Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
1920-1923 жж. Алжирдегі кӛтеріліс қай мемлекетке ба-
ғытталды?
2.
Тәуелсіздік үшін күрес қалай жүрді және басты ӛкілде-
рін атаңыз.
3.
Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы қай
жылы құрылды?
4.
Тәуелсіз Алжир мемлекетін алғаш кім басқарды?
5.
Абд әл-Азиз Бутефликтің саясатына түсінік беріңіз.
173
7-тарау
ТРОПИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҢТҤСТІК АФРИКА ЕЛДЕРІ
§ 19. Екі дҥниежҥзілік соғыс аралық жылдардағы
Африка
Салыстырмалы түрде осы кезге дейін Еуропада африка-
лық тарихқа аса кӛңіл бӛлінген жоқ десе де болады, ал кӛпші-
лігі оны жоққа шығарумен болды. Сонда да Африка - ерекше
әлем, мұнда ӛз алдына ерекше, бір біріне ұқсамайтын кӛптеген
халықтар, мәдениет ошақтары, қоғамдық құрылыс және діндер
бар. Африкада да ӛз тарихы болған, сонымен бірге мұнда ірі
қалалар пайда болып, ӛз кезінде олар да талқандалды, әрине ол
да ӛзінше специфика. Кең мағынада Африканы екі аймаққа бӛ-
луге болады:
Солтүстік
және
Тропикалық
.
Африка құрлығының Солтүстік ӛлкесі араб-ислам мәде-
ниетінің бір бӛлігі болып табылады. Мұнда Африканың басқа
бӛлігімен байланыс жасағаннан гӛрі, үнемі Таяу Шығысқа қарай
бағыт ұстау басымырақ болды. Дәстүрлі қоғамда тек ӛздерінің
күшті діни-ӛркениеттік іргетасы бар - Орта ғасырдың ӛзінде-ақ
Солтүстік Африкада исламдық Осман империясы үстемдік етті.
Алайда, ХІХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында еуропа-
лықтар протекторат орнату, теңсіз келісімдер жасау, әскери
байланыс жасау, аннекциялау арқылы ӛз үстемдіктерін жүргізе
бастады, сӛйтіп жаңа ӛркениетке жол ашты.
Тропикалық және Оңтүстік Африка
елдері еуропалық
державалар арасында күшті бәсекелестікке түсті. Мысалы, Бі-
рінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Қара құрлықтың
90,4% территориясы Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия,
Бельгия, Португалия және Испанияның отары болды. Африкада
тек тӛрт мемлекет қана: Эфиопия, Либерия, Египет және
Оңтүстік-Африка Одағы жартылай отар болды. Осы мемлекет-
тердің құрылу тарихы әртүрлі - Эфиопия мемлекеті сонау Ежел-
гі дүниеден бері ӛмір сүріп келеді, ол байырғы халқының табан-
ды күресі арқасынада тәуелсіздікке қол жеткізген ел. Либерия
Республикасы бұрынғы американдық құлдар арқылы құрылған,
174
олар еркіндік алып ӛз бабаларының жері Африкаға ХІХ ғасыр-
дың ортасында қайта келіп орналасты.
Оңтүстік-Африка
Республикасы
ақ африкалықтар, яғни еуропалықтардың негізін-
де біріккен мемлекет ретінде құрылды. Ал Африканың қалған
бӛлігі тұтастай отар елдерге айналды. Ең кӛп территория
Ұлыбритания мен Францяның үлесіне тиді. Отаршылдар
Солтүстік және Тропикалық Африкада ӛздерінің экономикалық
және саяси жоспарларын іске асыру мақсатында үлкен отарлық
иеліктер құрды. Мысалы, Ұлыбритания Оңтүстіктен Солтүстік
Африкаға дейін, яғни Кейптаун-Каир арасындағы үзілмейтін
аймаққа иелік жасады. Ал Франция болса Сенегалдан Сомалиға
дейінгі аймақты иемденді.
ХХ ғасырдың басында жеке-жеке отарларды аймақтық
отарлық иеліктерге біріктіру процесі басталды. Сонымен, жаңа
картада
Француздық Батыс Африка
иелігі пайда болды.
Франция Африкада ең үлкен отарлық жүйеге, яғни осы жердегі
территорияның 43%-ын иемденді. Француздар мұнда Магриб
елдеріне үстемдіктен бӛлек (Марокко, Алжир, Тунис) құрылық-
тың Тропикалық аймағында да екі ірі отарлары болды. Соны-
мен, Француздық Батыс Африка 1904 жылы құрылып, олар ӛз
құрамына сегіз отарды біріктірді: Француздық Гвиней (қазіргі
Гивиней Республикасы), Піл Сүйегі Жағалауы (қазіргі Кот-д
,
Ивуар), Жоғарғы Вольту (Буркина-Фасо), Дагомей (Бенин),
Мавритания, Нигерия, Сенегал, Француздық Судан (Мали).
Француздық Батыс Африканың әкімшілік орталығы Декар
қаласы болды (Сенегал). Келесі отар - Француздық Экваторлық
Африка деп аталып, ол 1910 жылы құрылды. Оның құрамына
тӛрт отар елдер кірді: Габон, Чад, Конго, Убанги-Шари (Орта-
лық Африка Республикасы). Олардың әкімшілік орталығы
Браззавиль қаласы болды (Конго). Франция сонымен бірге
Шығыс Африкада да кішігірім - Сомали мен Комор аралдарын
иемденді. Ал Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары француздар
ең ірі арал Мадагаскарды басып алды. Соғыстан кейін, бұрынғы
герман отарлары Ұлттар Лигасының мандатына берілді:
Франция иелігіне Камерунның ең үлкен бӛлігі және Тогоның
жартысы берілді. Француз отарлық жүйесі үш бағытпен жүрді:
175
Солтүстіктен оңтүстікке дейін (Мароккодан бастап), Батыстан
Шығысқа қарай (Сенегалдан бастап) және Оңтүстіктен
Солтүстікке дейін (Конгодан бастап).
Африкадағы Ұлыбританияның иелігі территорияның 38%-
ын алып жатты, яғни бүкіл Оңтүстік Африка және Замбез ӛзені
маңындағы барлық территория ағылшындардың отары болды.
Британдық Оңтүстік Африка құрамына
: Оңтүстік-Африкалық
Одақ (британдық доминион), Басутоленд (Лесото), Бечуаналенд
(Ботсвана), Свазиленд, «ақ отар» Оңтүстік және Солтүстік
Родезия (Зимбабве және Замбия). Англия иеліктерінің әкімшілік
жағдайы бірдей болған жоқ,кейібір жерлер протекторат, «ақ
отарда» ӛзін-ӛзі басқару және доминион иеліктеріде болды.
Шығыс Африкадағы Ұлыбритания отарлары: Ньясаленд
(Малави), протекторат Британдық Сомали (Сомалиленд) және
Кения, Уганда. Ал Батыс Африкадағы Ұлыбритания иеліктері:
Нигерия, Алтын Жағалау (Гана), Сьерра-Леоне және Гамбия
болды.
Бельгия Африкада
ең үлкен территорияға иелік етті.
Бельгиялық Конго (Заир), Португалия-Ангола, Мозамбик және
Португалиялық
Гвинея (Гвинея-Бисау).
Италияның
екі отары
болды - Эритрея және Сомалийя (Итальяндық Сомали).
Испанияның
отарлары кӛп болған жоқ, олар: Рио-Муни,
Фернандо-По аралы, Испандық Сахара шӛлі. Ал Африкадағы
Германияның
иелігі Того және Камерун, Намибия, Руанда-
Урунди (Бурунди) болды.
Достарыңызбен бөлісу: |