1 9 6 Қазак халкындағы батырлык дәстүрлер XVIII ғасырдағы қалыптасқан жағдай саяси билік институтта-
рын өте қиын жағдайға қойды. Дәстүрлі көшпелі қоғамға тэн,
көшпелілер қоғамындағы қалыпты мемлекеттік тәртіптің қайнар
көзі жаугершілік тұрмыспен тікелей байланысты болғанына көз
жеткіземіз.
Сондықтан жұмыстың хронологиялық шеңберін құрайтын мер-
зім аралығында батырлар дэстүрлі қазақ қоғамындағы жауынгер-
лік дэстүрді жалғастырушылар ретінде өзіндік ерекшелігі айқын
әлеуметтік топ ретінде өзіндік ұғымдык бет-бейнесі мен ерекшелі-
гі қалыптасқан әлеуметтік категорияның жиынтығын құрады.
Дэстүрлі қазақ қоғамында сипаты мен қызметі жағынан әлеу-
меттік топ ретінде жетілген батыршылық институты белгілі бір
қоғамдық қүбылыс ретінде туындау, пайда болу жэне даму мен қа-
лыптасу үрдісін басынан өткерді. Батырлардың әлеуметтік, саяси
күш ретінде институтқа айналу үдерісі бірте-бірте жүзеге асты.
Батырлардың пайда болуы мен жауынгерлер тобының жетекші-
лері ретінде ерекшеленуі қоғам дамуының «әскери демократия»
кезеңімен тығыз байланысты болды. Осы кезеңде көшпелі қоғам-
ның қозғалысқа түсуімен батырлардың қоғамдық-саяси өмірдегі
рөлі ерекшеленіп, «батырлар культі» пайда болады. Батырлардың
қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалы тарих ғылымындағы «көсем-
дік» («вождество») ұғымымен тығыз байланысты. Бірақ, моңғол
шапқыншылығының нәтижесінде батырлардың жеке көсемдік
қызметтері шектеліп, батырлық тек жеке тұлғалық қасиет ретін-
де қарастырылып, олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі
бәсеңдейді. Батырлардың қоғамдық өмірдегі белсенді элеуметтік
топ ретінде көрініс беруі XIV-XV ғасырлардан кейін қайта көрі-
ніс береді. Бірақ, бұл кезеңдегі батырлар институтын өзінше дер-
бес, ара-жігі басқалай әлеуметтік топтардан ажыратылған құры-
лым ретінде қарастыруға келмейді. Дэл осы кезеңдегі батырлар
мен билер институтының қызметтері бір-бірімен астасып жатты.
Батыршылық институтының қалыптасуында көшпелі қоғамның
өзіндік ерекшеліктері маңызды рөл атқарды, ол көшпелі қоғам-
ның шаруашылықтық-мэдени кешенінің қалыптасуы нәтижесін-
де туындаған сүраныстың қажеттілігі ретінде пайда болды.