— Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау, қолдау.
— Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, дамыту.
— Дарынды балалардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі назарда ұстау.
— Дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына қатыстыру.
— Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру.
- Шығармашылық ізденісін шыңдау бағытында қандай қосымша әдебиеттер пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру.
Дарынды балалармен жұмыс істеуде нені ескеру керек?
Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.
Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.
Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)
Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.
Берілген тапсырманы бірлесе талдау.
Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.
Негізгі міндеттерді көздеу үшін бағдарламалар мен ережелер әзірленген:
қабілеттілікті ерте айқындауды қамтамасыз ету;
оқушының шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізу;
дарынды балаларға практикалық көмек көрсету.
қабілетті балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған педагогика-психологиялық кепілдемелер әзірлеу;
Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктеріне қарай үшке бөлуге болады:
Шығармашылық дарындылық;
Интеллектуалды, табиғи дарындылық;
Лидерлік дарындылық.
есте сақтауы және білімі: -олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; -олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
ойлау қабілетінің жылдамдығы: -олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;
мәселені шешуі: -олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
икемділігі: -басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
өз білімін жетілдіруі: -олар оқыту жүйесінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.
күрделілікке деген сүйіспеншілігі: - қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
шоғырлануы: -ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;
ерте символдық белсенділігі: -олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды