А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы


Белсенді үлестірмелі материалдар



Pdf көрінісі
бет46/53
Дата13.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#82528
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Байланысты:
ЖОО педагогикасы

Белсенді үлестірмелі материалдар - білім алушының тақырыпты 
шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын 
кӛрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, 
мысалдар, глоссарийлер, ӛз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар). 
Білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық 
аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама 
пәнін игеру деңгейінің сандық кӛрсеткіші. 
Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан
сессиясы кезеңінде бір пәннің толық кӛлемін немесе бір бӛлігінің мазмұнын 
аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында ӛткізілетін 
рәсім.


Білім 
алушыларды 
қорытынды 
аттестаттау 
(Qualification 
Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында 
қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе кӛлемін анықтау 
мақсатында ӛткізілетін рәсім.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары - ӛз бетінше оқуға берілген, 
оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген
тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп 
берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша 
жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің ӛзіндік 
жұмыстары, магистранттың ӛзіндік жұмыстары және докторанттың ӛзіндік 
жұмыстары болып бӛлінеді; Білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарының 
барлық кӛлемі білім алушылардан күнсайын ӛзіндік жұмыстарды талап 
ететін тапсырмалармен расталады. 
Білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу 
үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін 
кӛрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті. 
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу 
орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі 
нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың 
білім деңгейін тексеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет