А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы


Қашықтықтан білім беру технологиясы



Pdf көрінісі
бет50/53
Дата13.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#82528
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
ЖОО педагогикасы

Қашықтықтан білім беру технологиясы – білім алушы мен педагог 
қызметкердің жанама (алыстан ) немесе толық емес жанама ӛзара іс-қимылы 
кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып 
жүзеге асырылатын оқыту.
Магистр – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу 
бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже. 
Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын 
жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау. 
Межелік бақылау –  бір оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін) аяқтағанда 
білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау. 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқыту жӛнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс 
күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті 
қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта 
даярлау жӛнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз 
ету жӛнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет кӛрсетулер кӛлемі. 
Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау 
тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың мақсатты 
түрде ӛзара әрекеттесуі. Оқыту ол таным үрдісі. Оның барысында 


психикалық үрдістер дамиды (қабылдау, түйсік, ес, ойлау және т.б.) және 
олардың кӛмегімен оқушылар білім, білік, дағды, шығармашылық әрекет 
тәжірибесін, эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, ерік-
жігерін дамытады. 
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының 
өзіндік жұмысы – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен 
жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының 
санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің 
ӛзіндік жұмысы, оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың 
ӛзіндік жұмысы және оқытушының басшылығымен жүргізілетін 
докторанттардың ӛзіндік жұмысы болып бӛлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет