А. Ж. Асамбаев техника ғылымының кандидаты, доцент


Тесттік тапсырмалар түрлері



бет97/159
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#14229
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

3.6.2. Тесттік тапсырмалар түрлері

Тесттің көптеген түрлерін Рысс В.А., Носов О.Л., Флоров Т.Д., Тарасов В.А., Тулидова Н.Н., Аванесов В.С. және т.б. ғалымдар өздерінің ғылыми-әдістемелік еңбектерінде қарастырып дамытып жасаған (3.1-кесте).

3.1-кесте. Тест тапсырмаларының түрлері

Ғалымның аты-жөні

Тестің түрі

Анықтамасы

Сиэппи А.О. Тарасов В.А.

(1972 ж.)



Таңдаулы жауаптары

бар тест



Берілген жауаптардың ішінен дұрысын таңдау

Конструкталған жауапты тест

Таңдалған нәтижесін жауаптар

жолағына жазу



Рысс В.Л. (1982 ж.)

Алтернатива – тест

Оқушыдан берілген екі жауаптың біреуін таңдауын талап етеді.

Көп таңдаулы тест

Көптеген берілген нұсқалардың ішінен дұрыс біреуін таңдауды талап етеді.

Аванесов В.С.

(1994 ж.)



Бір дұрыс жауабы бар тест

Орындаушы берілген нұсқалардың ішінен дұрысырағын таңдайды.

Бірнеше дұрыс жауабы бар тест

Орындаушы берілген нұсқалардың ішінен бірнеше (бір, екі, үш т.б.) дұрыс жауапты таңдауы тиіс.

Ашық формадағы

тест


Орындаушы дұрыс жауапты өзі жазуы тиіс.

Дұрыс тізбекті құрастыруға арналған тапсырма

Дұрыс тізбекті құрастыру.

Майоров А.Н.

(1996 ж.)





Ашық типті тапсырма: 1. шектеулі жауапты есеп



Орындаушыдан дұрыс жауапты жазу талап етіледі: 1. берілген тапсырмаған орындаушының еркін жауабы; орындаушы сұраққа өз бетінше жауап беруі тиіс, бірақ олар шектеулі болуы керек.




Жабық типті тапсырма: 1. альтернативті жауапты

2. бірнеше таңдау





Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау:

берілген екі жауаптан таңдау;

берілген бірнеше нұсқадан таңдау; 3. орындаушы элементті дұрыс тіздекте орналастыру кажет.


Носова О.Л.

Фролова Т.Д.

(2001ж)


Болжам – тест

Оқушыдан ережелер мен анықтамаларды білуін талап етеді, дұрыс жауапы таңдауды қажет ететін сұрақтардан тұрады.

Графикалық тест

Сызба арқылы орындалатын тапсырмалар.

Таңдаулы жауапты

тест


Берілген жауаптар ішінен дұрысын таңдау

Терембекова А.А.

(2003 ж.)


Толықтыруға және еске түсіруге арналған

тест




Таңдау тесті

Берілген жауаптар ішінен дұрысын таңдау

Альтернативті тест

Берілген екі жауаптың ішінен біреуін аңдау.

Конструкталған жау-

апты тест



Берілген нәтижесін жауаптар жолағына жазу.

Гулидов И.Н.

(2005ж)


Жабық формадағы

тест


Берілген жауаптар ішінен дұрыс біреуін таңдау.

Толықтыуға арналған

тест


Орындаушыдан өз бетінше жауапты алуды талап ететін тапсырма.



Дұрыс тізбекті құруға арналған тапсырма

Тесте берілген процестер мен істің тәртібін көрсетуді талап етеді.



Тест – альтернатива, тест – көптеген таңдау, тест – болжам, таңдаулы жауапты тест – бұлардың барлығы жабық формадағы тест, себебі бұлардың барлығы берілген жауаптардың ішінен дұрысын таңдауды талап етеді.

Жабық формадағы тестер көп танылып, пайдаланылуда. Мұндай түрдегі тестердің кеңінен танылуы, ол мөлшері көп пайдаланушыларға арналған. Ал ашық формадағы тестерді қолдану кейбір қиындықтарды тудырады. Мұндай түрдегі тестерді тексеруге негізінен мамандар талап етіледі. Бірақ мектеп сыныптарында, кіші топтарда осындай тест түрін қолдану өте қолайлы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет