мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді
оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық,
машықтарға үйренеді:
- терең ойлануға;
- ақпаратты ӛздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп,
оның ішінен
керектісін таңдап алуға;
- ақпаратты жан-жақты талдауға;
- ӛздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
- пікірталастарға қатысып, ӛз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
- басқа да балама пікірлерді ескеруге;
- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;
- жауапкершілікке (ӛз біліміне, ӛміріне);
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы
жүзеге асырылады:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,
- ситуативтік және рӛлдік ойындар,
- ақпараттың әртүрлі кӛздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет,
құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),
- шығармашылық жұмыстар, т.б.
Ӛз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері ӛзін-ӛзі мен басқа адамдарды
танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным
қалыптастырып, тұлғаның
ӛзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге
ықпал жасайды.
Кесте 7. Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
Қағидалар
Мақсаттар
Орта
Қалыптастыру
- Білім алушы оқып/үйренуде ӛз әрекеттерінің жемісті
екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-
қатынас орнату;
- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей,
оны ізденуге
бағыт-бағдар сілтеу.
Бірлескен
әрекеттер
арқылы
үйрету/үйрену
- Үйренушілерге білімнің ӛзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді
түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;
- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім
игеру әрекеттерін ұйымдастыру.
Ӛмірмен
байланыстыру
- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен
тақырыпты күнделікті ӛмірде туындайтын
проблемаларды
шешу деп қарастыру.
Ӛзінділік пен
дербестікке
баулу
- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды
ой-толғаныс арқылы ӛзіндік пікір құрастыруға, проблема
шешуде ӛзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер
шәкірт
жауап бере алмаса, дұрыс жауапты ӛзі беруге асықпай,
оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау);
- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын
қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әртүрлі мағынаны кӛре
білу, ӛзіндік түсінікке ұмтылу, дәлелдеме келтіру).
А.Алимов ұсынған интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері:
Достарыңызбен бөлісу: