А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ



Pdf көрінісі
бет2/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219
3


4
Қазақ халқындағы батырлык дәстүрлер
қоғамына тэн басқа да әлеуметтік институттармен бірге дамыды. 
Дэстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар эрі би, эрі жырау, эрі елші, 
эрі ру басшысы қызметін коса атқара беруімен ерекшеленеді.
Оқу кұралының зерттеу нысаны - қазақ қоғамындағы батыр- 
шылық институтының қалыптасуы мен оның саяси, әлеуметтік 
қызметі жэне рухани құндылықтар жүйесіндегі орнын, рөлін зерт­
теу болып табылады. Ерте заманнан белгілі батыршылық инсти- 
тутынын қазақ даласында шарықтау шыңына жеткен, аса пәрмен- 
ді әлеуметтік - саяси күшке айналып, барлық мэнді белгілері мен 
қасиеті жарқырай ашылған тұсы - XVIII-XIX ғасырдың алғашқы 
жартысындағы дэстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық инсти- 
тутының саяси- әлеуметтік жэне сыртқы саяси қарым-қатынастар- 
дағы орны мен рөлі, батырлыққа тәрбиелеу мектептері қарастыры- 
лады. Тарихи қалыптасқан жағдай олардың барлық өмірін әскери- 
лендіруге әкеліп соқты. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың 
басындағы қазақ қоғамының ішкі жэне сыртқы саясатының даму 
ерекшеліктері батыршылық институты ықпалының артуын туғыз- 
ды. Осы кезеңнен бастап батырлар жеке әлеуметтік-саяси инсти­
тут ретінде қалыптасты. Дәстүрлі қазақ қоғамына тэн батыршы- 
лық институтының саяси-элеуметтік күш ретінде қалыптасуы ка­
зак қоғамының әлеуметтік ұйымдасуынан келіп туындайтын саяси 
жүйесіндегі ерекшеліктерімен байланысты болды. XVIII ғасырда 
қазақ халқына төрт жағынан да қауіп төніп, халық болып тарих 
сахнасында қалудың өзі күрделі мәселелер қатарынан саналған 
тұста, ел үшін басын қатерге тіккен ұлы бабалар батырлар тари- 
хын білу студенттер мен магистранттардың Отанға деген патриот- 
тык сезімін арттыра түсері сөзсіз. Кез келген халықты біріктіру 
ісінде ерекше орын алатын тұлғалар қатарынан саналатын, XVIII- 
XIX ғасырдың алғашқы жартысында да қазақ қоғамында саяси- 
экономикалық рөлі ерекше элеуметтік топтың бірі - батырлар 
екендігі даусыз. Қазақ қоғамының ішкі қоғамдық-саяси ұйымдасу 
түрлері туралы сөз еткенде оның бірлігіне негіз болған әлеуметтік 
топтардың институциялануы туралы мэселе элі күнге дейін отан- 
дық тарих ғылымында шешімін таппай келе жатқан мәселелердің 
бірі екендігіне көз жеткіземіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет