181
тағайындау туралы айтылды. Соғыстан кейін державалар конс-
титуциялық реформа жүргізу және жергілікті халыққа құқық
пен бостандық беру, отарларға ӛзін-ӛзі басқару ұйымын құруға
уәде берді. 1944 тайпа, діни қауым және шыққан тегіне қарай
түрлі саяси партиялар құрылды. 1944 жылы тамызда Нигерия
мен Камерунда Ұлттық кеңес құрылып, олар тәуелсіздік үшін
күресті.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кезде, 1945 жылы
қазанда Англияның Манчестер қаласында 5-ші Жалпы африка-
лық конгрес болды. Бұл конгреске танымал африкандық қай-
раткерлер:
К.Нкрума, Д.Кениата, Х.Банда
және танымал тайпа
кӛсемі Акинтола қатысты. Осы конгресте тәуелсіздік талаптары
алға тартылды. Конгрес үш құжат қабылдады: біріншісі – дү-
ниежүзіндегі отар елдерді тәуелсіздік үшін күреске шақыру,
екіншісі - метрополия үкіметтері жаңа мемлекеттерге тәуелсіз-
дік берудің барлық мүмкіндіктерін қарастыру, үшіншісі – бар-
лық халықаралық қауымдастыққа, БҰҰ-на, барлық халықара-
лық ұйымдарға бағытталады, онда африкандық халықтардың
тәуелсіздік алуына кӛмек кӛрсету туралы айтылған.
Сонымен, Африкада жаңа дәуір басталды - отарсыздану
кезеңі, яғни осының нәтижесінде ондаған мемлекеттер ӛз тәуел-
сіздігіне қол жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: