:
А) мерзiмнен тыс жұмыс уақыты;
В) бугалтерлiк жұмыс уақыты;
С) жиынтық жұмыс уақыты;
D) мемлекеттiк жұмыс уақыты;
Е) аналитикалық жұмыс уақыты.
54. Аса қауiптi және аса зиянды еңбек жағдайларында үстеме жұмыстарға:
А) жол беріледі;
В) жол беріледі, бiрақ 1 сағаттан көп емес;
С) жол берілмейді;
D) өндiрiстiк қажеттiлiктен басқа жағдайларға жiберiлмейдi;
Е) өндiрiстiк қатерден басқа жағдайларға жiберiлмейдi.
55. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы I және II топ мүгедектерге
аптасына қаншаға қысқартылады?
А) 8 сағатқа;
В) 7 сағатқа;
С) 6 сағатқа;
D) 5 сағатқа;
Е) 4 сағатқа.
56. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы?
А) айына 24 сағат;
В) тараптардың келісімімен белгіленеді;
С) ондай жұмыс уақыты жоқ;
D) кәмелетке толмағандарға белгіленеді;
Е) айына 20 күн.
57. Емхана дәрігерлердің жұмыс уақыты:
А) аптасына 32 сағат;
В) күніне 5,5 сағат;
С) аптасына 40 сағат;
D) аптасына 36 сағат;
Е) күніне 7 сағат.
58. Күнделiктi жұмыстың ұзақтығы мынадай мерзімге белгіленуі мүмкін:
А) күн, апта, ауысым, жыл;
81
В) күн, апта, ай, жыл;
С) жыл, күн, ауысым, ай;
D) вахта, ауысым, жыл, күн;
Е) ай, апта, ауысым, күн.
59. Жұмыс уақытының аптасына қалыпты уақыты:
А) 40 сағ;
В) 54 сағ;
С) 36 сағ;
D) 41 сағ;
Е) 42 сағ.
60. Ауысым кестесі мен күн тәртібі неше уақытқа белгіленеді:
А) 1 жылға;
В) 1 айға;
С) 1 күнге;
D) 1 кварталға;
Е) қандай болса да мерзімге.
61. Толық емес жұмыс уақытының қысқартылған жұмыс уақытынан
айырмашылығы: толық емес жұмыс уақытында:
А) жалақы жұмыс істеген күнге сәйкес жүргізіледі;
В) істелмеген жұмыс нормасы тараптардың келісімімен жүргізіледі;
С) жұмыс уақытының түрі тараптармен келісіледі;
D) жалақы тарифтік – біліктілкпен анықталады;
Е) жалақы мөлшері тараптармен келісіледі.
62. 15-16 жас аралығында қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы:
А) 8 сағ;
В) 7 сағ;
С) 6 сағ;
D) 5 сағ;
Е) 4 сағ.
63. Түнгі уақыт деп саналады?
А) 20- 04 сағ;
В) 21-06 сағ;
С) 22-06 сағ;
D) 23-06 сағ;
Е) 24-06 сағ.
64. Үстеме жұмыстар мына санаттағы қызметкерлерге қолданылмайды:
А) мүгедектерге;
В) 3 жасқа дейінгі балалры бар әйелдерге;
82
С) 16 жасқа дейін мүгедек балалры бар әйелдерге;
D) жалғыз басты еркектерге;
Е) 18 жасқа дейінгі қызмтекерлерге.
65. Толық емес жұмыс уақыты:
А) қызметкердiң сұрауы бойынша белгіленеді;
В) жұмыс берушiнiң сұрауы бойынша белгіленеді;
С) жұмыс берушiнiң талабы бойынша белгіленеді;
D) тараптардың келiсiмiмен белгіленеді;
Е) заңнамамен рұқсат етiлмеген.
66. Мереке қарсаңындағы жұмыс уақыты қанша сағатқа қысқартылады?
А) 1 сағатқа;
В) жарты сағатқа;
С) жұмысберушiнiң көздегенi бойынша;
D) ұжымдық шарт бойынша;
Е) қысқартылмайды.
67. Азаматтарды олардың денсаулығына теріс әсер ететін жұмысқа
қабылдауға:
A) мүмкін;
B) рұқсат етілмейді;
C) тыйым салынады;
D) ерекше жағдайларда;
E) жеке тәртіпте қарастырылады.
68. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезінде
жұмыс беруші қызметкерді:
A) ештемені ескертуге міндетті емес;
B) қызметкер өзінің қандай жұмысқа барып отырғанын білуі керек;
C) кәсіби аурудың туындау мүмкіндігі туралы ескертуге міндетті ;
D) еңбек қауіпсіздігін түсіндіруге;
E) оның еңбек міндеттерін түсіндіруге.
69. Ұйымның әр жұмыс орнында еңбек қорғау және қауіпсіздік шарттары
неге сәйкес келуі керек?
А) халықаралық шарттарға;
В) мемлекеттік стандарт талаптарына;
С) еңбек шартына;
D) қаупсіздік техникасына;
Е) еңбек құқығына.
70. Қызметкердің кәсіптік еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі кіммен
анықталады:
83
А) жұмыс берушімен;
В) қызметкермен;
С) медиктік - әлеуметтік сараптама комиссиясымен;
D) еңбек қорғау жөніндегі өкілетті органмен;
Е) сотпен.
84
7 Емтихан сұрақтары
1 Еңбек құқығының түсінігі, пәні және міндеттері
2 Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
3 Еңбек құқығын реттеу әдістемесінің ерекшеліктері мен сыныптары
4 Еңбектік құқықтық қатынастың субъектілері: түсінігі мен сыныптары
5 Халықаралық еңбек құқығының субъектілері
6 Бірлескен кәсіпорын еңбектік құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
7 Еңбек туралы жалпы және арнайы нормалардың сыныптары
8 Халықты жұмыспен қамту қағидалары және еңбек және жұмыспен қамту
саласында қысым жасауды болдырмауды қамтамасыз ету
9 Азаматтардың еңбекті қорғау қағидаларын қамтамасыз ету
10 Еңбектік кодексті қабылдау қажеттігі туралы
11 Еңбекті корғау мәселелерін реттеуде халықаралық және ұлттық
құқықтардың арасындағы арақатынас
12 Халықаралық құқықтық қатынастар аясындағы коллизиялық
нормалардың жүйесі
13 Еңбекті ұйымдастыру және қолдану қағидалары
14 Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының мәселелері мен
жағдайы
15 Қазақстан Республикасында еңбекке орналастыруды құқықтық реттеу
16 Кәсіптік одақтардың еңбек қатынасы аясындағы құқықтық жағдайлары
17 Еңбектік құқықтық қатынастың түсінігі, түрлері және мазмұны
18 Кәсіптік одақтардың құқықтық жағдайлары
19 Әлеуметтік
әріптестік институтының түсінігі, міндеттері және
қағидалары
20 Әлеуметтік әріптестік органдарының құқықтық жағдайлары
21 Ұжымдық шарт және келісім туралы заңдардың жалпы сипаттамасы
22 Әлеуметтік әріптестік келісімі және олардың сыныптары
23 Ұжымдық шарттың түсінігі және маңызы
24 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
қағидалары
25 Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтуды құқықтық
реттеу
26 Еңбек қатынастарын реттеудегі локальдық нормативтік актілердің
атқаратын ролі және маңызы
27 Жұмыссыз деп танылған тұлғаның құқықтық мәртебесі
28 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудегі ұйымдастырушылық-қүқықтық
нысандар
29 Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдардың құқықтық
мәртебесі және жүйесі
30 Еңбек шартының түсінігі және атқаратын функциялары
31 Еңбек шартын жасау тәртібі
32 Еңбек шарттарын, олардың мерзімін анықтау және субъективтік
құрамдары бойынша сыныптау
85
33 Еңбек шартын вахталық әдіспен жұмыс істеу бойынша жасау
ерекшеліктері
34 Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі және түрлері
35 Басқа жұмысқа ауыстырудың басқа жұмыс орнына ауыстырудан
айырмашылығы
36 Басқа жұмысқа уақытша ауыстырудың ерекшеліктері
37 Еңбек шартын бұзудың негіздері
38 Еңбек шарттарын бұзудың негіздері және оларды сыныптау
39 Жұмыскерді жұмыстан шеттетудің негізі және тәртібі
40 Жұмыстан заңсыз түрде шеттетудің құқықтық салдары
41 Мемлекеттік қызметшілердің еңбектерін құқықтық реттеу
42 Жеке кәсіпкерлік аясында еңбекке жалдауды пайдалануды құқықтық
реттеу
43 Мемлекеттік қызметшілермен жеке еңбек шартын жасау
44 Ішкі еңбек рыногын қорғаудың құқықтық негіздері
45 Жұмыс уақытының түрлері және оларды сыныптау
46 Тынығу уақытының түрлері және оларды сыныптау
47 Еңбек демалысының түрлері және оларды сыныптау
48 Жалақының түсінігі
49 Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде жалақы төлеу
ерекшеліктері
50 Жалақыны құқықтық қорғау тетіктері және әдістері
51 Еңбек тәртібінің түсінігі және оны нығайту әдістері
52 Тәртіптік жауапкершіліктің басталу негіздері және жағдайлары
53 Еңбек құқығындағы марапаттау шаралары және оларды қолдану тәртібі
54 Зиян келтірген үшін туындайтын материалдық жауаптылықтың еңбек
және азаматтық құқықтардағы арақатынастары
55 Жұмыс орнында мертігуге және кәсіби ауруға шалдығуға байланысты
келтірілген зиянды төлеудің құқықтық негіздері
56 Өндіріс объектілерін еңбекті қорғау және кесіби қауіптің сынып
коэффициентін белгілеу мақсатында стандарттау, тарификация жасау
(қауіпсіздік тарифын анықтау) және аттестациядан өткізудің құқықтық
негіздері
57 Жекелеген санаттағы жұмыскерлердің еңбектерін қорғауды қамтамасыз
ету ерекшеліктері
58 Еңбекті қорғау институтының сипаттамасы кешенді институт ретінде
59 Еңбек дауларының түсінігі және оларды сыныптау
60 Жеке еңбек дауларын қарау тәртібі
61 Ұжымдық дауларды қарау тәртібі
62
Ереуілге шығудың негіздері және тәртібі
64 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы курсының пәні, әдісі, жүйесі.
65 Мемлекетпен кепілденетін міндетті әлеуметтік сақтандыру.
66 Жұмыс берушінің қаржы есебінің берілетін жәрдемақысының мөлшері
және оның есеп тәртібі.
86
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы – бұл еңбек ету процесінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып
табылады. Осындай жәйттар жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы
қатыптасатын еңбектік құқықтық қатынастар еңбек заңнмаларының
жетілдірілуіне, еңбек құқығының жаңаша даму сатысына көтерілуіне,
сондай-ақ халықаралық еңбек құқығы нормалары мен ережелеренің
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрініс табатынына барынша
ықпалын тигізіп отыр.
Аталған оқу – әдістемелік құралы студенттерге дәріс сабақтарын,
тәжірибелік және СОӨЖ сабақтарын өткізу барысында қажетті әдістемелік
құрал болып табылады. Еңбек құқығы курсын иегеру барысында әдістемелік
құралдың мазмұнында айқындалған кестелер жинағы, ситуациялық есептер
жинағы, тесттер жинағы және іскерлік ойын әдістемесі студент үшін
таптырмас материал болып табылады.
87
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Уваров В.Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. - Алматы: Изд.
КазГЮА, 2000. – 468 б.
2 Хамзин А.Ш., Хамзина Ж.А., Хамзина А.А. Трудовое право: Учебник. –
Астана, 2004 – 594 с.
3 Ахметов А., Ахметова Г. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
Оқулық. – Алматы: «Юридическая литература», 2005. – 455 б.
4 Нургалиева, Е.Н. Комментарий к Трудовому кодексу Республики
Казахстан. Общая и Особенная части: Книга.- Алматы, 2009.- 656
5 Нургалиева Е.Н. Трудовое право в новых условиях хозяйствования.
Алматы, 1990. - 276 с.
6 Уваров В.Н. Трудовое законодательство Республики Казахстан. Алматы,
1998.- 224 с.
7 Нургалиева Е.Н., Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон
трудового договора. Алматы: ТОО «Баспа», 2001. - 110 с.
8 Нургалиева Е.Н., Хохлов Е.Б. Проблемы трудового права в современных
условиях. Караганда, 1994.- 228 с.
9 ҚР Конституциясы 30.08.1995 года // www.paragraf.kz – СПС Юрист
10 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 414-V ҚРЗ//
www.paragraf.kz
– СПС Юрист
11 Комментарии к Трудовому кодексу РК. Под ред. Сапарбаев Б.М. Астана
2008. с.809.
Document Outline - z542
- z543
- SUB300200
- SUB2200100
- SUB2200200
- SUB2230100
- SUB2230200
- SUB2250100
- SUB2250200
- SUB2240100
- SUB2240200
- SUB2390100
- SUB2390200
- SUB2380100
- SUB2380200
- SUB1260500
Достарыңызбен бөлісу: |