А. К. Жундибаева Алматы «Атамұра» 2018 А. С. АҚтанова, А. К. Жундибаева, Л. К. ЖҰмекенова жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық



бет24/86
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#141832
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
Байланысты:
Танова, А. К. Жундибаева-emirsaba.org

1-тапсырмаШалкиіз жырау туралы айтып бер. Қай ғасырда өмір сүрген?
2-тапсырма. Шалкиіз толғауларының тақырыбы мен идеясы неде?
3-тапсырма. Тарихи деректерді қарастыра отырып, Шалкиіз Тілен
шіұлына мінездеме беріңдер.
4-тапсырма. Мұғалімнің кеңесімен зерттеу мәліметтерін жинақтап, шағын
жоба жұмысын жазыңдар. Жазған жоба жұмысы негізінде Шалкиіз жы
рау туралы өз түйгендеріңді айтып беріңдер.
Шалкиіз Тіленшіұлының нақыл сөздері
Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.
* * *
Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.
* * *
Ақылсыз достан
Ақылды дұшпан артықты.
* * *
Жаманның жалаңдаған тілі жау.
Перифраз – құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей,
айрықша белгіқасиеттеріне негіздей отырып ауыстыра суреттеу тәсілі.
Перифраз мәтіннің идеялықэстетикалық, көркемдік ерекшелігін
ашады.
Би Темірге бірінші толғау
Аспанды бұлт құрсайды –
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды –
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


43
Көп ішінде бір жалғыз


Көп мұңайып жылайды –
Күйбең дескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің!
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сен дейін,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге
Жетержетпес су еді –
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді –
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


44
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!!


Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе,
Айбар болар терегі.
Атаның ұлы жақсыға
Малыңды бер де, басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны* барды теректің,
Болаты барды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың* қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмасты керекте.
Айдын шүйсең, тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас.
Жауға кисең, берен ки,
Егеулеген болат өте алмас.
Есендікте малыңды бер де, батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұспанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе –
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге.
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұспан артықты,
Дұспаныңнан бір сақын.
Елі ішінде айқасып,
Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.
Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жақсы да келер бұ көпке,
Жаман да келер бұ көпке,
Түгел іс қойып болмас бір кепке.
Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жібексің – мен жүнмін,
Сен сұлтансың – мен құлмын,
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


45
Сен сұңқарсың – мен қумын,


Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан – маған жау,
Керекті күні алдыңда,
Ғазизленген сұлтан, жаным аяман!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет