А. К. Жутаева, С. Б. Ержанова



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата16.04.2023
өлшемі371,84 Kb.
#83268
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2986-1-5844-1-10-20210117

Эксперимент
Кез келген көркем мәтінді когнитивті 
талдау барысында бірнеше ұғымдарды жекелей 
қарастырып алуымыз керек. «Когнитивтік 
терминдердің қысқаша сөздігінде» концепт, 
концептосфера, философиялық мән, эстетикалық 
ой, микроконцепт, макроконцепт, эмоция, тілдік 
модель сынды терминдер жақсы түсіндірілген. 
Аталғандардың барлығы дерлік когнитивті 
талдауда, ұғымдарды ажыратқанда үлкен 
рөл атқарады. Жоғарыда айтып өткеніміздей 
зерттеушілер яки ғалымдар когнитивті талдау 
үшін кез келген мәтінді басшылыққа ала алмайды 
(Kratkı slovár kognıtıvnyh termınov, 1996: 24). 


139
А.К. Жутаева, С.Б. Ержанова
Мәтін сипаты ой мен таным, сана мен түйсік, 
философия мен психологияға негізделген көркем 
үлгіде болуы шарт. Когнитивті ұғымдарды 
ажырату үшін ақын яки жазушы санасындағы 
менталдық 
психикалық 
ресурстардың 
бірліктерін 
түсініп, 
мәтін 
авторының 
психикасында таңбаланып бейнеленген, соған 
сай көркем мәтінде ерекше жүйемен көрініс 
алған мазмұндық бірліктерді ерекшелей 
алуымыз қажет. Біз де бүгінгі талдауымыздың 
негізгі мәтіні ретінде басшылыққа қазіргі қазақ 
поэзиясын, соның ішінде Есенғали Раушанов, 
Светқали Нұржан, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, 
Ақберен Елгезек, Жанна Елеусіз, Әмірхан 
Балқыбек, Маралтай Райымбекұлы, Алмас 
Темірбай, Ерлан Жүніс сынды ақындардың 
поэзияларын көркем мәтін ретінде басшылыққа 
алып, оларда кездесетін когнитивті ұғымдарды 
саралаймыз. Концепт, оның әр адамның жеке 
танымына сәйкес ұғым беруі күрделі құбылыс. 
Себебі тілдік санада қалыптасып, көрініс беретін 
кез келген ұғымның мәні жеке, мағынасы жеке 
ажыратылады. Әдебиет пен лингвистика бір-
бірімен байланысты ғылым салалары. Оларға 
ортақ дүние – сөз. Сөздің мағынасының тілдік 
санаға қарай бейімделіп, оны қабылдаушының 
дүниетанымы негізі де поэзияның жаңа қырының 
бір көрінісі ретінде қарастырылады (Orazalıeva, 
2007: 312). Поэзияның қыр-сырына үңіліп, оның 
мазмұнын жан-жақты талдауда лингвистикаға 
назар аударамыз. Тілдік тұлғалардың еншісіндегі 
стратегиялар мен тактикалар өлең құрылысына 
да арқау болып, оның мазмұндық ерекшелігін 
айқындау үшін қызмет атқарады. Соның ішінде 
фразеологизмдердің көнеленуі, көне сөздер 
арқылы жаңа мағына үстеу сынды әдістер 
поэзия шеңберінен кеңінен көрініс алуда. Бұл 
тілдік бірліктердің поэзия арқылы көрініс беруі 
нәтижесінде көрінеді. Әсіресе, бүгінгі қазақ 
әдебиетінде когнитивті ұғымдарды мазмұндық 
тұрғыда қолдана білу жаңашыл ізденістің жемісі 
(Nurdáýletova, 2011: 312).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет