32
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз
қу тақырдай бұтасы жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошеметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар?
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған,
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
1-тапсырма. Ақын өз шығармасында нені басты мақсат етіп көрсетеді?
Шығарманың жанрлық ерекшелігі неде?
2-тапсырма. Ясауи хикметтерінің идеясын анықтап, дәптерлеріңе жа
зыңдар.
3-тапсырма. Ясауи хикметтерінде қоғамға қандай баға беріледі? Ақын
сомдаған әрекеттерге қандай баға бересіңдер?
Ясауи жырлаған қоғамға
мінездеме беріңдер.
4-тапсырма. а) Берілген өлеңді негізге ала отырып, қоғамдағы жастар
тәрбиесіне байланысты келеңсіздіктерді шығарма түрінде жазыңдар:
«...Үлкенкіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қызбозбала жастардан әдеп кетті,
Мінезқұлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?..»
ә) Жазғандарыңның шешімін қалай табуға болады? Өз ойларыңды қорытып,
баяндап беріңдер.
5-тапсырма. а)
Дәптерлеріңе көшіріп жазып, өлең құрылысына қарай
талдаңдар:
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды, достар?
Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телітентек зақым етті,
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217