«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
1.Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар)
2.Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).
Логикалық жаттығулар:
1. Үш ағайынды.
Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян
Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?
(Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)
2. Қай ауылдың балалары?
Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –Қосқұдықтан, екіншісі –
Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден.
Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де
Үштөбеде болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік -үштөбеден.)
Қызықты әзіл-есептер.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Оқу іс – әрекетінің мақсаты:Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Жан – жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.
Оқу іс – әрекетінің барысы:
1. Кіріспе бөлім.
А)Жұмбақтар шешу.
1.Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. ( Қоян)
2.Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
2.Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
Достарыңызбен бөлісу: |