А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата10.01.2017
өлшемі2,08 Mb.
#1604
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Тапсырма

1.

 



Оркестрмен тілдескен дирижер тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада  «Шернияз» күйінің  буындарын қосып орындап кел№ 

 

БАҚТАҒЫ БҰЛБҰЛ ДАУЫС  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

44 


 

Әншілік  өнер  әр  заманда  өзінің  жарық  жұлдыздарын  тудырып  келеді.  Көптеген  әншілер  бұлбұл 

даусымен  ел  есінде  сақталып,  қазақ  мәдениеті  үшін  өздерінің  зор  үлесін  қосуда.  Әншілік  шеберліктің 

негізін  қалап,  ұлтымыздың  мақтанышына  айналған  Күләш  Бәйсейітова  мен  өнерін  екі  дәуірге 

жалғастырып, халқымыздың сүйікті  әншісіне айналған Роза Бағланова және     «Қазақтың бұлбұлы» деп 

халқы  еркелеткен  Бибігүл  Төлегенова.  Ал  бүгінгі  таңда  жезтаңдай  әншілердің  жолын  қуып,  елімізге 

танымал болған Майра Мұхамедқызын ерекше атауға болады.   

Майра  Мұхамедқызы  әлемдік  деңгейдегі  опера  әншісі.  Әншінің  ұлттық  спектакльдердегі 

кейіпкерлердің  партиясын  орындауы    мен  классикалық  шығармалардағы  бейнелерді  ерекше  сомдауы 

Қазақстанның  кәсіби  өнеріне  қосқан  зор  үлесі  болды.  Әнші  өз  ісіне  үлкен  жауапкершілікпен  қарайды. 

Сахнадағы  әрбір  көркемдік  бейнені  шыншыл да,  асқан  шеберлікпен орындайды.    Майра  Мұхамедқызы 

әлемге танымал көптеген опералардағы негізгі партияларын орындап келеді. Ол «Травиата» операсынан 

Виолетта,    Дж.  Вердидің    «Риголетто»  операсынан  Джильда,    Ж.  Бизенің    «Кармен»  операсынан

 

Микаэла,  П.Чайковскийдың  «Орлеан  қызы»  операсынан  Иоанна  және  Г.  Доницеттидің  «Лючия  ди 



Ламмермур»  операсынан  Лючия    бейнелерін  сомдаған.  Сонымен  қатар,  Майра  Мұхамедқызы 

халқымызға кеңінен танымал Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек және А.Жұбанов пен 

Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар партияларын орындауда асқан шеберлік танытты.    

 

Майра 



Мұхамедқызы 

ТМД  мемлекеттерімен  қоса 

Еуропа,  АҚШ  және  Шығыс 

елдерінде 

гастрольдік 

сапармен өнер көрсетіп келеді.  

Майра 

Мұхамед 


қызы 

өміріндегі  ең  маңызды  оқиға  

әлемге  танымал  Париждің 

Гранд-опера  театырмен  ұзақ 

мерзімді 

келесім 


шартқа 

отыруы  болатын.      Бұл  оқиға 

қазақтың  опера  өнерінің  биік 

деңгейде 

екенін 

дәлелдей 



түсті. 

Әнші 


әлем 

сахналарында 

жиырмадан 

астам 


классикалық 

опералардың 

басты 

партияларын 



асқан 

шеберлікпен орындап жүр. 

Дегенмен, әнші үшін Абай атындағы опера және балет театры ең сүйікті сахнасы болып есептеледі. 

Өйткені Майра Мұхамедқызы  өз халқының тыңдармандарын аса құрмет тұтады.    

 

Музыка тыңдайық: 

 

 

Майра Мұхамедқызы орындауында  қазақтың халық әні «Ағажай, Алтай». 

 

Ойлан да айт: 

 

 

Қалай ойлайсың, не себепті Астана қаласында Күләш Бәйсейітова атындағы екінші опера және 



балет театры ашылады?  

 

Сұрақтар:  



 

1.

 



Не себепті Н.Үсенбаеваны әлемдік деңгейдегі опера әншісі деп атаймыз? 

2.

 



Н.Үсенбаева қандай шет мемлекеттерде өнер көрсетті? 

3.

 



Әнші қазақ операларындағы қандай бейнелерді сомдады? 

4.

 



Қандай опера әншілерін білесің?  

 

45 


 

Тапсырма:  

 

1. «Бақтағы бұлбұл даусы» тақырыбын оқып кел.   

2. Домбырада  «Шернияз» күйінің үйренген буынын қайталап  кел.  

 

 

КҮЙДІҢ ҚАРШЫҒАСЫ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХХ  ғасырда  домбыра  дәстүрінде  үлкен  жаңалықтар  болды.  Ғасырлар  бойы  күйшілік  дәстүр  жеке 

орындауда  ғана  сақталып  жеткен  болатын.  Ал  ХХ  ғасырда  қазақ  күйлері  ансамбль  мен  оркестрлердің 

орындауында кеңінен тарады. Оркестрдің  зор дыбысы күйлерге күш, жігер бергендей рухын аша түсті.      



 

Ерте  замандарда  күйші  өзі  композитор  әрі  орындаушы  болған.  Ал,  қазіргі  таңда  композитор 

музыкасын  шығарса,  домбырашылар  немесе  оркестр  күйлер  мен  музыкалық  шығармаларды  нақышына 

келтіріп орындап келеді.  



 

XXI ғасырдың дәулескер күйшісі - Қаршыга Ахмедияров.  Қ.Ахмедияровтың репертуарында 300-

ден  аса  күйлері  бар.  Қаршыға  Батыс  Қазақстан  дәстүрлі  күйшілік  мектебінің  белгілі  композиторлары 

Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Дина,  Махамбет,  Есір,  Есбай,  Құлшар  күйлерін  асқан  шеберлікпен 

орындайды. Сонымен қатар, күйші шертпе дәстүріндегі күйлерді де жетік меңгерген ерекше дарын иесі.    

 

Қаршыға  тек  қана  домбырашы  ғана  емес,  ол  өз  жанынан  көптеген  күйлер  шығарған  талантты 



композитор. Ол 60-қа жуық күйлердің авторы. Әсіресе, Қаршыға шығармаларының ішінде арнау-күйлер 

маңызды  орынға  ие  болған.  Көптеген  күйлері  қазіргі  заманның  белгілі  тұлғаларына  арналған.  «Хамаң-

толғау» атты шығармасы  ақын  Хамит Ерғалиевке арналса, ал «Би» күйінде қазақтың әйгілі бишісі Шара 

Жиенқұлованың  мың  бұралған  ғажайып  өнерін  бейнелеген.  «Нұрғиса»  атты  күйі  өнерде  де,  өмірде  де 

бауырдай болған қазақтың біртуар азаматы композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевке арналады. Ал, 

«Ғазиза»  деп  атау  берген  шығармасы  композитор  Ғазиза  Жұбанованың  рухына  бағышталса,  «Шамғон-

Ақжелең» күйі өзінің ұстазы, атақты дирижер Шамғон Қажығалиевтың 70-жылдық мерей тойына тартуы 

болатын.   



 

46 


Қаршыға  шығармашылығы  қазақтың  күй  өнерінің  жаңа  бір  белесі  іспетті.  Ол  қазақ  халқының 

күйші-композиторларының 

дәстүрін 

жалғастырған 

ізбасары. 

Қаршыға 


Ахмедияров 

халық 


композиторларының  күйлерін  шеберлікпен  орындап  қана  қоймай,  қазіргі  заманға  лайық  қоңыр 

домбырасын сөйлете білді. Ол жаңа заманға лайық жаңа күйлерді тудырушы – күйші-композитор.  

Күйші-композитор  Қаршыға  Ахмедияровты    қазақтың    күйшілік  дәстүрін  XXI  ғасырға  жеткізіп, 

ұрпағына мұра еткен ерекше дарын иесі деп мақтанышпен айта аламыз.  

 

 

Күй тыңдайық!  

 

Қаршыға Ахмедияровтың орындауында «Нұрғиса» атты күйін тыңдап көрелік!  

 

Сұрақтар:  

1.

 

ХХ ғасырда күйшілік өнерде қандай жаңалықтар болды? 



2.

 

Қаршыға Ахмедияров күйшілік өнерге қандай үлес қосты? 



3.

 

Қаршыға Ахмедияровтың «Арнау-күйлерін» ата? 



 

Тапсырма:  

1.

 



«Күйдің Қаршығасы» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада Темірбектің  «Шернияз» күйінің  соңғы  буынын  жаттап, күйді толық орындап кел.   

 

IV ТОҚСАН  

«ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ЖАҢА ӘНІ» 

 

АҚМАҢДАЙЛЫМДЫ ӘУЕЛЕТКЕН РОЗА БАҒЛАНОВА 

 

 

 

 

XX ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан мәдениетінде жаңа заман әндері дүниеге келе бастайды. 

Қазақстанда  Еуропа  мәдениетінен  бастау  алған  эстрада  жанры  пайда  болады.  Эстрада  әндері  тыңдауға 

жеңіл,  бір  ырғақта  жүретін,  мазмұны  жағынан  әр  түрлі  тақырыптарды  қамтиды:    табиғат,  махаббат, 

патриоттық,  лирикалық  т.б.  Дәстүрлі  әндерде  бір  адам  сөзін  де,  әнін  де  өзі  шығарып,  өзі  орындайтын 


 

47 


болса  (Ақан  сері,  Біржан  сал),    жаңа  заман  әндерінде  композитор  музыкасын  жазып,  ақын  сөзін 

шығарған. Ал, жаңа әнді халықтың жүрегіне жеткізіп, ел арасына тарататын әнші-орындаушылар болған. 

Осындай жаңа бағытта көптеген жаңа заман композиторлары мен әншілер қаулай өсті.  

Қазақтың  эстрада  жанрын  қалыптастыруда  халықтың  ыстық  ықыласына  бөленіп,  биік  бағасын 

алған,  әндерін  әрбір  қазақ  баласы  шырқай  кететін  әйгілі  композитор  –  Шәмші  Қалдаяқов  болды.  Ал 

Шәмшінің көптеген әндерін елге танымал еткен Роза Бағланова еді. Қазақ эстрадасының көшін бастаушы 

Роза Бағланова деп аса мақтанышпен айта аламыз. Роза Бағланова көптеген жаңа заман әндерін алғаш рет 

ел  арасына  таратып,  өзінің  ізінен  жаңа  буын  әншілердің  шығуына  зор  ықпалын  тигізді.  Ол  осындай 

қажырлы еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағына да ие болады.  

Ал,  енді  Шәмші  Қалдаяқовтың  «Ақмаңдайлым»  әнінің  қысқаша  шығу  тарихына  құлақ 

түрелік!       

Күз мезгілінің жайма шуақ жадырап тұрған күндерінің бірі  болатын.   Алтын бақтай қызыл-сары 

жапыраққа  оранған  ағаштарды  тамашалап,  арман  мен  қиялға  шомған  жастар  бір-бірімен  сырласып 

барады.  Сая  бақты  аралап  жүргендердің  ішінде  Шәмші  де  бар.  Ол  сезімімен  сырласып  алабұртқан 

жастарды көзінің қиығымен бір шалып терең ойға батады. Көңілін көптен бері  мазалаған  бір әуен бар. 

Ойы  сәл  саябырлап  барып  қайыңның  түбіндегі  бір  орындыққа  жайғаса  кетеді.  Сол  уақытта  әлгі  әуен 

жүрегінің түбінен тұрақтап, асау көңілі орнына түскендей сезінеді. 

 Жаңа ғана тұрақтаған әуен жан дүниесін әлдилей жөнелді. Осы ырғақтың ықпалынан шыға алмай 

біраз отырды да тұрып кетті. Жұрт жұмыстан қайтатын кез еді. Шәмші Қалдаяқов сол бойда өлеңдерін 

жиі  оқитын  ақын  Мұзафар  Әлімбаевты  «Балдырған»  журналының  редакциясына  арнайы  іздеп  барады. 

Барған  бойда  жаңа  туған  әніне  мәтін  жазып  беруін  өтінеді.  Ыңылдап  әуенін  айтып  береді.  Шәмшінің 

әуеніне  сүйсінген  Мұзақаң  жас  талаптың  өтінішін  жерге  қалдырмай    «Ақмаңдайлым»  өлеңін  жазады. 

Ертеңіне  екеуі  «Бұл  әнді  кімге  ұсынамыз?»,  -  деп  кеңеседі.  Сөйтіп  бұл  әнді  Шәмші  ағамыз  Мұзафар 

Әлімбаев екеуі Роза Бағлановаға ұсынады.  



Ал, Роза Бағланова «Ақмаңдайлым» әні жайлы былай деп баяндайды: «1953 жылдары Мұзафар 

Әлімбаев  пен  Шәмші  Қалдаяқов  үйге  келді.  «Сізге  өлең  жазып  едік.  Қалай  болар  екен?»,-  деп  күй 

сандыққа  отыра  қалып  «Ақмаңдайлым»  әнін  тартып  берді.  Үш  күннен  кейін-ақ  бұл  әнді  жаттап,  

«үкімет»  басшыларының  қатысуымен  болған  концертте  орындадым.  Ойпырмай,  халықтың  қошеметін 

айтсаңшы! Әсіресе,    

 

Айналдым ақмаңдайлым 



 

Ақылдым бал таңдайлым 

 

Жалында жас дәуренде 



 

Ұялма жан сәулем де 

 

Жақсылықтың жоқ сәулем ерте кеші 



Жадырашы, назданшы, еркелеші, - 

деп  қайырмасын  айтқанда  қайта-қайта  қол  соғып,  сахнадан  жібермей  қойды».  Сөйтіп,  Шәмші 

Қалдаяқовтың  «Ақмаңдайлым»  әні  дүниеге  келіп,  әлі  күнге  дейін халықтың  ыстық  ықыласына  бөленіп 

келеді.  

 

Ән тыңдайық



Роза  Бағланованың  орындауында  Шәмші  Қалдаяқовтың    «Ақмаңдайлым»  әнін 

тыңдап көрелік!          

 

Біліп ал! 

 

                                    

Шәмші  Қалдаяқов  –  (1930-1992)  қазақтың  белгілі  композиторы. 

Қазақстанның  халық  әртісі.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Отырар  ауданында 

дүниеге  келген.  Эстрадалық    ән  жанрында  өзіндік  қолтаңбасын  жасаған 

талантты  сазгер.  Оның  «Арыс  жағасында»,  «Сыр  сұлуы»,  «Кешікпей  келем  деп 

ең», «Бахыт құшағында», «Қайықта», «Ақ бантик» т.б. көптеген әндері кеңінен 

танымал.  Әсіресе,  Шәмші  Қалдаяқовтың  «Менің  Қазақстаным»  атты  әні 

халықтың жүрегінен орын алып, Мемлекетіміздің «Ән ұранына» айналды. Шәмші 

әндерін  қазаққа  әйгілі  әншілер:  Роза  Бағланова,  Бибігүл  Төлегенова,  Зейнеп 

Қойшыбаева,  Роза  Рымбаева  және  қазіргі  таңда  көптеген  жас  буын  эстрада 

әншілері орындап келеді.      

Білесің бе?  


 

48 


 

Роза  Бағланова  –  (1922)  қазақтың  әйгілі  әншісі.  Қазақстанның  және  КСРО  халық  әртісі. 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары майданда 

өнер  көрсетіп,  1945  жылы  9  мамырда  Берлиндегі  «Жеңіс»  концертіне  қатысқан.  Әнші  Венгрия, 

Германия,  Қытай,  Польша,  Ауғаныстан,  Үндістан,  Австрия,  Бельгия,  Бирма,  Швеция,  Канада  т.б. 

көптеген шет мемлекетерде өнер көрсетіп, қазақ әнін бүкіл әлемге паш еткен. Осындай мәдениет пен 

өнердегі ерен еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағына ие болған.     

 

Сұрақтар:  

1.

 



Қазақстанда эстрада жанры қай уақытта қалыптаса бастады? 

2.

 



Эстрада әндерінің дәстүрлі әндерден ерекшелігі неде?  

3.

 



Қазақ эстрадасының қалыптасуына ықпал еткен композитор мен әншіні ата? 

4.

 



Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні дүниеге қалай келді? 

 

Тапсырма: 

1.

 

«Ақмаңдайлымды әуелеткен Роза Бағланова» тақырыбын оқып кел.  



2.

 

Домбырада Тәттімбет «Сылқылдақ» күйінің  бастапқы  буынын  үйрену:  



 

  

ТУҒАН ЖЕРІН ӘН ЕТКЕН ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВ 

 

 

 

 

Өмірге  келген  әрбір  әннің  тарихы  бар.  Сұлу  ән  бар  сезімді  бойлап,  жүректің  түкпірінен  шығып 



жүрекке жететіні сөзсіз.  

Әннің де естісі бар есері бар. 

Тыңдаушының  құлағын кесері бар. 

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді  

Тыңдағанда көңілдің өсері бар...  

 -  деп ұлы Абай жырлағандай  есті ән елдің жадында мәңгі сақталып, көкірегіне нұр болып құйылады.   

Осындай  ел-халықтың  ыстық  ықыласына  бөленген  қазіргі  заман  композиторлары 

Ш.Қалдаяқовтың  «Менің  Қазақстаным»,  Н.Тілендиевтің  «Өз  елім»,  «Сары  жайлау»,  К.Дүйсекеевтің 

«Сәлем  саған  туған  ел»,  С.Бәйтерековтың  «Сары  арқа»,  Ж.Тұяқбаевтың  «Атамекен»  сынды  көптеген 

әндерін мақтанышпен айта аламыз. Туған жерге деген қайталанбас туындыны дүниеге келтірген танымал 

әнші-композитор  Ескендір  Хасанғалиевтің  «Атамекен»  әні  де  тыңдаушысының  көңілінен  шығып, 

жүрегінен орын тапты. Олай болса, халықтың ән ұранындай болған «Атамекен» әнінің қысқаша шығу 



тарихына құлақ түрелік.       

 

49 


 

«Атамекен» әні дархан даланы жалпағынан басып, қалың елдің бауырында өскен нағыз қазақтың 

баласының жүрегінен шыққан жарқын да жасампаз туынды. 

1970  жылы  Қазақ  ССР-інің  құрылғанына  50  жыл  толады.  Осы  мерекені  тойлауға  үкімет 

басшыларының  қатысуымен  өтетін  арнайы  салтанатты  концерт  дайындалады.  Бұл  концертте  туған  ел, 

жер  туралы  патриоттық  жаңа  ән  шырқалуы  керек  болатын.  Ескендір  Хасанғалиевтің  де  аты    халыққа 

танылып  қалған  уақыты  еді.  Әнші  әрі  композиторға  туған  ел  мен  жердің  рухын  асқақтатар  ән  жазуы 

жайлы  ел  басшыларынан  ұсыныс  түседі.  Композитор  үшін  бұл  үлкен  жауапкершілік  болатын.  Ел 

алдындағы  борышым  деп  қабылдаған  Ескендір  Хасанғалиев  тез  арада  ән  жазуға  кіріседі.  Әннің  әуені 

дайын болғанда композитор белгілі ақын Қадыр Мырзалиевке сөзін жазуға қолқа салады. Әннің әуенін 

тыңдаған ақын оның буынына лайық сөзін жазып шығады. Сөйтіп, қазақтың екі өнер майталмандарының 

пікірі тоғысып, халықтың жүрегінен жол тапқан мәңгі өшпес туынды дүниеге келеді.   



Ескендір  Хасанғалиев өзінің  «Атамекен»  әнін  алғаш  орындағандағы  сезімі  жайлы  былай  деп 

баяндайды: 

Республика сарайында  үкімет басшылары қатысқан Қазақ ССР-інің құрылғанына 50 жыл толуына 

орай үлкен мерекелік концерт  өтіп жатты.  «Атамекен» әнін айтудың да кезегі  келеді. Бұл әнімді  алғаш 

рет  Нұрғали  Нүсүпжановпен  бірге  симфониялық  оркестірдің  сүйемеліндеуімен  орындадық.  Әнді 

орындап тұрып тыңдаушының жүрегін тербеп, көздеріне жас үйірілгенін сезгендей болдық. Әсіресе,   

Қайда жүрсең, Атамекен 

Көкейіңде жатады екен 

Күннің өзі ұясына 

Қимай оны батады екен,  - 

деп  әннің  соңғы  сөздері  айтылып  жатқанда  халық  ду  көтеріліп  орындарынан  тұрып  кетті.  Ұзақ  уақыт 

халықтың қол шапалағы тоқтамай тұрып алды», - дейді.  

Иә,  белгілі  әнші-композитор,  өнер  майталманы  Ескендір  Хасанғалиевтің  «Атамекен»  әні  әрбір 

қазақ  баласының  жігерін  қайрап,  туған  елі  мен  жеріне  деген  махаббатын  арттыра  түскендей.  Қазақ 

даласын шарлап шырқалған бұл ән халықтың жүрегінің түкпірінен орын алып мәңгі жасай бермек!  

 

Ән тыңдайық: 

 

Әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің өзінің орындауында «Атамекен» әнін тыңдап көрелік! 

 

Ойлан да айт! 

 

«Әннің де естісі бар, есері бар» деген сөзді қалай түсінесің? 

 

Біліп ал!  

 

Ескендір  Хасанғалиев  –  (1940)  әнші-композитор.  Батыс  Қазақстан  облысы,  Қаратөбе  аулында 

дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. 200-ден аса әндер мен романстардың және хорға арналған 

шығармалардың  авторы.  Оның  «Асыл  арман»  «Өмірімнің  жазы»,  «Атамекен»,  «Бозторғайым»  атты  

бірнеше ән жинағы жарық көрген. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, жастық шақ, 

махаббат  тақырыбындағы  өлеңдеріне  көптеген  әндер  жазды.  Е.Хасанғалиев  гастрольдік  сапармен 

Монғолия,  Болгария,  Югославия,  Алжир,  Сирия,  Ливан,  Швеция,  Финляндия  т.б.  көптеген  шет 

мемлекетерде өнер көрсетіп, қазақ әнін бүкіл әлемге паш еткен. Бүгінгі таңда Орал қаласында Ескендір 

Хасанғалиевтің «Атамекен» атты халықаралық ән сайысы өткізіліп келеді.      

 

Сұрақтар: 



 

1.

 



Туған ел жайлы қандай әндерді білесің? 

2.

 



Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні дүниеге қалай келді? 

3.

 



Не себепті «Атамекен» әні халықтың көңілінен шықты? 

 

Тапсырма.  

1.

 

«Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев» тақырыбын оқып кел.  



2.

 

Домбырада Тәттімбет «Сылқылдақ» күйінің  келесі  буынын  қайтала.  



 

 

 

 

50 


АРМАНДАСТАР ӘНІН АСҚАҚТАТҚАН 

НҰРҒАЛИ НҮСІПЖАНОВ 

 

 

 

 

 

 

Әр заман өзінің тарихи оқиғаларымен есте сақталады. Сол тарихи оқиғалар ән-жырмен өріліп, күй 

болып өрнектеліп отырған. Сонау  «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманынан жеткен  «Елім-ай» 

әні мен «Ел айрылған» күйі халықтың ашы зарын еске түсірсе, Динаның   «Он алтыншы жыл», «Жеңіс» 

күйлері  мыңдаған  халықтың  басынан  өткерген  соғыс  заманынан  хабар  бергендей.  Ал,  Семей 

палигонынан  зардап  шеккен  ауыр  қасірет  Төлеген  Мұхамеджановтың  «Заман-ай»  әні  арқылы  әлі  де 

халықтың  жадында  сақталуда.  Осындай  бір  заманның  оқиғасынан  хабар  берер  әндердің  бірі  Әсет 

Бейсеуовтың «Армандастар» әні. Олай болса, «Армандастар» әнінің тарихына құлақ түрелік.           

Кеңестік  дәуір  кезеңі  болатын.  Өнер  адамдары  концерттік  сапармен  өндіріс  орындарын  жиі 

аралайтын.  Ондағы  мақсат  еңбек  етіп  жүрген  еңбекші  жастарды  жігерлендіру  еді.  Сол  кезде  қазақ 

радиосында  жұмыс  істеп  жүрген  Нұрғали  Нүсіпжанов  тамаша  композитор  Әсет  Бейсеуовпен  бірге  кен 

өлкелерін, мақталы алқаптар мен бидайлы өңірлерді көп аралайды. Жүрген жерлері ән мен күйге бөленіп, 

ойын-сауыққа  да  ұласып  жататын.  Жастардың  сол  замандағы  биік  мақсаты  мен  арманын,  болашаққа 

деген  сенімін көріп қуана қайтқан әнші мен композиторға бір ой  келеді. Олар көзімен көрген осындай 

жастардың  көңіл-күйін  халыққа  жеткізбек  мақсатта  тамаша  бір  ән  арнауды  жөн  көреді.  Сөйтіп 

композитор  Әсет  Бейсеуовтің  көңіліне  бір  әуен  келеді.  Жүрегінен  шыққан  бұл  әуенді  Нұрғали 

Нүсіпжановпен бірге қуаныштары қойнына симай, ақын Нұрсұлтан Әлімқұловқа тыңдатады.  Нұрсұлтан 

Әлімқұловтың  көңіліне  бұл  әуен  қона  кетіп  әннің  сөзін  жазуға  кіріседі.  Бұл  ән  «Армандастар»  деген 

атпен жастардың арасында тез арада-ақ тарап кетеді. Ал әнді алғаш орындаған Нұрғали Нүсіпжанов өз 

сезімін былайша баяндайды: 

«Әннің  сөзі  дайын  болған  бойда  өзім  орындап  радиоға  жаздырттым.  Бұл  ән  өте  ойымызға 

қонымды,  жүрекке  жағымды  болып  шықты.  Ол,  тіпті,  бүгінгі    күнменен  болшағымызға  жоспар 

жасағандай. Қазіргі жас ұрпаққа да жігер беретіндей тамаша ән болып әлі де жалғасып келеді» 

Иә,  «Армандастар»  әнінің  өлеңін  көрген  бойда  бірден-ақ  әуені  ойыңа  оралып  оп-оңай  қосыла 

кетесің:  

 

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік. 



Бәріміз бір өмір жолын бастап едік. 

Бәріміз де жазылмаған дастан едік, 

Армандастар, құрдастар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет