А. К. Жутаева, С. Б. Ержанова



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата16.04.2023
өлшемі371,84 Kb.
#83268
1   2   3   4   5   6   7   8
Нәтиже мен талқы
Қазіргі қазақ поэзиясы – сюжеттік мазмұн-
нан бұрын ақын философиясындағы та-
ным иірімдерін негізге алады. «Поэзия – ұлы 
жұмбақ» – дейді Достоевский. Расында, 
поэзия ның жұмбақтығы ақынның поэтикалық 
потенциалының деңгейіне, психологиялық ойын 
шеңберін сызудағы шеберлігіне, жалпы таным 
мен жеке танымды бір-бірімен ұштастыра оты-
рып, формалық және мазмұндық қалыпты сақтай 
алу дәрежесіне, нақты элементтер мен аралас 
элементтерді, деталь мен штрихтік негіздерді 
тереңнен игере отырып өлеңнің ішкі және 
сыртқы мінезін, яғни характерін аша алуына 
тікелей байланысты (Zadornova, 1992: 124-126). 
Жоғарыда аталған поэзия жұмбақтығын ашу 
үшін ғылымда когнитивизм сынды пәнаралық 
ғылымның қарқынды даму үстінде екендігін де 
айтып өттік. Ендеше қазіргі қазақ поэзиясының 
өлеңдерін танымға қарай саралап, когнитивті 
ұғымдардың ақын өлеңдерінде көрініс беруіне 
жекелей тоқталайық. Тәуелсіздік алғаннан 
бері қазақ поэзиясының арнасы кеңінен ашыл-
ды. Соның алдыңғы қатарынан Есенғали 
Раушановтың ақындық әлеміне тоқталып, ақын 
жанының жұмбақ әлемі мен терең философия-
сына үңілейік.
Көркем гүл көрсе қонақтай,
Көбелек бекер мәз бопты.
Бөгелек қаққан торы аттай,
Бөгелмей өтіп жаз кетті.
Тағы бір жазға қысқарды,
Талайсыз ғұмыр тарығып,
Тағдыр дейтұғын мыстанды,
Жібіткен бар ма жалынып.
Бақ дейтін құсты қайтарып,
Қондырған бар ма қолына?
Өсер ме гүлдер жайқалып,
Тікенек біткен жолыма.
Қол-аяғымды тең шырмап,
Төбемнен кәрі төніп құз.
Қу мыстан ойнап, мен шындап,
Талай да жерге келіппіз.
Шынымен тегі өтпей ме,
Қарғысы қайда, қайда ұшты?
«Шаршатсам, кешір» деп кейде,
Аяп та кетем байғұсты.
Өмірзая ұлмын мен де бір,
Төзімі құрыш көктемір.
Өгей шешенің өрмегін,
Үзе қашатын жетпегір.
Ақын Есенғали Раушановтың бұл өлеңін 
толықтай алуымыздың басты себебі – өлең 
тақырыптық-жанрлық қырынан бөлек, ұлттық 
болмыс пен ұлттық мінез, дүниетанымдық ой 
ерекшелігін толықтай қамтыған. Когнитивті 
аспектілерді қарастырып, ұғымдарды ажыратқан 
тұста ақын Есенғалидың элегиялық стильдегі 
«сигналдық белгілерін» (Il’in, 2001: 6) оңай 
көруге болады. «Бөгелек қаққан торы аттай», 
«өмірзая ұл», «өгей шеше өрмегі», «қу мыстан», 
«тағдыр дейтұғын мыстан» сынды тіркестердің 


140
Қазіргі қазақ поэзиясындағы когнитивтік ұғымдар
астары ақынның поэзия әлеміндегі әдебиеттік 
штампын айқын көрсетіп тұр. Өмірдің өтуі мен 
адам тағдырының сол өмірге қарай икемделуін 
автор жалпыға ортақ авторитарлы көзқараспен 
емес, керісінше, қазаққа тән ұғым штрихтарымен 
бейнелеген. Есенғали өлеңдері – көп компонентті 
құбылыс. Ол поэзияның бір ғана соқпағымен 
жүрмей, өзінің ақындығын түрлі соқпақпен 
таныта отырып дамыта алған ақын. Есенғали 
өлеңдерінде психология мен философия парал-
лель көрініс береді. Әр тармақта философиялық 
мән мен астар болса, персонаждық яғни 
кейіпкер көңіл-күйі психологияның негізінде 
бейнеленеді. 
Мен оянам ұйқымнан мүлги беріп,
Кілт тоқтаған секілді сырғи келіп.
Жылан – менің тарихым!
Түсімде де
Қылғындырып орайды ол ылғи келіп.
Ақынның бұл өлең үзіндісінен примитивиза-
цияланған бейне «жылан» бейнесі визуал-
ды түрде елестейді. Есенғали өлеңдерінде 
қасқалдақ, жылан, қаракөк айғыр, құла тай, 
сәйгүлік, ақсұңқар сынды бейнелер образ-
ды яғни кейіпкерді жанама түрде астарлы 
суреттейді. Сонымен қатар когнитивизмнің бір 
бөлшегі концепт те ақын шығармашылығында 
молынан кездеседі. Әсіресе метафизикалық 
құбылыстар ақын өлеңдерінен жиі көрініс та-
бады. Есенғали уақыт шеңберін дәл анықтап, 
пайымының тереңдігін, ішкі толғанысы мен 
образдың қозғалысы мен әрекетін, сезімнің нәзік 
иірімдерін оқырманға жақсы жеткізеді.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік орны бар 
келесі ақынымыз – Маралтай Райымбекұлы. 
Ақын поэзиясы – атадан қалған аманат пен 
бүгінгінің бейнесін қатар ұштастыра алған 
өлеңдердің қатарына жатады. Маралтай 
поэзиясының әр жолы ақынның өзіндік тылсы-
мы мен ойдың көркемдігінен тұрады. Маралтай 
ақынның өлеңдерін когнитивті тұрғыда талдау 
барысында ол жердегі философиялық мәнді 
ашуымыз керек. Ақынның санасында кодталған, 
танымындағы мәдени концепт, яғни мәдени код 
ескі мен жаңа ұғымдардың бір-бірімен астаса 
алуы. Маралтай өз өлеңінде түркі сарынымен 
қатар жыраулардың дәстүрін және бүгінгінің 
де айшықты ойларын үйлестіреді. Ақынның 
өлеңдерінің қыр-сырына бойлау үшін ақынның 
өзі болып сезіне алуымыз керек. Кез келген 
оқырман үшін бұл өте күрделі. Себебі Маралтай 
бір жерде ішкі сезімін діни сенімімен көрсетсе, 
бір өлеңінде қазақтың ескілік ұғымдарын 
жаңғырта отырып, ұлттық бояумен көрсетеді. 
Ал енді бірде Батыс пен Шығыстың мифтік 
персонаждары арқылы бейнелейді. Ақын та-
нымы мен қиялы ұштасқан поэзияда қазіргі 
қазақ поэзиясының үлкен жаңалығы болғаны 
да белгілі. Себебі Маралтай поэзиясында 
когнитивизмнің бір саласы стереотипті мәселе, 
яғни стереотипті ситуация көп кездеседі. Ақын 
жеке танымын көрсете отырып, жалпы танымға 
ортақ мәселені қамтиды. Өлеңдеріне ұлттық өң 
беріп қана қоймай, әр тармағына философиялық 
мағынаны қоса үйлестірген. 
Қара түн құлайды бауырына ап даланы,
Күрең нұр көкжиек көзінде мелдеп тұр.
Аққан қан сияқты.
Жұлдыздар қаралы, ғаламның бетінде жаралы
Жұмыр жер адасып барады.
Күрең нұр көкжиек көзінде сырғанап
Өшеді.
Өлген – ол үміті Алланың,
Азалы сияқты.
Сайтандар тұр қарап, ібіліс төсіне гүл қадап,
Пенделер иманын ұрлап ап!
Бұл сәтті суреттеу – қан жұтып айтатын қасірет,
Мен – түссіз ферзімін ақ, қара шаршыда
Сенделген көлеңке сияқты,
Ой ұстар басы жоқ.
Ақ нөсер құюда Иемнің жасы боп.
Атпайды таң енді, шықпайды Күн көкке,
Ырғағы бұзылған әуендей.
Іші өрт сияқты.
Абылдар кірмеген дүрмекке,
Қабылдар ие еді құрметке,
Мақшардың таңы ертең!
Дірдекте, ал дірдекте.
Менің де, Сенің де сөздерің күмәнді,
«Адамзат баласы зиянда, ғапыл әм...»
Ертегі сияқты.
Ертеңім тұманды, артым – от,
Кеш, кешпе күнәмді,
Алған – мен, берген – Сен едің ғой Құранды.
Жұмыр жер адасып барады,
Қолында Құраны
«Сентиментальды құбылыс» атты бұл 
өлеңнен ақынның танымы мен эмоциясын 
айқын аңғарамыз. Тақырыптың өзінен ақын 
бойындағы жай-күйді ұғынып, астарлы ұғым 
мен жансыздан жандыға айналған ақын карти-
наларын оңай көруге болады. Когнитивизмнің 
бір бөлшегі концептілерді өлең жолдары-
нан іздеген тұста, Маралтайдың аталмыш по-


141
А.К. Жутаева, С.Б. Ержанова
эзиясында метафизикалық концептілер жиі 
кездеседі. Концепт көп компонентті құбылыс 
екенін ескере болсақ, Маралтайдың қолданған 
метафизикалық концептілері (Grısanov, Mojaıko, 
2001: 467) сезіну әрекеті арқылы рухани 
дүниесінің есігін оқырманға айқара ашқан. Адам 
тәжірибесі арқылы ғана танып білуге болатын 
құбылысты дамыту барысында ғана түсінуге 
болатын ұғымдарды көзбен көріп, қолмен ұстап 
тану мүмкін емес. Сондықтан философиялық 
мәні басым, адамның қажеттілігін өтейтін 
абстрактілі ұғымдарды нақты тұрақталған де-
финициялармен танытуға болмайды. Адам 
қалай сезімдік тұрғыда сезінеді, ішкі эмоциясы 
мен сыртқы сезімі қалай үндеседі, содан алған 
әсері арқылы танытады (Ámirbekova, 2006: 
124-125). Поэзияда, соның ішінде Маралтай 
поэзиясында метафизикалық концептілер жиі 
кездеседі. Концепт жеке адамның ғаламды өз 
таным деңгейінде танып білу ерекшелігі десек, 
Маралтай поэзиясында қайғы, қуаныш, өкініш 
концептілері эмоционалдық, мәдени және көркем 
концептілердің барлық белгілерін иемденіп, 
ақын ойының таразысында сараланған. «Қара 
түн» мен «күрең нұр» ақынның көңіл-күйінің 
ауыр астарын, мұңның бейнесін суреттесе, 
қаралы ғалам мен жаралы жұлдыз, азалы әлем, 
адасқан жұмыр жер де ақын әлеміндегі уайым, 
келешекке деген сенімсіздікті көрсетеді. Өлеңде 
адамзат пен Жаратқан арасындағы байланыс 
суреттеледі де, ақын күрес психологиясын аша-
ды. Ібілістің төсіне гүл тағуы, Иеміздің жасының 
ақ нөсер болып көрініс беруі, жұмыр жердің ада-
суы – Маралтай философиясының астарындағы 
психологиялық көңіл-күй. Ақынның эстетикалық 
әсері діни сенімнің фрагменттері арқылы сурет-
телген. Маралтайдың жырында жаңа дүниесезім 
бар. Оның дауысы – биік деңгейдегі жеке дауыс.
Сол жеке дауыс артынан жаңғырық шығып 
тұрады. Ал ол жаңғырық күллі қоғамның дау-
сы іспетті. Маралтайдағы ішкі тылсым дінмен, 
көне түркілік мифтік ұғымдармен астасып жа-
тады. Адам-ат метаморфозасы тұрғысында 
автордың «Кентавр» өлеңі де осының айқын 
көрінісі. Жылқытұрпат – гиппоморфизм екен-
дігін ескерер болсақ, Маралтайдың Кентавры 
– қос мағыналы, символдық астарда бұл – рух-
тан үстем түскен нәпсі. Ақын танымына үңілер 
болсақ, кісі бейнелі, тарпаң жүректі бейне – 
автордың өзіндік лирикалық «мені». Ақын көп 
өлеңдерінде «менін» ұлттық менталитетке сай 
астарлайды. «Боздар болсам, мен боздайын бо-
тадай», «Менің бөлтіріктерім – шетінен аба-
дан» сынды тіркестердің өзінен ақын қолданған 
қозғаушы күштік бейнелердің барлығы дерлік 
өзінің болмысын, мінезін ашатынын көреміз. 
Маралтай өз поэзиясында ескі мен жаңаны бір-
біріне қарсы қоймайды, екеуінің қосындысынан 
толысқан, «құнарлы» дүниені сөз етеді. 
Өлеңдерінен ұлттық рухты аңғарғанымыздай, 
ақын астарлы түрде, когнитивті ұғымдардың 
негізінде қоғам мен адам, адам мен заман, заман 
мен қазақ арасындағы күрескерлік психология-
ны оқырманға өз философиясының шеңберінде 
дәлме-дәл, нақ жеткізеді (Gızdatov, 1997: 18-21). 
Қоғам бейнесі автор танымында преценденттік 
феномендер арқылы суреттеледі. Біз оны 
ақынның «Зоологиялық терминдер» өлеңдерінен 
көре аламыз. Жануардың әрекеті арқылы оның 
астарына адам мінезін яки қоғам бейнесін 
көрсетуі – автордың ерекшелігін көрсетеді.
Аядай ғана айналып болмас жасымда, 
Түлкіні көргем мәз болып күлген миықтан,
Қаншықты көргем қорқауларменен ұйыққан,
Қартайған шақта қиядан құлап өлетін
Қыранды көріп, көзінен сұмдық күй ұққам.
Бұлбұлды көргем көкектер үшін ұялған,
Есекті көргем тұлпардан озып сый алған.
Мегежін көргем ақылды туған бірегей,
Қарызға сұрап тауықтан титтей ми алған.
Борсықты көргем қарны мен мойны бір біткен,
Қанденді көргем пілдерді үріп үркіткен.
Күлейін десем, көзімнен қаным тамады-ау,
Қарғалар әлі ойнап жүр көкте бүркітпен.
«Әдебиет – метафизикалық құбылыс, та-
ным үшін тартысатын мәңгіліктің майда-
ны» – деп Мандельштам тұжырымдағандай 
ақын ның сюжетсіз де поэтикалық потенциа-
лын таныта алуы, прецеденттік феномендер 
арқылы персонажды асқақтатуы, оқырманымен 
психологиялық ойын арқылы қарым-қатынасқа 
түсе алуы – когнитивизмнің әдебиетте де кеңінен 
ашылып, даму үстінде екендігін аңғартады 
(Vınogradov, 1963: 26-33).
Қазіргі қазақ поэзиясының таным мен сана 
төңірегіндегі жаңалықтарын сөз етіп, олардың 
когнитивті аспектілерін әдебиет тұрғысында 
қарастырған тұста Жанна Елеусіздің поэзиясы-
на тоқталмау мүмкін емес. Себебі элегиялық 
стильдегі «сигналдық белгілер» де, концептілік 
ұғымдар да, метафизикалық құбылыстар да 
ақын шығармашылығының басты белгілері. 
Жанна Елеусіздің өлеңдерінде «тағдыр», 
«өмір», «періште» концептілері жиі кездеседі. 
Бір өлеңінде өзі тағдырдың кейпін сомдаса, енді 
бірде тағдыр – автордың өлеңі. Жанна Елеусіздің 


142
Қазіргі қазақ поэзиясындағы когнитивтік ұғымдар
поэзиясы оқырманға жұмбақтығымен қызық, 
ақынның тылсыммен сырласа алуымен қызық. 
Оқырман Жаннаның поэзиясынан ақынның сы-
рын, сезімін іздейді. Сөйте тұра өлеңнен өзімізді 
іздейтін, тіпті тауып алатын сәттер де болады.
Бір жол барын білгем –
өзге жолдардан.
Біреу барын – тым басқаша бәрінен...
Ол – биіктеу кісі салар қорғаннан.
Ол – бақытсыз Жүрегімен... Арымен...
Бір мұң барын білгем өзге бар мұңнан.
Біреу барын – Терең Өмір, Өлімнен...
Ол – бір Сәуле шыға бермес алдыңнан.
Ол – бір Тозақ түсе бермес көрінген...
Бұл соқпаққа көрінеді бөтен-шың.
Алла үнсіз.
Адам ділсіз.
ЖАН – қайда?
...сен, Жүрегім, не істей алар екенсің!
Ол – жазылып қойғаннан соң маңдайға.
Ақын Жанна Елеусіздің бұл өлеңіндегі «Ол» 
автор танымындағы жанды яки жансыз кейіпкер 
екендігін ажырату өте қиын. Біреу ақынның 
эмоциясының кейіпкерін адаммен бекітсе, 
енді біреу ақын шабытындағы өлең бейнесі 
деп түсінік келтіреді. Себебі өмір мен өлімнен 
терең, қорғаннан биік, жүрегімен және арымен 
бақытсыз бейненің түпкі тамыры – адамнан 
бұрын кеудені жарып шығар шабытты жыр жол-
дарына ұқсайды. 
Жанна Елеусіздің келесі жыр жолдары да 
осының айқын көрінісі деп айта аламыз.
Ғашыққа толы ғалам.
Әйел боп – жаралаймын!
Қаламды қолыма алам.
Айнама қарамаймын...
Өмірдің көрмесінен
Жұлып ап ғұмырымды
кетсем ғой!
Ахматова бөлмесіне...
Өзімдей түні мұңды.
Өзімдей мұңы – жынды...
Жан еді Ол жалынды! Асқақ!
Менің де мұңым батыл!
Суретін алып тастап.
Бейнемді іліп жатыр...
Билейтін.
Билеген де
Тағдыр ғой!
Кеш келемін.
Эх!..
Сені сүймегенде!
Білмеймін... Не істер едім?...
(https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2276)
Ақын Жанна жырларында ешкімге ұқса-
майтын тіркестер ойлап тауып, оны халық та-
нымымен ұштастырып, әмбебап концептілерді 
бірегей концептілерге айналдырады. Мәселен, 
ақын шығармашылығында жиі кездесетін 
«тағдыр», «періште», «сезім» концептілері 
концептуалдық деңгейге көтеріліп, мынадай 
біртұтас дүние бейнесін жасайды: тағдыр ‒ өлең, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет