А. Ж. Асамбаев техника ғылымының кандидаты, доцент


Информатика пәні бойынша үй жұмысы



бет32/159
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#14229
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159
2.3. Информатика пәні бойынша үй жұмысы

Оқушылардың үй жұмысы деп – құрылған сабақтар кестесінен тыс оқу тапсырмаларын өздігінен орындауды айтады.

Үй жұмысының сыныптағы жұмыстан принциптік айырмашылығы, мұғалімнің берген нұсқаулары бойынша, оның тікелей басқаруынсыз орындалады. Оқушы үй жұмысын орындау уақытын, ырғағын және қарқынын өзі таңдайды. Үй жұмыстарының формалары

Оқушылардың үй жұмысының теориялық аспектілері жеткіліксіз зерттелгендіктен, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде үй тапсырмаларының жіктеуі әртүрлі негіздемелермен ұсынылады.

Дидактикалық мақсат бойынша үй жұмыстарының мына формалары ерекшеленеді [34, 35, 49]:

жаңа материалды қабылдауға, жаңа тақырыпты оқуға дайындайтын тапсырмалар;

сабақта алған білімдерін бекітуге және пайдалануға, ептілік пен дағдыларды қалыптасыртуға бағытталған тапсырмалар;

сыныпта игерген оқу материалын кеңейтуге және

тереңдетуге ықпал ететін тапсырмалар;

жаттығуларды өздігінен орындау дағдысын қалыптастыру және дамытуға бағытталған тапсырмалар;

бағдарламадағы материалдан тыс, дегенмен оқушылардың мүмкіндіктеріне сай тапсырмаларды молынан жеке отырып орындау арқылы өздігінен ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін тапсырмалар.

Web-сайтта [47] мына өткізілетін сабақ типіне байланысты үй тапсырмаларының жіктемесі ұсынылған:

жаңа материалды оқыту сабақтарына:

материалды оқулықтан оқып, оны айтып беру;

сабақта оқытылған материалды жетілдіру;

белгілі бір ерекшелігіне байланысты материалды топтастыру;

қосымша оқулықтардан және мәлімет көздерінен материалдар жинау. • алған білімді пайдалану сабақтарына:

практикалық жұмыстар (оқу құралдарын, каточкалар, кестелер әзірлеу: өздігінен ойлап табылған, басқа қосымша әдебиеттерден, анықтамалықтардан, сөздіктерден және т.б. алынған);

сыныпта орындалған немесе үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;

қалыпты емес тапсырмаларды орындау;

пәнаралық байланысы бар тапсырмаларды орындау;

тапсырмаларды өздігінен құрастыру;

материалды өздігінен оқып білу;

деректерді, бақыланған құбылыстарды салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру; 8) қателермен жұмыс жасау. • жалпылау сабақтарына:

мұғалімнің арнайы қойылған сұрақтарына жауап беру;

мұғалімнің берген тапсырмасы және жоспар бойынша жауап беруге дайындық;

тақырып бойынша өздігінен жоспар құру немесе осы жоспар бойынша дайындалу;

мәтіндегі негізгі және екінші кезектегі материалды бөліп алу;

сыныпта орындалғанға ұқсас, қандай да бір нәтижені немесе жағдайды өздігінен дәлелдеу;

тақырып бойынша қосымша материалды таңдау;

оқылған тақырып бойынша өздігінен тапсырмалар құрастыру (жеке, жұптық немесе топтық);

қолда бар материалдың негізінде қорытынды шығару, тұжырымдау (бақылау, тәжірибе, эксперимент, экскурсия);

кестелер, сызбалар, тірек конспектілерін дайындау;

жалпылаушы сипаттағы қалыпты емес тапсырмалар:

оқытылған материал бойынша сөзжұмбақтар, мәтіндер, оқытушылық бағдарламалар және т.б. құрастыру.

алған білімді бақылау және тексеру сабақтарына:

1) сұрақтарға жазбаша жауап беру; 2) үйде жекеше бақылау жұмысын орындау; 3) қалыпты емес тапсырмаларды орындау.

Жеке үй жұмысы – әдетте, сыныптағы кейбір оқушыларға беріледі. Сол арқылы мұғалім нақты оқушының білім деңгейін тексере алады. Мұндай жұмыс карточкаларда немесе дәптерде орындалады. Оның мақсаты нақты тақырып бойынша алған білімдерін түзету, кеткен кемшіліктерді толықтыру және т.б. болып табылады. Бұлар міндетті емес тапсырмалар да болуы мүмкін, мысалы, сыныптан тыс жұмыс үшін.

Топтық үй жұмысын орындау кезінде оқушылар тобы жалпы сыныптағы тапсырманың бір бөлігі болып саналатын тапсырманы орындайды. Мұндай тапсырмаларды алдын ала берген дұрыс.

Шығармашылық жұмыс жеке үй жұмысының түрі ретінде ерекшеленбейді, бірақ ол үй жұмыстарының барлық түрін біріктіруі қажет. Мысалы, ертегілер желісінен тұратын тапсырмалар құрастыру, мәлімдемелер мен баяндамалар жазу. Мұндай үй жұмысының түрін «ұзақ мерзімді» тапсырмалар деуге болады.

Сараланған (дифференциалданған) үй жұмысы «мықты» да, «нашар оқитын» да оқушыға арналады. Дифференциалданған әдістің негізі, өздік жұмысты ұйымдастыру болып табылады, ол мына сараланған тапсырмалардың тәсілдері мен формалары арқылы іске асады:

Барлық оқушылар үшін тапсырмалардың мазмұны ұқсас, бірақ орындау тәсілі бойынша әртүрлі, мысалы, тапсырмалар саны әртүрлі болуы.

Таңдау құқығы бар бірнеше нұсқалы тапсырмалар: «Үйде таңдауың бойынша ... беттегі №... немесе №... жаттығуларды орында». Еркін таңдауға берілген жаттығуларды тапсырған кезде мұғалім кез келген оқушыға алдымен жеңілін, одан күрделісін орындауға көшу керектігіне кеңес бере алады.

«Нашар оқитын» оқушыларға толтыру үшін бос орын қалдырылған, қатесін түзетуге арналған, шешуі аяқталмаған тапсырмалардан тұратын карточкалар беруге болады.



Бір сыныпқа ортақ – үй тапсырмасының жиі қолданылатын түрі.

Партадағы көршіге үй жұмысын құрастыру (тұрақты бірге отыратын жұптар). Мысалы: «Сыныпта өтілген тақырыпқа сәйкес көршіңе екі тапсырма құрастыр».

Іс жүзінде мұғалімдердің 80%-ы үй тапсырмасын барлық сыныпқа ортақ береді, тек кей кезде ғана жеке-жеке сараланған тапсырмалар жүктейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет