А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Саяси ҧйымдар мен саяси партиялардың қҧрылуы



Pdf көрінісі
бет107/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Саяси ҧйымдар мен саяси партиялардың қҧрылуы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс метрополияның африкалық отарла-
рына деген қызығушылығын арттыра түсті. Жүздеген мың 
африкалық солдаттар майданда әскери қимылдарға қатысты (тек 
Францияның ӛзі отарларының 250 мың солдатын тылға пайда-
ланды). Мұның ӛзі жергілікті зайырлы африкалықтардың бел-
сенділігін күшейтті: барлық жерде әртүрлі «жерлестер», этни-
калық ассоциациялар, мәдени-ағартушылық қоғамдар және тағы 
басқа ұлттық бағыттағы орталықтар пайда болды. 
1920 жылдары бірінші рет Африкалық саяси ұйымдар құ-
рылды: Африкалық ұлттық конгрес, Британдық Батыс Африка-
ның ұлттық конгресі, ал Шығыс Африкада «жақсы тұрмыс ас-
социациясы», Танганьик африкалықтарының ассоциациясы 
т.с.с. Бұл партиялар отарлық режимнің саясатын жұмсарту, са-
лықты азайту және африкалықтар білім алу үшін жақсы жағдай 
жасау үшін күресті. Осы кездегі Жалпыафрикалық конгрестің 
рӛлі күшті болды. 1900 жылдың ӛзінде Лондонда Жалпыафри-
кандық конгрестің І-ші конференциясы, ал 1919 жылы Париж 
бейбіт конференциясы кезінде Жалпыафрикалық қозғалыстың 
ІІ-ші Құрылтай конгресі болды. Мұнда бірінші рет тек нақты 
талаптар ғана айтылып қойған жоқ (денеге жарақат салу, нәсіл-
дік бӛліну), сонымен бірге африкалық отар басқармасына жұ-
мысқа алу, саяси институттарды дамыту секілді мәселелер де 
қаралды. Жалпыафрикалық қозғалыстың кӛшбасшысы Уильям 
Дюбуа және Маркус Гарвидің тағы бір талабы Піл Сүйегі Жаға-
лауы мен Сьерра-Леонды Либерияға қосу және Англия мен 
Францияның африкалық отарларды басқару мандатын жою 
болды.
1926 жылы Экваторлық Африкадан шыққандардың ассо-
циациясы құрылып, оны 
Андре Гренар Матсу
басқарды. Бұл 
ұйым күш кӛрсетпеу, яғни үнділік 
М.К.Гандидің
сатьяграхи 
тәсілін пайдаланды. Бельгиялық Конгода 1920-шы жж. Симон 
Кимбангтің сектасы тез белсенділік танытты, олар христиан 


178 
миссионерлеріне қарсы күрес жүргізді. Ислам үстемдік етіп 
тұрған жерлерде еуропалық отаршылдарға қарсы қозғалыс 
«джихад» ұранымен жүрді, яғни «сенімсіздерге» қарсы күрес. 
Англия ӛз отарларының кӛпшілігінде ұзақ уақыт бойы 
«жанама басқару» саясатын жүргізіп отырды, әлеуметтік құры-
лымның дәстүрлі түрін пайдаланды. Территорияға әкімшілік 
бақылауды ағылшындар 1907 жылғы «Түземдік билік туралы 
заң» бойынша елдегі кӛсемдер арқылы жүргізді. Алайда, жоғар-
ғы билік ағылшын резиденттері қолында болды. Сонымен бірге 
олар 1913 жылғы заң негізінде жасалған «түземдік сот» қызме-
тіне де бақылау жасап отырды. Саясат біртіндеп ӛзгере баста-
ды. Ағылшындардың Алтын Жағалау (Гана) отарлары және 
басқа территорияда Заңшығару жиналысы құрылды.
Франция бастапқы кезден-ақ бірнеше басқа саясат ұстан-
ды: оларды француз мәдениетіне бейімдеу үшін жергілікті 
африкандық тұрақтармен араласып тұрды. Отарлар француз 
тілінде сӛйлеп, миссионерлер қызметі жандана түсті, еуропалық 
үлгідегі білім беру және денсаулық сақтау жүйесі енгізілді, тай-
па ақсүйектері Сорбонда білім алды. Әкімшілік басқару жүйе-
сіндегі шенеуніктік құрылым Францияның үлгісінде болды. 
Біртіндеп бұл орынды Батыстың алдыңғы қатарлы университет-
терінен білім алған африкалықтар ауыстыра бастады. Кейбір 
африкалықтарға еуропалықтармен бірдей тең құқылы азамат 
болуына мүмкіндік берілді. Ол үшін Францияға 10 жыл қызмет 
етіп, оқи және жаза алу керек болды – мұндай азаматтар
1930 жылдардың соңында француз отарларында 80 мың адамға 
жетті. Сонымен Африкадағы отарлардың халқы жергілікті би-
лікке сайлау құқығына да ие болды, тіпті ӛз ӛкілдерін француз 
парламентіне де ұсына алды (Сенегал мұндай құқыққа
1848 жылдың ӛзінде ие болды).
Тап осындай жүйе - жергілікті африкалықтар мен арала-
сып бейімделу Португалия отарларында да болды. Мұнда жер-
гілікті тұрғындар екіге бӛлінді: «мәдениеттілер» және «мәде-
ниетсіздер». «Мәдениеттілерге» жататындар португаль тілін 
меңгеру, христиандықты қабылдау «жақсы мінездемеге» ие бо-
луы керек және салық тӛлеу, әкімшілік немесе әскерде қызмет 


179 
ету, «португальдық ӛмір салтымен жүру». Бірақ «португаль-
дану» үрдісі ӛте баяу жүрді: Екінші дүниежүзілік соғыс қарса-
ңында Анголада 24 мың африкалықтар «мәдениеттілер» қата-
рына жатты, ал Мозамбикте ол 1,8 мың адамды ғана құрады. 
Сонымен бірге Португалия отарлары тауарлы шаруашылық 
жүргізді, салықты ақшалай тӛлеуді талап етті. 
Жергілікті халыққа ең қатал саясат жүргізген Бельгия 
болды. Әртүрлі халықтар қоныстанған Бельгиялық Конгода 
1908 жылдан бастап, генерал-губернаторлықтар басшылығын-
дағы бельгиялық азаматтық әкімшілік басқарды. Онда еңбекпен 
қанау кең етек алды, африкалықтар арасында ӛлім жиі кездесіп 
тұрды. ХХ ғасырдың алдыңғы 20 жылында жергілікті халық 
саны екі есеге дейін қысқарып кетті. Бірінші дүниежүзілік со-
ғыс қарсаңында Конгоның Катанга провинциясында мыс ӛнді-
ріле бастады, осының нәтижесінде Конгоның басқа жерлерімен 
салыстырғанда Катанга біршама бай кӛрініске ие болды. Эко-
номикалық игілікке африкалықтар аз кӛңіл бӛлді. Конгода еш-
қандай саяси қызметке рұқсат берілген жоқ, білім беру мен ден-
саулық сақтау жүйесі тоқырау үстінде болды. Билікті жергілікті 
халық қолына беру бельгиялықтардың жоспарына кірген де жоқ
сол үшін оларды оқытуға ешқандай қадам жасалмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет