170
Комитеті және Саяси бюро енді Атқарушы секретариатқа кӛшті.
Сыртқы саясатта Батыстың алдыңғы қатарлы дамыған мемле-
кеттерімен қарым-қатынас орнай
бастады және социалистік
елдермен де тиімді байланыс орнатты.
Х.Бумедьеннің стратегиялық дамуындағы басты қолға
алғаны елді индустрияландыру, ауыл шаруашылығын модерни-
зациялап, жұмыссыздықты жою болды. 1971 жылы ақпанда мұ-
най-газ ӛндірісі мемлекет қарамағына ӛтті, нәтижесінде шетел-
дік компаниялардың 51-75% мемлекет меншігі деп есептелді.
Елде қалған шетелдік компаниялар тұтастай бірде бір ӛндіріс
орнын иеленген жоқ. 1973-1974 жж. мұнайдың әлемдік бағасы-
ның кӛтерілуі Алжирдің қаржы-экономикалық саласын ғана
жақсартып қойған жоқ, сонымен бірге отандық ӛнеркәсіп ӛнді-
рісі саласын дамытуға да үлес қосты. Осы 70-ші
жылдардағы
табыстар елдегі саяси жағдайды да тұрақтандырды. Жұмыссыз-
дық азайып, халықтың ӛмір сүру деңгейі кӛтеріліп, артта қалған
аудандар дами бастады. 1966 жылдан 1978 жылға дейін 600 мың
жұмыс орны 1900 мыңға дейін кӛбейді.Тегін медициналық кӛ-
мек кӛрсетілді. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді, жергі-
лікті халықтың кедей топтары салықтан босатылды, ӛнеркәсіп,
ауылшаруашылығы, білім және
мәдениет саласында жұмыс
істейтін еңбекшілердің жалақысы ӛсті.
Халықаралық сахнада АХДР саяси одақтарға қосылмай
бейтарап бағыт ұстанды. Сонымен бірге Палестинаны азат ету
ұйымы, Азия, Африка және Латын Америка елдеріндегі басқа да
ұлт-азаттық қозғалыстарға қолдау кӛрсетіп отырды, ал 1974 жы-
лы әділетті дүниежүзілік экономикалық тәртіп үшін күрес жүр-
гізген жас мемлекет болды.
1978 жылы желтоқсанда
мемлекет басшысы
Х.Бумедьен
қайтыс болған соң билік үшін күресте шешуші рӛл қайта әске-
рилерге тиді. 15 жылдық үзілістен кейін, 1979 жылы қаңтарда
Ұлт-азаттық майдан партиясының ІҮ съезінде Орталық Комитет
және Саяси бюроға сайлау, ал 1979 жылы 7 ақпанда полковник
Шадли Бенджедид
елдің президенті болды. 1965-1976 жж. ел
басқарған Революциялық кеңес ӛз қызметін тоқтатты.