А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 9 6 Қазак халкындағы батырлык дәстүрлер



Pdf көрінісі
бет185/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   219
1 9 6
Қазак халкындағы батырлык дәстүрлер
XVIII ғасырдағы қалыптасқан жағдай саяси билік институтта- 
рын өте қиын жағдайға қойды. Дәстүрлі көшпелі қоғамға тэн, 
көшпелілер қоғамындағы қалыпты мемлекеттік тәртіптің қайнар 
көзі жаугершілік тұрмыспен тікелей байланысты болғанына көз 
жеткіземіз.
Сондықтан жұмыстың хронологиялық шеңберін құрайтын мер- 
зім аралығында батырлар дэстүрлі қазақ қоғамындағы жауынгер- 
лік дэстүрді жалғастырушылар ретінде өзіндік ерекшелігі айқын 
әлеуметтік топ ретінде өзіндік ұғымдык бет-бейнесі мен ерекшелі- 
гі қалыптасқан әлеуметтік категорияның жиынтығын құрады.
Дэстүрлі қазақ қоғамында сипаты мен қызметі жағынан әлеу- 
меттік топ ретінде жетілген батыршылық институты белгілі бір 
қоғамдық қүбылыс ретінде туындау, пайда болу жэне даму мен қа- 
лыптасу үрдісін басынан өткерді. Батырлардың әлеуметтік, саяси 
күш ретінде институтқа айналу үдерісі бірте-бірте жүзеге асты. 
Батырлардың пайда болуы мен жауынгерлер тобының жетекші- 
лері ретінде ерекшеленуі қоғам дамуының «әскери демократия» 
кезеңімен тығыз байланысты болды. Осы кезеңде көшпелі қоғам- 
ның қозғалысқа түсуімен батырлардың қоғамдық-саяси өмірдегі 
рөлі ерекшеленіп, «батырлар культі» пайда болады. Батырлардың 
қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалы тарих ғылымындағы «көсем- 
дік» («вождество») ұғымымен тығыз байланысты. Бірақ, моңғол 
шапқыншылығының нәтижесінде батырлардың жеке көсемдік 
қызметтері шектеліп, батырлық тек жеке тұлғалық қасиет ретін- 
де қарастырылып, олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі 
бәсеңдейді. Батырлардың қоғамдық өмірдегі белсенді элеуметтік 
топ ретінде көрініс беруі XIV-XV ғасырлардан кейін қайта көрі- 
ніс береді. Бірақ, бұл кезеңдегі батырлар институтын өзінше дер- 
бес, ара-жігі басқалай әлеуметтік топтардан ажыратылған құры- 
лым ретінде қарастыруға келмейді. Дэл осы кезеңдегі батырлар 
мен билер институтының қызметтері бір-бірімен астасып жатты. 
Батыршылық институтының қалыптасуында көшпелі қоғамның 
өзіндік ерекшеліктері маңызды рөл атқарды, ол көшпелі қоғам- 
ның шаруашылықтық-мэдени кешенінің қалыптасуы нәтижесін- 
де туындаған сүраныстың қажеттілігі ретінде пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет