SCADA жүйесіндегі (Supervisory Control and Data Acquisition) диспетчерлік функцияларды орындайтын (жабдықтар мен технологиялық үдерістердің жай-күйі туралы деректерді жинау және өңдеу) және жабдықтарға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеуге көмектесетін процестер автоматтандырылған басқару жүйесінің бөлігі(АБЖ) болып табылады. Технологиялық жабдықтарды тікелей бағдарламалық бақылау үшін CNC (Computer Numerical Control) жүйесі орнатылған. Ол технологиялық жабдыққа салынған контроллерлер (өнеркәсіптік деп аталатын арнайы компьютерлер) негізінде қолданылады.
CNC жүйелері сондай-ақ енгізілген компьютерлік жүйелер депте аталады. Өнімдерді сату барысында тұтынушылармен және клиенттермен қарым-қатынастарды басқару функциялары орындалады, нарықтық жағдай талданады, жоспарланған өнімдерге сұраныс мөлшері анықталады. Бұл функциялар CRM жүйесіне жүктелген.
Қызмет көрсетушілердің функцияларын IETM(Interactive Electronic Technical Manuals) интерактивті электронды техникалық нұсқаулықтары жүзеге асырады. Олар диагностикалық операцияларды орындауға, бұзылған компоненттерді іздестіруге, жүйенің жұмыс кезеңінде қосымша қосалқы бөлшектер мен кейбір басқа операцияларды жасауға арналған.
Өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында бірыңғай ақпарат кеңістігінде деректерді басқару PLM (Product Lifecycle Management) басқару жүйесіне тағайындалады. PLM-нің ерекшелігі көптеген кәсіпорындардың автоматтандырылған жүйелерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету болып табылады. PLM технологиялары (соның ішінде CPC технологиялары) -CAПР, ERP, PDM, SCM, CRM және т.б. автоматтандырылған жүйелердің жұмыс істейтін ақпараттық кеңістігін біріктіру үшін негіз болып табылады.
CALS-технологиялары өнеркәсіптік өнімдердің техникалық сипаттамаларын біріктіру және стандарттау мақсатында өндірістік циклдарды кешенді компьютерлендіру технологиясы ретінде анықталады. Негізгі техникалық сипаттамалар дизайн, технологиялық, өндірістік, маркетинг, операциялық құжаттама болып табылады. CALS жүйесі сақтауды, өңдеуді қамтамасыз етеді және ақпаратты компьютерлік ортаға беру, деректерді уақытында онлайн режимінде қол жеткізу, оларды дұрыс түсіндіру жұиыстарын реттейді. CALS технологияларын құру және енгізудегі басты міндеті - деректерді бірыңғай сипаттау мен интерпретациялау, жүйеге түсу орны мен уақытына қарамастан олардың жалпыға бірдей қолжетімді болуы. Жобаның құрылымы,