A желіге құлын байланады



Дата16.05.2023
өлшемі29,01 Kb.
#93363
Байланысты:
11 сынама тест


1120-нұсқа 1-мәтін
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас кұлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей каз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады. II. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шакырып, кейде мал сойып немесе қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарынын басын қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындык» тойын откізеді. Бұл кезде желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағып. жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды. 1. Бие байларда қандай ырым жасалады?
A) Желіге құлын байланады.
B) Жұмсақ жүннең ноқта жасалады.
C) Қыстан қалған сүрді пісіреді.
D) «Қымызмұрындық» тойын өткізеді.
Е) Желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағылады.
2. Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты такырып
A) Бие байлау
B) Жүннен есілген ноқталар
C) Жас құлындар
Д) Тартылған желілер
Е) Ноқталанған құлындар
2-мәтін Ғылым артық па, әлде мал артық па? Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге: - Ғылым артық па, элде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. Сол мезетте шешен: - Біріншіден. ғылым артык. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал малперғауын мен Қарыпбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малдысен сақтайсын. Үшіншіден, ғылымның досы кеп, ал малдың дұшпаны көп.Төртіншіден, ғылымды жұмсасан, арта береді, малды жұмсасан, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал саран деген атак береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, кағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жогалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болган үстіне бола берсе екен деп дұниеқоңыз етеді. Оныншыдан, гылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің коңіліне тәкаппарлық салады, — деп тапқырлық танытыпты.
3. Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған?
A) Төртінші B) Бесінші C) Үшінші Д) ЖетІнші Е) Алтыншы
4. Ғылымның дүниеден артықшылығы A)Досың санаулы ғана болады.
B)Адамды масаттандырады.
C)Мінезін нашар жаққа өзгертеді.
5. Мәтін мазмұнына сай мақал
A) Мал көтерер елімді, Дос көтерер көңілді
C) Мың малың болғанша, Бір балаң ғалым болсын.
Е) Аңқау бері қой үркітеді
Д)Адамның тынышын алады.
Е)Адамға ақыл-ой қосады.
B) Атана не қылсаң, Алдыңа сол келер
Е) Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді.
2 Ақылсыз адам ел үркітеді
6. Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл
A) Жобалап айту B) Жырлап айту C) Суреттеп айту D) Баяндап айту Е) Салыстыра айту
3-мәтін Әлем елдерінің Жаңа жылды карсы алуы «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт-дәстүрлері бар. Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық уйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен. Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шыгарып тастайды екен. Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. Францняда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай. кетерінде сыйлықтар береді екен. Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен, Айтса айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырактар жағып. керкемдейтін көрінеді. Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бүл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді. Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір- бірінің үстеріне су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті- басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға болады. Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын керінеді. Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен. Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар атылып, жана жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді. Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарган ел болып есептеледі. Сондықган да Жана жылда осы елдін әр отбасы таныстарын ашық хат арқылы құттыктағанды ұнатады. Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл казіргі күн есебі бойынша наурыздын 22-ші жұлдызына сэйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көніл күйде болып, бір-біріне жылы сөз, жаксы тілек айтады,ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн теңеседі.
7. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали»деп аталуының себебі
A) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
B) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан
C) Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен Д) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан Е) Әиел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан 8. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырыпқана қоймай, кетерінде сыйлықтар беруінің себебі A) Адалдығын көрсету үшін B) Қолы ашық екенін көрсету үшін C) Ырымдарға сенгендіктен 3 D) Ұстамдылығын байқату үшін Е) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін 9. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел A) Франция B) Италня C) Венгрия Д) Болғария Е) Эквадор 10. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет A) Ресей B) Үндістан C) Голландия Д) Қазақсан Е) Қытай 11. Мерекелерде ашық хаттармен құттықтау бізге қай елден келген? A) Ресейден B) Голландиядан C) Ұлыбританивдан Д) Қытайдан Е) Үндістаннан 12. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер A) Венгрия - Эквадор B) Голландия - Куба C) Үндістан - Куба Д) Қытай - Ұлыбритания 4-мәтін Е) Гвинея - Эквадор 1. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін - бірі танысын-танымасын , кездессе калған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шолге шыдамды. жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні киімге жараған. Қазактар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болган. Түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, бұыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады. 2. Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарайжорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, казанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқымалын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалагын сыйдың да үлкені атмінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болган. Мысалы, аяң жүріс, жорга жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталган: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, кек, шұбарт.б. 3. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін кобінесе тамаққа жараган, ет, сұт, айран,қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй асауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, егіз, бұқа деп атаған. Туйе мен жылқыны. өгізді көлік ретінде пайлаланады, шанаға, арбаға. малға жегеді, салт та мінеді. 4. Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазактың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдыңсүті - корғасын, қойды құртқан онбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы молақ. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандыктан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымга апарып, әкелетін өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. 5. Ырымшыл казақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырган. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қон жүнінен жасалатын киіз, текемет, токылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті туйенін шудасын да қайнатып, емге пайдаланган. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған. 13. Төрттүліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны A)Қой B) Жылқы C) Түйе Д) Сиыр Н) Ешкі 4 14. Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал A) Сиырдың суті тілінде. B) Есі кеткен ешкі жинар. C) Тайлы бие тайлақты түйедей. D) Түйесі жоқа ауылға тайлақ атан көрінер. Е) Ат - биеден, аруана - түйеден. 15. Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдын отарына қосып отырған? A) Серке төрт түлік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болаған. B) Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болғандықтан C) Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиетіболғандықтан Д) Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болгандықтан Е) Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болган. 16. Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қан бөлігінде керінеді? A) Бірінші B) Екінші C) Төртінші D) Үшінші Е) Бесінші 17. Мәтін мазмұнының реттілігі 1. Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі. 2. Сыйдың ең қадірлісі 3. Үндемейтін адамға қатысты теңеу 4. Амандасу әдебі 5. Төрттүлікке қатысты халық ырымы A) 4.5.3.2.1. B) 1.2.3.5.4, 18. Қонға қатысты сипаттама C) 4.2.5.3.1. D)4.2.3.1.5. Е) 1.2.5.4.3. A) Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырған. B) Кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. C) Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған. Д) Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, шыдамдысы. Е) Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп белінеді. 19. Бабаларымыздың төрт түлікке көңіл бөлу себебі? A) Малдың төлін балалар жақсы кергендіктен. B) Оқу, білім алудың бірден-бір көзі болған. C) Байлыгын, мансабын көрсететін дүниесі. Д) Ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі болган. Е) Ауырғанда ем болар шипаның көзі болган. 20. Епсіз, икемсіз адамға теңейтін түлік A) Ешкі B) Сиыр C) Жылқы Д) Түйе Е) Қой 1122-нұсқа 1-мәтін Бір үзім Нан Подъезден шыққан кішкентай қыз қолындағы жұқа дорбаны әрең көтеріп, қоқыс жәшігіне әкелді де, аудара салды. Жапырақтан-жапырақтай кесілген, жартылай желінген аппақ нандар! Мұны көзі шалып калган Ғаббас кария: - Әй, балам-ау, обал смес пе? - дегеише қыз подъезд есігінс зып бсріп кіріп кетті. Нұржан мектептен қайтып келе жатқан. Көрші қарияның ренжим, басын шайқап отырғанын көріп: - Ата, кімге ренжіп отырсыз? - деп сұрады. - Е-ей, балам-ай! Біреу тонып секіреді, біреу тоңып секіреді. Сонау сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдары біз он-он бір жастагы бала едік. Қарнымыз тойып тамақ таішпейміз. Нанды мөлшерлеп береді. Жегіміз кеп, тәбетіміз тартып тұрса да сұрамаймыз... Қазір ше? Нанды қадірлемейміз. Қатып қалса, қоқыс жәшігіне әкеп тастаймыз. Ысырапқа жол беріп, аяқасты етеміз. Олай жасауға болмайды. 1. Қарияны ренжіткен жағдай 5 А) Жастардың ысырапқа жол беруі B) Қыздың қарт адамға көңіл бөлмеуі C) Заманның, уақытгыц өзгергендігі 2. Әңгіменің дұрыс реті 1) Кішкентан қыз 2) Нан үзімдері 3) Нұржан 4) Ғаббас қария 5) Естелік Д) Нанды мөлшерлсп бергені Е) Сұрапыл соғыстың есіне түсуі А) 1,2,4,3,5 B) 4,5,1,2,3 C) 3,4,5,1,2 Д) 1,2,З.4,5 Е) 2,3,4,5,1 2-мәтін Ғылым артық па, әлде мал артық па? Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге: - Ғылым артык па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. Сол мезетте шешен: — Біріншіден, гылым артық. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мнрасы; ал мад - пергауын мен Қарынбайдың мирасы. Бкіншіден, ғылым ссні сақтайды, ал мадды сси сақгайсың. Үшіншіден, ғылымның досы кеп, ал малдың дұшпаны коп. Төртіншіден, гылымды жұмсасан, арта береді, малды жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атак береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды унемі бағып, қағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола берсе ексн деп дуниеқоныз етеді. Оныншыдан, гылым кұдайға зэһэт, таупиық, ғибадат қылады. ал мал өз иесіиің кеңіліне тәкаппарлық салады, - деп тапқырлықтанытыпты. 3. Ғылымның адамға құрмет әкслетіні шешеннің неиіінші жауабында айтылған? A) Жетінші B) Алтыншы C) Үшінші Д) Бесінші Е) Төртінші 4. Мәтін мазмұнына сай мақал A)Мың малың болғанша, Бір балан ғалым болсын. C) Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер Е) Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді. B) Аңқау бөрі қой үркітеді Ақылсыз адам ел үркітеді D) Мал көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді 5. Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл A) Жырлап айту B) Суреттеп айту C) Баяндап айту Д) Салыстыра айту Е) Жобалап айту 6. Ғылымның дуниеден артықшылығы А) Мінезін нашар жаққа өзгертеді. В) Адамға ақыл-ой қосады. С) Досын санауды ғана болады. Д) Адамды масаттандырады. Е) Адамның тынышын алады. 3-мәтін Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ен көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптык жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер(«Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері(«Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы 6 мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күндер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. Қазактың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Богда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі куйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дэулеткерей, Тэттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі түлғалар елеулі үлес қосты. Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай токпе жэне шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 7. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа A)Домбыра әуені B)Дауыс ырғағы C)Орындау мэнері Д) Қобыз күйі Е) Шертпе күй 8. Мәтін мазмұнының реттілігі 1.Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 2.Күйлердіцтақырыптары 3. Күйдің өрістеп дамуы 4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 5.Күй - аспаптық жанр ! A)2,4,3,1.5 B)3,1,5,2,4 C)1,5,2,4,3 D)4,3,1,5,2 E)5,2,4,3,1 9. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі A)Тарихи күйлер, эпостық күйлер B)Тартыс күйлер, саяси қүйлер C)Арнау күйлер, әлеумегтік күйлер Д) Арнау күйлер, лирикалық күйлер Е) Психологиялық, батырлық күйлер 10. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер A)Қазанғап, Дина B)Тәттімбет, Баламайсан C)Ықылас, Айрауық D)Махамбет, Даулеткерей Е)Есжан, Байжігіт 11. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап А)Домбыра B)Жетіген C)Дауылпаз Д)Сырнай Е)Қобыз 12. Шертпе қүйлері қалай орындалады? A) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен B) Тұрақты екпінмем, саусақгың ұшымен С) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен D) Тұрақты екпінмен, колдың білегімен Е) Тұрақты екпінмен, қолдыңтұтас сілтенуімен 4-мәтін 1. 1465-1470 жылдар - хандықтың құрылған емес, нығанған уақыты, халықтың ез тәуелсіздігін жариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, мұның бәрі қазақ тарихыиың бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана. Қазақ хандыгының құрылуы жөнінде бірден-бірдерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүненетін болсақ, Қаззқ хандыгыныц негізін қалаушылар Кереіі мен Жэнібек хан Шибан эулетінен шыққан Әбілқаііыр ханмен жауласуынан кейін оның бнлігінсн бас тартып, Шу езенінің бойындағы Қозыбасы дсйтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. Алғаш туымыз тігілгсн Қозыбасы жері - ХІУХҮ ғасыр басында емір сүрген Моғолсган мсмлскетінін батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі жоталардан оқшау тұрган ҚОЗЫІІЫҢ басындай гана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек. 2. Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізгс отырғызылыи, хан кетеріліпті. 7 Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жэнібек хан эмір жүрғізсді. Сірэ, қазак жұртының Әбілқайырды женіп, біржола іргеленуі Жэнібек тұсында болса керек, жана хандықгын өзіндік кұрылымы мен заң жүйесі де осы Жэнібек заманында жөнге түскен сияқты. Жэнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға сксндігінің бір бслгісі - оның халық санасында эулиеге пара-пар, ақылды эрі эділетті эмірші ретінде танылуы, Ол ұлтгық тарнхымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жэнібек хан деп аталады. 3. Әз-Жәнібск — қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықгырған ұлы хан ғана емес, сол халықгың бар иғілігіне ұйытқы болган асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті эміршілсрі, қазақ халқының ұлыперзентгері Қасым хан, Хақ-Назар хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан Бөкейхановтар - осы әулие Әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары. 4. Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүнне жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғықатарлы мсмлскеттсрдің санатынан керуі - Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздегсн «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жэне Епбасы салған сындарлы сара жолмен жүріп келс жатқан слімізде «Қазақстан - 2030» стратегиясының бүгінгі күндс мерзімінен бұрыи орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференцнясының, 2010 жылы Қысқы Азняда ойындарының, ЕХРО-2017 көрмесінің етуі қазақ халқының дүнне жузі алдындағы бірлігі жарасқан, толераптты мемлскст екенін дәлелдеді. 5. Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, сшқашан таусылмас қуат кезі. Ол «Қазақстан2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетініңмызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздін өзі - Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақганыш та гүлденген келеіпекке сенім де «Мэңгілік Ел» дегеи құдірстті ұғымға сыйып тұр. 13. Мәтін мазмұнына сай тақырып А)Ел боламын десең, бесігіңді түзе! B)Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктері. C)Тәуслсіздік тірегі - тіл. Д)Күшті бірді, білімді мыңды жеңер. Е)Тәрбие басы - тал бесік. 14. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш білдіруидеясы A)«ЕХРО-2017» B)«Мэңгілік Ел» C)«Қасым ханның қасқа жолы» Д)«Қазақстан - 2030 стратегиясы» Е) «Қазақстан-2050» 15. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы. А)Әлихаи Бөкейханов В) Әз-Тәуке хан С)Абылан хан Д)Хақ-Назар хан Е)Шоқан Уәлиханов 16. 2010 жылы Қазақстанда Қысқы Азияда ойындарының өтуі A)Еліміздегі ескслең ұрпақгың салауатты омір салтын қолдайтынын дэлелдейді. B)Елімізде енбекқор жастардың көп екенін дэлелдейді. C)Азия жерінікұлан ғайыр екенін дэлелдейді. Д)Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы сксндігін дэлелдейді. Е) Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дэлслдеді. 17. Қозыбасы атауының түп мағынасы A)Қозының жайылым орынын білдірсе керек, В)Қозы өрбіткен жер болса керек. С)Қозы кош жерден көрінгсндіктен Д)Қой қоздаған аласа шоқы болса керск. Е)Қозының басындай ғана тобені білдірсе керек. 8 18. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықгаңыз. А) Хан екі айтса, қадірі кетеді, Қараша екі айтса, ары кетеді. B)Ел ерімен, ер елімен мықты. C)Хан қарашасыз болмас, Дау арашасыз болмас. Д) Ұят - өлімен күшті. Е) Көргені жақсы көш бастар. 19. Мәтін бойынша халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған хан А) Әз-Жәнібек хан B) Кенесары хан C) Әз-Тәуке хан Д) Абылай хан Е) Әбілқайыр хан 20. Керей мен Жәнібек хандардын тарихтагы орны А) Соғыс әдіс-тәсілінің білгірлері В) Қазақ хандығының негізін қалаушылар С) Отарлау сзясатынан құтқарушылар Д) «Жеті жарғыны» снгізғен хандар Е) Саяси бітімгерлер 1123 нұсқа 1-мәтін Хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі 1821 жылы Уәли хан дүниеден өткенде Айғаным 38 жаста болатын. Үміт күткен ұлы Шыңғыс әкеден бар болғаны 10 жасында қалыпты. Осы тұста Ресей патшалыгы Айғанымды «Орта жүздің ханы» деп таниды. Уәлидің өзге әйелдерінен қаншама ұлдары бола тұра, таққа Айғанымнын отыруы патша укіметіне өте қолайлы еді. Осыған орай Айғанымды «хандық дәрежесіне көтерілген тұнғыш қазақ әйелі» деп атаушылар да бар, Бірақ бүл «хандық» ұзаққа созылмай, 1822 жылы М.М.Сперанскийдің «Сібір қазақтарын басқару» атты ережесі шығады да, Орта жүздің, хандығы жойылып, қазақтары: Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Баян, Қарқаралы, Аякөз аталған алты дуанға бөлініп кетеді. Ал Айғаным Квкшетау дуанына біраз жыл ага сұлтан болып тұрады. Бұл туралы ғалым Әлксй Марғұлан: «Айғаным - ақылды, көреген, өз заманына сай білімді болған әйел. Ол шығыстын бірнеше тілін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азня департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған», - дейді. Айғаным жергілікті халыктың арасында өте зор беделге ие болған. 1. Айганымнын жергілікті халықтың арасында зор беделге ие болуыныңсебебі А) Бірнеше тіл біліп, хат жаза алғандықтан B) Аға сұлтан қызметін мінсіз атқарғандықган C) Өте білімді, ақылды болғандықтан Д) Жергілікті халықтың жағдайын жасағандықтан Е) Хандық дәрежесіне көтерілген әйел болғандықтан 2. Айғанымның хандық дәуірінін ұзақка созылмауының себебі А) Орта жүзде хандық жойылған соң B) Көкшетауда хандық билік жойылған соң C) Қазақ жерінде хандық дәуір жойылған сон Д) Аға сұлтан қызметіне тағайындалған сон Е) Хандықты баласына беруіне байланысты 2-мәтін Сократтың ақылы Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді. - Токта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын. - Үш сынақ? - Иә, менің досым туралы сейлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ойелегінен өткізіп алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы.” Досым туралы айтатынын 100 пайыз шындық екеніне сенімдісін бе? -Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан... - Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. 9 Екінші -‘‘Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..? - Жоқ, жақсы емес, керісінше... - Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе ме сонда? Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - ‘‘Керектіліксынағы.”Досым туралы айтатының керегіме жарай ма? - Білмеймін ғой енді, бәлкім... - Түсінікті. Маған айтатының қиындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып несіне әуре боласың? 3. Сократтың акылының түйіні А) Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме B) Жаман әдеттен аулақ бол C) Тындай білу - әдептілік белгісі Д) Досыңды бағалай біл Е) Қолыңнан келсе жақсылық жаса 4. Мәтін бойынша әнгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықгайтын сынақ А) Керсктілік сынагы» B) «Шындықсынағы» C) «Адалдық» сынагы 5. Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі A) Жаксылык, керектілік, шындық B) Жақсылық, шындық, керектілік C) Шындык, керектілік, жақсылық Д) Керектілік, шындық, жақсылық Е) Шындық, жақсылық, керектілік Д) Барлықүш сынак Е) «Жақсылық сынағы» 6. Сократка әңгіме айтушынын соңғы әрекеті А) Сократтан алғыс алды В) Әңгімесін айта алмады С) Әңгімесін қызықты баяндады D) Сократтын сынағынан сәтті өтті Е) Әңгімесің толық айтып берді 3-мәтін Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір 1. Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілкайыр ханнан бөлініп, жүректерінде азаттық пен бостандыктың жалыны жанган елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу .мен Талас өзендері аралығындагы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өнірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен еткен кезсңдерден сыр шертеді. 2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты енбегінде көрсетілген Керей мен Әз Жәнібектің алғашкы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы Мойынкұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын болыпты. 3. Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық магынасы қозының басындай гана таутөбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандыгынын қүрылған жері - Шу бойы мен Қозыбаеыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихн-географиялық тұрғыдан алғашкыда ХІV-ХV ғасырларда билік еткен Моголстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осыҚозыбасыда шаңырақ көтерген. 4. Көне тарихка үңілсек. Талас пен Шу өзендерінің анғарлары ерте заманнан адам баласының тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге кептепжолығамыз. Тарихи дерек кездеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу жэне Талас өңірлерің қамтыған. Батыс Түрік кагандыгының саяси орталығы түрді мезгілде Шу өңіріндегі Суябта. Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаган саяси өмірдің куәсі болды. 5. Осындай гасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан аумагында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі ярбір тарихи кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен ерекшелснеді. Сондай ерекше кезеңге XIV - XV 10 ғасырлардағы этноүрдістер жатады. Бүл кезеңнің басты белгілерінің біріне қазақ халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек. 6. Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар негізінде қалыптасқан ортак тіл, дәстүр, терретория. менталитеттегі байырғы этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, гұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этногенес не болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы» деп аталды. Жана атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ак ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі «мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. Оган ұданы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дуние жүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бсере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа меи Азияның кез келген елімен тең тұра алатын. 7. Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы 1. Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы 2. Қазақ хандығы XV ғасьірда қалыптасты 3. Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар кұрады A) Бірінші мен үшінші B) Біріннші мен екінші C) Тек екінші D) Екінші мен үшінші Е) Үшеуі де дүрыс 8. мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз A) Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады. B) «Қазақ» деген жана аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылды. C) Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады. Д) Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады. Е) Қазак хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады. 9. Мәтін мазмұнының реттілігі 1. Жэнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі 2. Жаңа этнонимнің пайда болуы 3. Алғаш ту тіккен жер 4. Қозыбасы атауы А) 3,4,2,1 В) 1.3,4,2 С) 1,2, 3,4 Д) 4,2,1,3 Е) 2.4.3,1 10. Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі А) 1 В) 3 С) 5 Д) 4 Е) 2 11. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз A) Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған? B) «Қозыбасы» атауынын этимологиялық магынасы кандай? C) Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды? Д) Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып емір сүрді? Е) Қазақ хандыгының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды? 12. Мәтінде кездесетін Баласагұн, Меркі, Суяб калаларына байланысты ңұсқаны көрсетіңіз А) Батыс Түрік қағандығының саяси ортадығы болған. B) Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. C) Қозыбасы аймагында қоныстанған. Д) Батыс Моғолстан, Шу, Талас озендсрі бойында орналасқан.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет