14
Қазақ халкындағы батырлык дәстүрлер
дың тек қазақ қоғамына тэн өзіндік орны мен рөлі туралы кұнды
тұжырымдар жасаған34 Ал, Абай философиялық тұрғыдан батыр,
батырлык үғымдары туралы пайымдауларын ұсынған35.
Батыршылық институтының тарихын зерттеуге қатысты тұ-
жырымдарды XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының еңбек-
терінен кездестіруге болады. А. Байтұрсынұлы, X. Досмұхаме-
дұлы еңбектерінде батырлық ұғымы мен батырлар туралы талдау
жасалған. А. Байтұрсынұлының: «батыр әңгімесі өтірік-шыны
аралас қойыртпақ эңгіме болады. Шын жағы - бүрын батырлар
болуы. Батырлар заманында соғыс болуы, батырлар халық үшін
қайрат қылуы, жұртын қорғауы. Өтірік жағы - олардың мінген
атына, тұтынған затына, өздеріне бітпеген қасиеттерді таңу, бол-
маған күштерді, болмаған істерді телу», - деп жазуы батыршы-
лық институтының зерттелу деңгейіне қатысты сонау XX ғасыр
басынан бастап элі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мә-
селелердің бетін ашып түр36
Ал, X. Досмұхамедұлы еңбегінде аламандық пен батырлық
ұғымы талданады. Зерттеуші аламандық пен батырлықтың си-
патын ашып көрсете отырып: «Бастықтың» лұқсатынсыз біреуді
шабуға, олжалауға аттанған дара тәртіпсіз топты аламан дейді.
Аламандықтан өзімшілдік, бәсекелестік туады», - дей келе, ауыз
әдебиеті үлгілері мысалында алды-артын ойламай, жауға жеке
шапқан, ел бірлігі мен отаншылдық сезімін өзінің менмендігінен
төмен қойған әрекеттерді талдайды37
Мэселенің зерттелу деңгейін талдау барысында XX ғасыр
басындағы көрнекті қоғам қайраткері, белгілі зерттеуші М.Ты-
нышпаев зерттеулерінің орны ерекше деп атап көрсетуге болады.
Қазақ тарихы туралы ғылыми жүйеленген, алғашқы іргелі зерт-
теудің авторы болып табылатын М. Тынышпаевтың «Ақтабан
шұбырынды» атты ғылыми мақаласында XVIII ғасырда гүлдену
дэуірін басынан өткерген батыршылық институты туралы тұжы-
Достарыңызбен бөлісу: