А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет1/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73



Г.А. Ділмағамбетова, М.Р. Сүлейменова, А.М. Наурызбаева 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ 
Әдістемелік нұсқау 
 
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ортаңғы топ
(4-5 жас) педагогтеріне арналған 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған 
Алматыкітап баспасы 
2018 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ділмағамбетова Г.А.
Тіл дамыту. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған/ Г.А. 
Ділмағамбетова, М.Р. Сүлейменова, А.М. Наурызбаева - Алматы: Алматыкітап 
баспасы, 2018. – 80 б. 



Кіріспе 
«Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға 
сәйкес дайындалды:
1. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 
(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен 
бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және 
мектепалды даярлық білім берудің жаңа әдіснамалық негізін анықтайды;
2. 
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым 
министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген); 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан 
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 
бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 
5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына: 
а) жұмыс дәптер; 
ә) әдістемелік нұсқау 
б) демонстрациялық материалдар кіреді. 
Аталған әдістемелік нұсқауда оқу қызметінің тақырыптық жоспары 36 тақырыптан 
тұрады. Осы тақырыптарға сәйкес үлгі жоспарлары беріліп отыр. Негізі әдістемелік 
нұсқау, жұмыс дәптері және демонстрациялық материалдар бір-бірімен тығыз 
байланысты. Сондықтан жұмыс барысында үш оқу құралын қатар пайдаланған дұрыс. 
Мұнда педагогке оқу қызметін қалай өткізу туралы әдістемелік нұсқау, балаға арналған 
тапсырма жұмыс дәптерінде және осы тақырыпқа арналған көрнекі құрал 
демонстрациялық материалда берілген. Айта кетер жайт: демонстрациялық материалдар 
сөйлеуді дамыту әдістемелік нұсқауындағы барлық 36 тақырыпты толық қамтымайды.
«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұнына енетін, «Сөйлеуді 
дамыту» оқу қызметінің мақсаты: ауызекі сөйлеу тілін және жаңа білім беру барысында 
балалардың 
елестету, 
есте 
сақтау, 
ойлауларын, 
сондайтанымдық 
әрекетін, 
қызығушылықтарын дамыту.
Ал міндеттері мынадай:  
1. Артикуляциялық аппараттарын дамыту және сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс 
айтуға даярлау. 
2. Білімдерін тереңдету, қоршаған әлем туралы түсініктердің негізінде балалардың 
сөздік қорларын байыту және оны белсендіру. 
3. Сөйлемде сөздерді үйлестіру біліктерін қалыптастыру, тілдің грамматикасының 
дұрыс сақталуын қадағалау. 
4. Диалогтік тілдесу дағдыларын жетілдіру, әңгімені қостау және қысқаша пікірлерін 
айта білу біліктерін дамыту. 
5. Тілдік шығармашылыққа мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың тұрақты 
қызығушылығын тәрбиелеу. 
6. Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу 
мәдениетінің дағдыларын жетілдіру. 
Тіл дамытудың мазмұны:
Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу 
Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды таза, анық айту дағдыларын бекіту. 



Дауыс мәнерімен жұмыс істеуді жалғастыру: сөздер мен сөз тіркесінің анық айтылуын 
жетілдіру. Ақырын немесе тез, қатты немесе жай сөйлеу бірліктерін дамытуды 
жалғастыру. 
Сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуын дамыту. 
Фонематикалық қабылдауын (сөздердің айтылуында дыбысты ажырата білу) дамыту. 
Сөздік жұмысы 
 Сөздік қорларын:
 заттардың атын білдіретін (адам, мамандық аттары т.б. ) зат есім, іс-әрекеттерді 
білдіретін етістіктермен және үстеумен, шылаулармен; 
заттардың қасиеті мен сапасын (көлем, түс, пішін) білдіретін сөздермен
баланың сөздік қорын электротехникалық тұрмыстық заттардың атауларымен, яғни 
тоңазытқыш, шаңсорғыш, қысқатолқынды пеш, теледидар, компьютер сөздерімен 
толықтыру. 
Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздермен (жемістер, жидектер, көгөністер, 
құстар, ойыншықтар, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз) сөздік қорына енгізу. Заттарды топтап 
(ыдыс-аяқ: шай, ас үй; аяқкиімдер: жазғы, қысқы) айтуды үйрету. 
Сөздік қорын таңғаларлық және ұлттық заттар атауларымен толықтыру (сандық, тымақ, 
желпуіш, парик-жасанды шаш, теңге, қазан, арба т.б.) және олардың қызметтерін 
түсіндіру. 
Антоним сөздерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын) сөздік қорына енгізу. 
Үй-тұрмыстық заттары мен айналаны қоршаған заттардың маңызы туралы түсінік беру. 
Балаларға заттың атауын және орнын білдіретін сөздерді (сол жақта, оң жақта
арасында (ортасында), қасында, жанында) үйретуді жалғастыру. 
Тәулік бөліктерін білдіретін сөздерді енгізу. 
Адамдардың көңіл күйін (көңілді, мұңлы, мейірімді және т.б.) білдіретін сөздерді 
қолдануға үйрету. 
Сөзге деген қызығушылықтары мен зейінін дамыту. 
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру 
Сөздерді септік, көпше және жекеше түрлерінде дұрыс үйлестіре білуге үйретуді 
жалғастыру. 
Сөздердің кейбір күрделі түрлерінің жасалуын үйрету. Мысалы: 
ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрі (ойыншықтардың, адамдардың, боталардың, 
қонжықтардың); 
етістіктің бұйрық райына (сурет сал, секір, биле, ән сал, жат); 
етістіктің түрлері (жату, жүру, жүгіру). 
Жан-жануарларды, олардың төлдерін (үйрек, үйректер, үйректің балапаны; түйе, 
түйелер, бота, боталар) білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту 
біліктерін дамыту. 
Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға мүмкіндік туғызу 
дәне жай сөйлемнің құрылымын жетілдіру. 
Сан есімдерді ретімен айтуға, оларды саналатын заттармен тектік, сан-мөлшерлік, 
есептік жағынан байланыстыруға үйрету. 
Байланыстырып сөйлеу 
Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау 
біліктерін қалыптастыру. 
Педагогтің үлгісі бойынша ойыншықтар мен заттар туралы және сурет бойынша әңгіме 
құрау біліктерін дамыту. 



Өз қалауымен, тәжірибесіне сүйене отырып (суреттің мазмұнына сәйкес), әңгіме 
құрауға үйрету. 
Өздеріне таныс және оқу оқу қызметінде өткен шағын ертегілерді қайталап айтып 
беруге үйрету. 
Өздеріне таныс әдеби шығармалар мен ертегілер үзіндісін драмалауға қатысу 
біліктіліктерін дамыту. 
Шығармашылық сөйлеу әрекеті 
Шағын тақпақтарды жатқа айтуға үйрету. 
Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» қолданып, 
театрландырылған ір-әрекеттерге, ойындарды драматизациялауға, қуыршақ қойылымына 
қатысуға ниеттендіру. 
Ойыншықтарды пайдаланып, оқиғалар құрауға үйрету, баулу. 
Сөздік және саусақ ойындарына қатысуға ниеттендіру. 
Ойын, өлең және сөз ұйқасын табуға белсенді қатысуға ынтасын арттыру. 
Кейіпкерлердің бейнесін беру үшін сөздегі ырғақ мәндерінің тәсілдері мен қарқынын 
қадағалап, қолдануға үйрету. 
Жыл соңында Сөйлеуді дамыту (Сөйлеуді дамыту) бойынша бағдарламалық 
материалдарды меңгеру нәтижесінде: 
барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды;
берілген дыбыстарды сөздерден естіп, ажыратуды; 
жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді (көгөністер, жемістер, жануарлар, 
ойыншықтар) қолдануды; 
заттардың орналасуын (сол жақта, оң жақта, арасында (ортасында), қасында, 
жанында) анықтап айтуды; 
сөздердің күрделі түрлерін: ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрі (жолақтардың, 
ойыншықтардың), етістіктің бұйрық райы (сурет сал, ән сал, биле) қолдануды; 
сөздерді септік, көпше және жекеше түрлерінде дұрыс үйлестіруді; 
кіші көркем әдеби әңгімелерді мазмұндауды; 
ойыншық жайлы және сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрауды; 
өздеріне таныс әдеби шығармалар мен ертегілер үзінділерінің драмалауына қатысуды 
білуі тиіс.
Сондықтан әр педагог оқу қызметін шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра 
білсе, ол баланың күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, 
үйренгендерін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Баланың тілін 
дамыту жұмысы дегеніміз – баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Ал балалардың 
ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту – бүгінгі таңда мектепке дейінгі 
ұйым педагогтерінің алдындағы міндеттердің бірі. Алға қойылған мақсат пен міндеттерді 
жүзеге асыру үшін, іс-шаралардың барлығын педагог алдын ала ұйымдастырып, өзінің 
кәсіби шеберлігінің нәтижесінде жүзеге асырады. Бұл баланың білімін ғана жетілдіріп 
қоймайды,қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. Олай болса тіл дамыту 
жұмыстарына балабақшаның өзінде-ақ басты назар аударылып келді. Сөйлеуді дамыту 
жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі балалардың ауызекі сөйлеу 
тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет