А. К. Жундибаева Алматы «Атамұра» 2018 А. С. АҚтанова, А. К. Жундибаева, Л. К. ЖҰмекенова жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық



бет17/86
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#141832
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
Байланысты:
Танова, А. К. Жундибаева-emirsaba.org

Даналық кітабы
(«Диуани хикмет» еңбегінен)
Хикмет
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды, достар?
Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телітентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды, достар?
Үлкенкіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қызбозбала жастардан әдеп кетті,
Мінезқұлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?
Мұсылманды мұсылман түтіп жейді,
Бірінбірі ұқпайды, түсінбейді.
Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді,
Бұл не деген замана болды, достар?
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшаларға әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


32
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,


Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошеметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар?
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған,
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
1-тапсырма. Ақын өз шығармасында нені басты мақсат етіп көрсетеді?
Шығарманың жанрлық ерекшелігі неде?
2-тапсырма. Ясауи хикметтерінің идеясын анықтап, дәптерлеріңе жа
зыңдар.
3-тапсырма. Ясауи хикметтерінде қоғамға қандай баға беріледі? Ақын
сомдаған әрекеттерге қандай баға бересіңдер? Ясауи жырлаған қоғамға
мінездеме беріңдер.
4-тапсырма. а) Берілген өлеңді негізге ала отырып, қоғамдағы жастар
тәрбиесіне байланысты келеңсіздіктерді шығарма түрінде жазыңдар:
«...Үлкенкіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қызбозбала жастардан әдеп кетті,
Мінезқұлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?..»
ә) Жазғандарыңның шешімін қалай табуға болады? Өз ойларыңды қорытып,
баяндап беріңдер.
5-тапсырма. а) Дәптерлеріңе көшіріп жазып, өлең құрылысына қарай
талдаңдар:
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды, достар?
Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телітентек зақым етті,
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


33
Тал түсте талапайда ақыл кетті,


Бұл не деген замана болды, достар?
ә) Өлеңдегі баяндалатын оқиғалар туралы ойға түйгендеріңді айтып беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет