А. М. Матюшкин өзінің «Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы» еңбегінде, Шумакова Н. Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г. Д. өзінің «Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық» атты мақаласында С


Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны



бет3/5
Дата16.06.2022
өлшемі92,69 Kb.
#36942
1   2   3   4   5
Байланысты:
мазмұны

Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны


  • — Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау, қолдау.

  • — Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, дамыту.

  • — Дарынды балалардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі назарда ұстау.

  • — Дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына қатыстыру.

  • — Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру.

  • - Шығармашылық ізденісін шыңдау бағытында қандай қосымша әдебиеттер пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру.

Дарынды балалармен жұмыс істеуде нені ескеру керек?


  • Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.

  • Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.

  • Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)

  • Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.

  • Берілген тапсырманы бірлесе талдау.

  • Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.

Негізгі міндеттерді көздеу үшін бағдарламалар мен ережелер әзірленген:


  • қабілеттілікті ерте айқындауды қамтамасыз ету;

  • оқушының шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізу;

  • дарынды балаларға практикалық көмек көрсету.

  • қабілетті балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған педагогика-психологиялық кепілдемелер әзірлеу;
  • Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктеріне қарай үшке бөлуге болады:
    Шығармашылық дарындылық;


  • Интеллектуалды, табиғи дарындылық;

Лидерлік дарындылық.

  • есте сақтауы және білімі: -олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; -олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
    ойлау қабілетінің жылдамдығы: -олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;
    мәселені шешуі: -олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

  • икемділігі: -басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

  • өз білімін жетілдіруі: -олар оқыту жүйесінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.

  • күрделілікке деген сүйіспеншілігі: - қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;

  • шоғырлануы: -ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;

  • ерте символдық белсенділігі: -олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет