А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Қазақ халқындағы батырлык дәстүрлер



Pdf көрінісі
бет189/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   219
200
Қазақ халқындағы батырлык дәстүрлер
тамсандырған көшпелілер ұрпақтары өздерінің тарихи сабақтас- 
тығын да жоғалтты. Дала жауынгерінің батырлық рухы, идеалы 
тек қазақ қоғамында ғана емес, моңғол, башқұрт, қалмақ жэне 
т.б. көшпелілерінің кейінгі ұрпақтарының бойынан өше бастады. 
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институтының өз ма- 
ңызынан айырылуымен халқымыздың рухани-мәдени тарихи та- 
мырларының үзілгендігін де атап өтуіміз қажет.
Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге, қоғамның қайта түлеуі, 
ұлттық рух пен тарихи сананың жандануы орын алды. Осыған 
орай есімдері ел есінен ұмытыла бастаған батыр бабаларымыз- 
дың тэуелсіздік жолындағы ерен еңбектері мен тағылымды өмір- 
баяндары халқымызбен қайта қауышуда. Қазіргі қазақ қоғамында 
XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысында ерлік көрсеткен білек- 
ті де жүректі батырлардың өмірбаяны мен ерлік істері кеңінен 
дэріптеліп отыр. Бірақ, бұл бағытта мәселені ғылыми тұрғыдан 
жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі элі де болса күн тэртібінде тұр. 
Тарихтың терең қойнауына сіңіп бара жатқан батырларымыз- 
ды, ел аузындағы ауызша тарихымыз арқылы, ерте кезеңдерде 
жазылып кеткен деректер мен материалдар арқылы сүзіп алып, 
болашақ ұрпақ санасына сіңіру - тарих саласының ең өзекті мін- 
деттерінің бірі. Сондықтан бүл еңбек төл тарихымыздың өзіндік 
ерекшелігін айшықтап көрсететін батыршылық институтының 
тарихи рөлі мен қызметін ғылыми тұрғыдан талдауға арналды.


ҚОҒЫ ТЫ НДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
СҰРАҚТАР
1. «Қазак халқының потестарлық-саяси институттары» пэнінің 
мақсаты мен міндеттері.
2. «Қазақ халқының потестарлық-саяси институттары» пэнінің Ка­
захстан тарихы, этнология жэне т.б. пәндермен байланысы.
3. «Қазак халқының потестарлық-саяси институттары» пэнінің 
зерттелуі.
4. Сақтар одағы. Билік жүйесі, әлеуметтік кұрылымы.
5. Үйсіндер. Күнби жэне сайлаулы эскер.
6. Қаңлылар одақтары.
7. Ғұндар одағы. Тәңірқұтының міндеттері мен қызметі.
8. Ерте орта ғасырлардағы саяси-потестарлық билік құрылымы.
9. Кейінгі орта ғасырлардағы саяси-потестарлық билік құрылымы.
10. Қазақтардың потестарлық жүйесіндегі жүз.
11. Ру, тайпа, жүз өкілдерінің институты.
12. Қазақ ру-тайпаларының таңбалары мен ұрандары.
13. Орта ғасырлық түркі мемлекеттерінің басқару жүйесіндегі тари- 
хи тұлғалар.
14. Орта ғасырлық мемлекеттердегі билік құрылымы.
15. Ру, тайпа, жүз құрылымындағы билік тармақтары.
16. Қазақ қоғамындағы ақсақалдар алқасы.
17. Қазақ қоғамындағы аталықтар тарихы.
18. Билер институты, қызметі, тарихи маңызы.
19. Билер институты - қоғамдық қатынастар жүйесінде.
20. XVIII ғ. қазақ қоғамындағы билер институтының ішкі-саяси- 
әлеуметтік қызметі.
21. Қазак қоғамындағы батырлар институтының пайда болуы.
22. Қазақ қоғамындағы батырлар институтының жойылуы.
23. «Батыр» сөзінің этимологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет