А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет14/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Дидактикалық ойын: «Өз орнына орналастыр» 
Мақсаты: Балаларды суретке қарап, әңгімелей білуге үйрету. 
Ойын шарты: дәптердегі № 2 тапсырма бойынша үкі туралы әңгімелейді және үкі 
қауырсынын керекті затқа орналастырады. Мысалы. Үкі – орман құсы. Оның жүні 
үлпілдек. т.б. 
Үнтаспадан үкі дыбысын тыңдатып, үкі дыбысын қайталап салуды ұсынады (кук-кук-кук) 
 
Сергіту жаттығуы «Қуыршақ» өлеңі
Сөйлемейсің сен неге, 
Тілің жоқ па, қуыршақ? 
Жуынбайсың сен неге, 
Кірің жоқ па, қуыршақ? 
Аяғың бар ма, сен неге, 
Жүре алмайсың, қуыршақ? 
Жұмсағанда сен неге, 
Тіл алмайсың, қуыршақ? 
Біз күлгенде күлмейсің, 
Аңқаусың ба, қуыршақ? 
Бізбен бірге жүрмейсің, 
Жалқаусың ба, қуыршақ? 
(Р. Тышқанбаев) 
Даусын айнытпай сал: 
Құлыншақтан қуыршақ, 
Шауып жүріп құлады. 
Салшы даусын, қуыршақ, 
Сонда қалай жылады?
(Жылаған дыбысты келтіреді). 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
Педагог Сұлушаш қуыршақтың қайтатын уақыты болғанын, онымен қоштасып, үйренген 
жаңа сөздерді қайталап, қонақты шығарып салу. 
№ 3
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Ит және оның кішкентай күшіктері 
Мақсаты
Үй жануары – ит туралы мәліметтер беру, сурет арқылы әңгімелей білу дағдыларын 
дамыту.
Міндеттері: 


22 
а) Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру біліктерін жетілдіру. (Педагог үлгісі бойынша)
ә) Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.
«Ф» 
дыбысына артикуляциялық жаттығу жасату; ересектермен қарым-қатынас дағдысын 
дамыту.
б) Үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға үйрету. 
Күтілетін нәтижелер: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет