Қорытынды 195 себебі — көшпелі қоғам қарым-қатынастарының басты жиынты-
ғын құрайтын ру-тайпалық жүйенің ерекшелігімен тікелей бай-
ланысты болды.
Бірақ ұзақ уақыт бойы тарих ғылымында әлеуметтік ұйым-
ның жұмыс істеуін жэне оның көшпелі ортадағы билігін тануда
еуропоцентристік ұстанымдар үстемдік етті. Көшпелілер қоға-
мының мэселелеріне қатысты көзқарастардың эволюциясына та-
рихнамалық талдау жасау тарих ғылымында соңғы кезеңдерге
дейін көшпелі қоғамның саяси-элеуметтік ұйымдасуындағы ба-
тырлардың жеке әлеуметтік институт ретіндегі қарастырылмауы-
ның себептерін көрсетеді.
XVIII ғасырдың басында қалыптасқан ішкі-сыртқы саяси жағ-
дайларға байланысты қазақ қоғамында әскери-саяси мүдделер
алдыңғы орынға шығып, әлеуметтік-экономикалық ұстанымдар-
ға негізделген салалар кейінге шегерілді. Қоғамның әскери-по-
тестарлық ұйымдасу ерекшелігіне байланысты батырлардың қо-
ғамдық рөлі артты.
Әлеуметтік құбылыс оған қоғам тарапынан қажеттілік туған
кезде ғана пайда болады. Қоғамдық сұраныс қана белгілі әлеу-
меттік құбылыстың пайда болуының негізі болып табылады. Ал,
дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың институциялануы қо-
ғамның рухани-мәдени даму ерекшелігімен де тығыз байланысты
болды. Қазақ қоғамның шаруашылық-экономикалық құрылымы-
ның сипаты мен мэдени-рухани тұрмыс-тіршілігінің өзіндік ерек-
шеліктері батырлар институтының қалыптасуында шешуші рөл
атқарды.
XVIII-XIX ғасырлардың ортасындағы қазақ қоғамының әлеу-
меттік стратификациясында сыртқы экономикалық қатынастар
соншалықты маңызды болмады. Қазақ қоғамының дамуындағы
спецификалық көріністер көптеген категориялардың дамыма-
ғандығын, элеуметтік, эскери-саяси жэне сот қызметтерін жүзе-
ге асыруда кәсібиліктің жоқтығын көрсетеді. Бұл ерекшеліктер
әлеуметтік институттар мен белгілі топтардың қалыптасуына
әкелді. Қазақ қоғамының саяси-элеуметтік құрылымындағы ба-
тырлардың орны мен рөлінің өсуіне бірнеше жағдай эсер етті.