Информатиканы оқыту әдістері
Әдіс (грек.– «methodos» – «зерттеу») – бұл тәсіл, әдіс немесе әрекет бейнесі; мақсатқа жету әдісі, қандайда бір айқындалған түрде реттелген әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты игерудің практикалық немесе теориялық тәсілдері мен амалдардың жиынтығы.
Әдебиетте әдіс ұғымына әртүрлі анықтамалар келтіріледі:
мұғалім мен оқушы әрекетінің тәсілі;
жұмыс тәсілдерінің жиынтығы;
мұғалім оқушыларды білімсіздіктен білімге жетелейтін жол; 4) мұғалім мен оқушылар әрекеттерінің жүйесі және т.б.
Педагогтардың көпшілігі, әдістерді оқыту үрдісінің тапсырмалар жинағын шешуге бағытталған, мұғалім мен оқушының реттеліп өзара іліктелген әректерінің тәсілдері деп қарастырады.
Оқыту әдісі – бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу кезінде белгілі бір тапсырмалар шеңберінде қолданылатын педагог пен оқушылардың нысаналы педагогикалық қарым-қатынасын ұйымдастыру ережелері мен реттеуші қағидалар жүйесі (М.И.Махмутов1).
Достарыңызбен бөлісу: |