Ұжымдық шарттың мазмұнында:
1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс
тиімділігін арттыру туралы;
2) еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу
туралы;
3) босатылатын қызметкерлердің жұмыспен
қамтылуын, оларды даярлауды, біліктілігін
арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа
орналастыруды қамтамасыз ету туралы;
4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге
берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;
5) қызметкерлердің тұрғын үй және тұрмыстық
жағдайларын жақсарту туралы;
6) қызметкерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық
емдеу және олардың тынығуы туралы;
7) кәсіподақ мүшелері болып табылатын
қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде
ұйымның кәсіподақ органының дәлелді пікірін
ескерудің тәртібі туралы;
8) кәсіподақ органына сайланған қызметкерлерге
берілетін кепілдіктер туралы;
9) қызметкерлердің өкілдері қызметін жүзеге
асыруға арналған талаптар туралы;
10) кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау туралы;
11) қызметкерлерді сақтандыру туралы;
12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және
оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
туралы;
13) еңбек шарттарын ереуілді желеу етіп жұмыс
берушінің бастамасы бойынша бұзуды болдырмау
туралы;
14) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздері
келтірген залал үшін жауаптылығы туралы;
15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға
жауаптылығы туралы қызметкерлер мен жұмыс
берушілердің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.
25
5. Тақырып. Еңбек шарты
Еңбек шарты
Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс
берушінің арасындағы жазбаша келісім,
бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір
жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі
орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға
міндеттенеді, ал жұмыс беруші
жұмыскерге келісілген еңбек
функциясы бойынша жұмыс беруге, осы
Кодексте, Қазақстан Республикасының
заңдарында және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-
құқықтық актілерінде, ұжымдық
шартта, жұмыс берушінің актілерінде
көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз
етуге, жұмыскерге уақтылы және толық
мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді
(ҚР ЕК 1 бабы).
Еңбек қатынастары пайда болу
үшін тараптардың заңды
қасиеттер мынадай
- еңбекке құқықтық қабілеттілік;
- тараптардын құқықтары мен
міндеттерін жүзеге асырудың
кепілдіктері;
- еңбек шартындағы міндеттерді
орындау жауапкершілігі.
Еңбек шартының мерзімі:
1) белгіленбеген мерзімге;
2) бір жылдан кем емес белгілі бір
мерзімге
3) белгілі бір жұмыстың орындалу
уақытына;
4) уақытша болмаған жұмыскерді
алмастыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау
уақытына;
16 жасқа толған азаматтармен
еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Ата-анасының
біреуінің,
қорғаншысының,
қамқоршысының
немесе асырап алушысының жазбаша
келісімімен:
1) жалпы білім беретін оқу орнында
орта білім алған жағдайда, 15 жасқа
толған азаматтармен;
2)
сабақтан
бос
уақытында,
денсаулығына зиян келтірмейтін және
оқу процесін бұзбайтын жұмысты
орындау үшін, 14 жасқа толған
оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында,
театрларда,
театр
және
концерт
ұйымдарында, цирктерде денсаулығына
және
адамгершілік
тұрғысынан
дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар
жасауға және (немесе) орындауға
қатысу үшін 14 жасқа толмаған
адамдармен еңбек шарты жасалуы
мүмкін.
Еңбек шартын жасасуға
жол берілетін жас мөлшері
26
Еңбек шартының мазмұны
1) тараптардың деректемелері:
жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжатта
көрсетілген болса), оның тұрақты
тұратын мекен-жайы, жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы,
нөмірі, берілген күні, салық
төлеушінің тіркеу нөмірі; жұмыс
беруші-заңды тұлғаның толық
атауы мен орналасқан жері, жұмыс
беруші-заңды тұлғаның
мемлекеттік тіркеу нөмірі мен
күні, салық төлеушінің тіркеу
нөмірі; қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжатта
көрсетілген болса), жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы,
нөмірі, берілген күні, жеке
сәйкестендіру нөмірі және салық
төлеушінің тіркеу нөмірі,
әлеуметтік жеке коды;
2) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе
лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
3) жұмыстың атқарылатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының
режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де
шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын
болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды)
және (немесе) қауіпті жағдайларда
орындалатын болса, еңбек жағдайларының
сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) қызметкердің құқықтары мен
міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары
мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен
тоқтату тәртібі;
12) кепілдіктер мен өтемақы
төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
13) сақтандыру жөніндегі
талаптар;
14) тараптардың жауапкершілігі;
15) жасалу күні мен реттік нөмірі
болуға тиіс.
27
Еңбек шартын жасау үшін мынадай
құжаттар талап етіледі:
жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк)
қажет. Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;
;
тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек
шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі
немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат
(Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан
өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.
28
Еңбек шартын тоқтатудың
негіздері (ҚР ЕК 49 бабы):
- тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
- еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
- жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
- жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты;
- жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
- тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
- жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайлардан басқа, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа
(лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру
мүмкіндігін жоққа шығаратын лауазымға тағайындалуы;
- еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы болып табылады.
29
Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері
ҚР еңбек кодексінің 12 тарауына сәйкес жұмыскерлердің
жекелеген санаттары:
Маусымдық жұмыстар;
Вахталық жұмыс әдісі;
Үй жұмыскерлері;
Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер;
Қашықтықтан жұмыс істеу;
Азаматтық қызмет;
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің еңбегін
реттеу ерекшеліктері;
Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері;
Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын жұмыскерлердің еңбегін реттеу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегін
реттеу
;
Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
жұмыскерлерінің еңбегін реттеу және т.б.
30
Вахталық әдіс, қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келуі
қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде
еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс өндірісі
объектісінде болған кезде оларды тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын
үймен, жұмыс орнына және одан кері жеткізіп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау
жағдайларымен және ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге міндетті.
Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он
сегіз жасқа толмаған қызметкерлер, жүкті әйелдер,
бірінші және екінші топтардағы мүгедектер
жіберілмейді. Өзге қызметкерлер, егер мұндай
жұмыстар медициналық қорытынды негізінде
олардың денсаулығына қайшы келмесе, вахталық
әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы
мүмкін. Объектіде жұмыс орындау уақытын және
ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең
вахта деп есептеледі. Вахтаның ұзақтығы
күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.
Жұмыстың вахталық әдісі кезінде айлық, тоқсандық
немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан
аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының
жиынтық есебі белгіленеді. Есептік кезең жұмыс
уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші
орналасқан жерден немесе жиналатын жерден
жұмыс орнына дейінгі және одан кері қайту
жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептік
кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы
Кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық
тынығу кезеңінде бөліп беруге жол берілмейді.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің
еңбегін реттеу ерекшеліктері
31
Үй қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Үй қызметкерлерiмен еңбек шартын жасасу және
тоқтату ерекшелiктерi
1. Үй қызметкерлерi деп жұмыс берушi - жеке
тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар (қызмет
көрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады.
2. Жұмыс берушi үй қызметкерiн жұмысқа қабылдау не
онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы акт
шығармайды және еңбек кiтапшасына оның жұмысы
туралы мәлiметтер енгiзбейдi.
3. Үй қызметкерiнiң еңбек қызметi еңбек шартымен
расталады.
4. Үй қызметкерiмен еңбек шарты тоқтатылғаны
(бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудiң мерзiмi, сондай-
ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу
жағдайлары мен мөлшерi еңбек шартында белгiленедi.
Үй қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының режимi
1. Үй қызметкерлерiне осы Кодексте белгiленген жұмыс
уақыты мен тынығу уақыты ұзақтығының нормалары
қолданылады.
2. Үй қызметкерiнiң жұмыс режимi, оларға демалыс
күндерiн, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру,
оларды үстеме жұмыстарға, түнгi уақытта, демалыс және
мереке күндерi жұмысқа тарту тәртiбi еңбек шартында
айқындалады.
Тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау
тәртiбi
Үй қызметкерiне қатысты тәртiптiк жазаны қолдану
және алып тастау тәртiбi еңбек шартымен
айқындалады.
Жеке еңбек дауларын шешу
Үй қызметкерi мен жұмыс берушiнiң арасындағы жеке
еңбек даулары тараптар келiсiмiмен және (немесе)
сотта шешiледi.
Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу
Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу еңбек шартында
көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.
32
Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және
өзіндік немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс
беруші
қаражаты
есебінен
сатып
алынатын
жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды
пайдаланып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы
еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін
қызметкерлер деп есептеледі.
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің
еңбегін реттеу ерекшеліктері
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек
жағдайлары
Үйде
істелетін
жұмыс
қызметкердің
денсаулық
жағдайына қайшы келмейтін және оларды орындау үшін
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
қамтамасыз етілген жағдайда ғана орындалуы мүмкін.
Үйде істелетін жұмыстарды орындауға арналған еңбек
шартында:
1) жұмысты қызметкерге меншік құқығымен тиесілі
немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің
қаражаты
есебінен
сатып
алынатын
жабдықтарды,
материалдарды,
құрал-саймандар
мен
құрылғыларды
пайдаланып орындау;
2) қызметкерді жұмысты орындау үшін шикізатпен,
материалдармен, жартылай дайын өнімдермен қамтамасыз
ету тәртібі мен мерзімдері;
3) дайын өнімді алып шығу тәртібі мен мерзімдері;
4) қызметкерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер
туралы талаптар міндетті түрде көзделуге тиіс.
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс
уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбек
қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз
ету жағдайлары
Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі,
жұмыс берушінің қызметкердің жұмыс уақыты
режимін сақтауын бақылау ерекшеліктері, еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
және үйде жұмыс істейтін қызметкер үшін осы
талаптардың сақталуы жөніндегі жағдайлар еңбек
шартында белгіленеді.
33
Мүгедектер -
әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін
пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке
бағдарламасын ескере отырып, жұмыс берушілермен еңбек шарттарын
жасасуға құқылы
Мүгедек қызметкерлердің еңбек
жағдайлары
Еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу
және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс
режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса
атқару тәртібі, техникалық, санитарлық,
гигиеналық,
өндірістік-тұрмыстық
жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі
бойынша еңбек шартының, ұжымдық
шарттың өзге де жағдайлары басқа
қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек
қызметкерлердің жағдайларын нашарлата
немесе құқықтарын шектей алмайды.
Мүгедек
қызметкерлердің
жұмыс
уақытының қысқартылған ұзақтығы
1 және 2 топтағы мүгедек қызметкерлерге
аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы
қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.
1
және
2
топтағы
мүгедек
қызметкерлердің күнделікті жұмысының
(жұмыс
ауысымының)
ұзақтығы
7
сағаттан аспауға тиіс.
Мүгедек қызметкерлердің түнгі уақыттағы
жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және
мереке күндердегі жұмысын, оларды
іссапарға жіберуді шектеу
Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа,
түнгі
уақытта,
демалыс
және
мереке
күндеріндегі жұмысқа тартуға, іссапарға
жіберуге, егер олар үшін мұндай жұмыстарға
медициналық көрсетулер бойынша тыйым
салынбаған
болса,
олардың
жазбаша
келісімімен ғана жол беріледі.
Мүгедек қызметкерлерге
жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысын беру
Мүгедек
қызметкерлерге
жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысы олармен келісе
отырып,
жұмыс
беруші
бекітетін демалыс кестесіне
сәйкес беріледі.
Мүгедек қызметкерлерге
жыл сайынғы ақылы
қосымша демалыс беру
Жыл
сайынғы
ақылы
қосымша демалыс - жыл
сайынғы
ақылы
еңбек
демалысымен бір мезгілде не
мүгедек қызметкердің қалауы
бойынша жұмыс жылының
басқа уақытында беріледі.
Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының
жиынтық есебін қолдануды шектеу
Бірінші және екінші топтағы мүгедек
қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық
есебін қолдануға жол берілмейді.
Егер
үшінші
топтағы
мүгедек
қызметкерлерге
медициналық
көрсетулер
бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебі
белгіленетін режимге тыйым салынған болса,
оларға мұндай есеп белгіленбейді.
34
Азаматтық қызметшілер -
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық
кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын
іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз
ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Азаматтық
қызметке
кіру
Азаматтық
қызметке
кіру тағайындау тәртібімен
немесе конкурс бойынша
жүзеге асырылады.
Конкурсты бос лауазымы
бар мемлекеттік мекеме,
қазыналық
кәсіпорын
ұйымдастырып, өткізеді.
Азаматтық қызметке кіру
және азаматтық қызмет-
шінің
бос
лауазымына
орналасуға
арналған
конкурсты өткізу тәртібін
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
айқындайды.
Азаматтық
қызметке
қабылдау еңбек шартын
жасасу
және
жұмыс
берушінің актісін шығару
жолымен
жүзеге
асырылады.
Азаматтық
қызметшілерді
аттестаттау
Азаматтық
қызметшілер кәсіптік
және
біліктілік
даярлығы
деңгейін,
іскерлік
қасиеттерін
айқындау мақсатында
аттестат-таудан өтеді.
Азаматтық
қыз-
метшілерді аттестат-
таудан
өткізудің
тәртібі мен шарттарын
тиісті қызмет сала-
сындағы
уәкілетті
мемлекеттік
орган
айқындайды.
Азаматтық
қызметшілердің еңбегіне
ақы төлеу
Мемлекеттік
бюджет
есебінен
ұсталатын
азаматтық қызметшілердің
еңбегіне ақы төлеу жүйесін
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
айқындайды.
Ауылдық
(селолық)
жерде
жұмыс
істейтін
денсаулық сақтау, әлеумет-
тік қамсыздандыру, білім
беру, мәдениет және спорт
саласының
азаматтық
қызметшілеріне,
егер
Қазақстан
Республика-
сының заңдарында өзгеше
белгіленбесе,
жергілікті
өкілді органдардың шешімі
бойынша бюджет қаражаты
есебінен қызметтің, осы
түрлерімен
қалалық
жағдайда.
айналысатын азаматтық
қызметшілердің
жалақыларымен
және
ставкалармен
салыстырғанда
кемінде
Азаматтық қызметшілерге
берілетін демалыс
Мемлекеттік
бюджет
есебінен ұсталатын азаматтық
қызметшілерге
лауазымдық
жалақысы
мөлшерінде
сауықтыруға
арналған
жәрдемақы
төлене
отырып,
ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен
кем болмайтын жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысы беріледі.
Азаматтық
қызметшілерге
сауықтыруға
арналған
жәрдемақы оқитын азаматтық
күнтізбелік
жылда
Достарыңызбен бөлісу: |