А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Жҧмысшы және шаруалар қозғалысы



Pdf көрінісі
бет24/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   134
Жҧмысшы және шаруалар қозғалысы. 
1919 жылғы ха-
лық кӛтерілісінен кейін Корея дағдарыстан шығу жолдарын қа-
растырды. Елді әскери-террорлық тәсілмен басқарды, ал оны 
басында «мәдени» басқару деп атады. 
Экономика саласына реформа жүргізіліп, ӛнеркәсіп, тран-
спорт және басқа да салаларда жұмысшы табы ӛсіп, жұмысшы 
қозғалысы дами бастады. 1929 жылы ӛнеркәсіптердегі жұмыс-
шылар саны 100 мың адамға жетті, ал жалдамалы жұмысшылар 
1 млн-ға жетті. 


36 
1920 жылдың басында Корея жұмысшы қоғамы құрылып, 
1921 жылдың ӛзінде олардың саны бірнеше мың адамға жетті. 
Жұмысшы қозғалыстары тез дамыды: 1920 жылдан 1925 жылға 
дейін 372 ереуіл болып, оған 26 мың жұмысшылар қатысты. Бір-
тіндеп жұмысшы табына шаруалар да тартыла бастады.
1922 жылы тамызда Чинджу (Оңтүстік Кенсан провинциясы) 
шаруа-жалгерлердің бірінші съезі болып ӛтті, ал келесі жылы 
кӛктемде шаруалар жерді қайта бӛлуде кӛптеген табыстарға 
жетті. Жұмысшылар және шаруалар ұйымдары арасында байла-
ныс орнап, олар ұсақ буржуазия мен интеллигенцияны ӛзіне 
тартты. 1924 жылы сәуірде Бүкілкорейлік жұмысшы-шаруа ода-
ғы құрылды. Олар 130 жергілікті бӛлімшелерді және бүкілко-
рейлік жастар және әйелдер ұйымдарын біріктірді. 
Әлемдік экономикалық дағдарыс жылдары жұмысшы та-
бы мен шаруалардың белсенділігі байқалды. Революциялық 
жағдай интеллигенцияны да қамтыды, мұның аяғы 1930 жылы 
Пхеньянда, Пусанда, Сеулде, Вонсанда, Ингхон және т.б. ірі 
қалаларда толқулар мен ереуілдер болып ӛтті. 
Екінші дҥниежҥзілік соғыс қарсаңындағы Корея.
1931 жылы жапон армиясы Маньчжурияға басып кірді. Ал 
Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық жоспары Корея май-
дан алаңына айналып, соған байланысты елде әскери тәртіп 
енгізілді. 
Жапонияның Қытайдағы әскери қимылдары басталысы-
мен Маньчжурияда корей партизандық қозғалыстары белсенді 
жүре бастады. Корейліктер Қытай армиясына және партизандар 
армиясына кіре бастады, ӛздерінің қарулы топтарын ұйымдас-
тырды, қытайлармен бірге жапондықтарға қарсы соғыс қимыл-
дарын жүргізді. Бұл жасақтарды коммунистер немесе ұлтшыл-
дар басқарды. Партизандар бірнеше табысты жеңістерге де қол 
жеткізді, осыдан кейін олардың қолбасшыларының аттары да 
танымал бола бастады - Ким Ир Сен, Ким Чхэк, Цой Ен Ген (ке-
йін олар КХДР-ның басшылары болды).
Сонымен бірге осы кезде эмиграциядағы уақытша үкімет-
тің қызметі де жандана түсті. 1933 жылы оның басшысы ретінде 


37 
Ли Сын Ман Ұлттар лигасына барып, Жапонияның Корея мен 
Маньчжуриядағы басқыншылығын талқыға алды.
1940 жылы жапондықтар партизандардың кӛптеген база-
ларын талқандады. КСРО-ға қарсы соғыс қимылдарын жүргізу 
үшін олар Маньчжурияны қытайлық және корейлік партизан 
жасақтарынан тазартты, яғни олардың қалғандары Қытай қару-
лы күшіне қосылды (Чан Кайши армиясы немесе коммунис-
тердің ұлт-азаттық армиясы) және Кеңес Одағына қашып кетті. 
Осындай жағдайдан кейін жапондықтарға қарсы белсенді күш - 
корейлік ұлт-азаттық қозғалысындағы коммунистер мен ұлт-
жандылар әлсіреді. Осы кезде эмиграцияда жүрген буржуазия-
лық саясаткер Ли Сын Ман АҚШ саясатына қарай бағыт ұстан-
ды. Ал 1941 жылы Жапонияға қарсы соғысқа кірісіп, Құрама 
Штаттар Кореяның егемендігін қалпына келтіреді деп сенім артты.
1945 жылы шілдеде Потсдам конференциясы барысында 
одақтас державалар Жапонияның шексіз тізе бүгуін талап етіп 
және Кореяның тәуелсіздігін қалпына келтіруді алға тартты. 
Кеңестік және американдық әскердің соғыс қимылдары Корея 
түбегі "38-ші параллель" деп белгіленді. 
1945 жылы 8 тамызда Жапонияға соғыс ашқан Кеңес Ода-
ғы Қытайда, Кореяда және Тынық мұхитында кең кӛлемде со-
ғыс қимылдарын жүргізді. Кореяны азат ету 2-ші қиыр шығыс-
тық майдандағы 25-ші армия және Тынық мұхиты флотымен 
байланыс жасауына алып келді. Кореядағы соғыс ӛзінің қасіре-
тімен ерекшеленеді, Жапония тізе бүксе де соғыс жалғаса берді 
(25-ші армия 4717 адамынан айырылды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет