А. К. Жутаева, С. Б. Ержанова



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата16.04.2023
өлшемі371,84 Kb.
#83268
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2986-1-5844-1-10-20210117

Қорытынды
Қазақ поэзиясында, соның ішінде тәуелсіздік 
алғаннан кейінгі поэзияның жан-дүниесінде 
үлкен өзгеріс, ірі сілкіністер бар. Тек мазмұн 
мен форманы ғана қамтымай әр ақын өз 
қолтаңбасын, поэзияға деген жеке кредосын 
таныта алған. Біз мақаламызда солардың бір 
жақты ғана көріністерін саралай алдық. Таным 
мен талғамға, санада кодталған түрлі ғаламдық 
немесе ақын санасындағы бейнелерге бары-
мызша тоқталдық. Десе де бұл аздық етеді. 
Поэзиядағы когнитивті аспектілерді қарастыру 
оның шеңберіндегі дүниелерді түгел қамтуы 
керек. Ақын – жеке тұлға. Оның өз моральдық 
қабылдау, түйсіну шеңбері бар. Сол шеңберде 
ол да өз шығармашылығында жаңа көзқарас 
арқылы тың дүниеге қол жеткізгісі келеді. 
Ғалам ның бейнесін өз танымының нәтижесінде 
жасауға ұмтылады. Соның нәтижесінде, әдебиет-
те когнитивті ұғымдар терең зерттеуді, тың 
ізденісті қажет етіп отыр (Orazbek, 2002: 152).
Қазіргі қазақ ақындарының өлеңдерінің тілі 
‒ қазақ дүниетанымының ғаламдық бейнедегі 
көрінісін жасаушы әрі танытушы бірлік. Біздің 
Ақындардың 
шығармашылығының 
мәні 
үлкенді-кішілі зерттеу еңбектерінде толық 
ашыла қоймасы анық. Олардың өлеңдерін 
«уaқыт тaн тумаса, уaқытқa жетпейді» қaғидacы 
тұрғысынaн 
қaрaстыру 
орынды. 
Бүгіні 
ақындардыңпоэзиясын ұғыну үшін әуелі «мән» 
мен «мағына» бірлігін ажырату қажет. Мағына 
айналадағы нәрсені, құбылысты тура сипаттай-
ды да, мән лексикалық мағына уәжділігін сақтай 
отырып, олардың мазмұнын береді. Поэтикалық 
мәтіндерде мәннің қызметі зор. Тілдік тұлғаның 
мәтіндегі мәні нақты болмай, сөз де, мағына да, 
образ да «түсініксіз» сипат алады. Мән және 
оны құраушы тілдік бірліктердің арасындай 
іштей гармониялық үйлесім болуы шарт. Түптеп 
келгенде біз қарастырған когнитивті ұғымдар 
жоғарыда аталған ақындардың ұстанымынан, 
мақсатынан туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет