А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 9 8 Қазак халкындағы батырлык дэстүрлер



Pdf көрінісі
бет187/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   219
1 9 8
Қазак халкындағы батырлык дэстүрлер
қоғамдағы орны оған қолдау білдірген батырлардың беделі мен 
санына қарай анықталды. Оның үстіне батырдың шыққан руы 
үлкен болып, өзі ауқатты болса, оның ықпалы соншалықты зор 
болды. Сондай-ақ хандық биліктің әлсіздігі де халық арасынан 
шыққан батырлар мен билер рөлінің өсуіне де өзіндік ықпалын 
жасады. Жекелеген дуалы билердің билігі хандардың жарлығы- 
нан кем қабылданбады.
Батырлардың сыртқы саяси өмірдегі рөлі елшілік қызметі ар- 
қылы көрінді. Батыршылық институтының сыртқы саяси қызме- 
ті негізінен олардың отан қорғау ұстанымдарымен нақтыланды. 
XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар факторының белең 
алуы, оған қарсы азаттық күресті ұйымдастырушы жетекші күш 
батырлар қауымының қоғамдық қатынастарда алдыңғы орынға 
шығуына түрткі болды. Қарақүм жиыны батыршылық институ- 
тының пісіп-жетілгендігінің нақты көрінісі бола отырып, олар- 
дың алдағы екі ғасырлық уақытта қоғамдық қатынастардың бас- 
ты реттеуші күштері болатындығын бекітіп берді. Батырлар Отан 
қорғаумен ғана шектелмей, халықаралық саяси қатынастарға да 
белсене араласты. Отарлық езгіге қарсы күресте батырлар өзде- 
рінің әскери ұйымдастырушылық жэне басқарушылық қасиетте- 
рі арқылы жақсы танылады жэне өздерінің талаптарын батыл эрі 
нақты қоя білді. Батырлардың елшілік қызметтерін талдай оты­
рып, олардың кез келген саяси-қоғамдық қатынастарды шешуге 
қабілетті болғандығына көз жеткіздік.
Қазақ қоғамындағы қазақ батырларының өзіндік ұстанымда- 
ры, дәстүрлері, қасиеттері мен түрмысы, салт-санасы, ар-намыс 
кодекстері, принциптері, портреті мен бейнелік тұлғалары, өзін- 
дік мүраты, қоғамдық қызметі, этикалық ерекшеліктері, ырым- 
жоралғылары үлттық қүндылықтар жүйесін құрады. Дэстүрлі 
қазақ қоғамында батырлық ежелден өмір салты ретінде қарасты- 
рылды.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институтына тэн 
ұғымдық өлшемдер, мысалы, «кек алу», «ант беру», «олжа», «сау- 
ға» жэне т.б. өзіндік ерекшеліктері қалыптасты. Батырлардын 
рухани бет-бейнесі мен қызметінің халқымыздың рухани қүнды-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет