182
§ 20. Африканың отарсыздануы
Отарлық жҥйені жоюдың алғышарттары.
1945 жылы
Африканың тек тӛрт мемлекеті ғана тәуелсіздік алды: Египет,
Эфиопия, Либерия және Оңтүстік Африкалық одақ. Ал Африка-
ның қалған территориясы еуропалық державалар арасында қай-
та бӛліске түсті, олардың ішінде ең ірі территорияны Франция,
Англия, Бельгия, Португалия иемденді, сонымен бірге Италия
және Испанияның да біраз отары болды. Кӛптеген отарларда
партиялар, ұйымдар, кәсіподақтар және баспаханалар жұмыс
істеді, бірақ олар ескі әлеуметтік негізде құрылды, онда тайпа
мен олардың кӛсемдері, діни топтар мен этникалық қауымдар
арасындағы ӛзара бақталастық ӛрши түсті.
Квам Нкрум «Әлемнің отар елдеріне үндеу», және «жал-
пыафрикалықтардың әкесі»
Уильям Дюбуа
«Отарлық держа-
валарға арыз» атты құжаттар жасап шығарды, онда еуропалық
державалар ӛздерінің африкалық отарларына тәуелсіздік беру
туралы айтылған. Державалар отарларына демократиялық ре-
форма жүргізуге уәде берді. Францияда 1946 жылы жаңа Конс-
титуция қабылданып, онда Африкадағы Француз одағы туралы
айтылады. Мәселен, отар азаматтары "тең азаматтық құқыққа ие
болып және нәсілдік дискриминация жойылады" деп атап
кӛрсетілген.
Англия болса әрбір отарларымен екі жақты келісімге қол
қойды, онда отарлардың ӛзін-ӛзі басқаруға дайындық деңгейін
кӛрсететін ерекше Конституция жасалды. Ал, 1947 жылы
Үндістан мен Пәкістанның тәуелсіздік алуы Африкадағы отар-
сыздану үрдісіне үлкен әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: