А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет60/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   134
1958 жылғы әскери тӛңкеріс.
Азаматтық үкіметтің әлсіз-
дігі 1958 жылы 8 қазан күні Пәкістанда әскери тӛңкеріске алып 
келді, нәтижесінде үкімет басына генерал 
Мұхаммед Айюб-хан 
келді
. Орталық және провинциялық үкіметтер бірікті, биліктегі 
заң шығарушы орган таратылды, саяси партиялардың жұмысы 
тоқтатылды. 1956 жылғы Конституция жойылды, премьер-ми-
нистр орны алынып тасталды. Сонымен, 3,5 жылдай Пәкістанда 
әскери режим орнады. Барлық билік Жоғарғы Қарулы күштер-
дің қолына шоғырланды. Заңды Бас әскери әкімшілік, яғни 
М.Айюб-хан ӛзі шығарып отырды. Әскери тәртіпті бұзғандар 
әскери сотқа тартылды. Барлық жоғарғы азаматтық орындарды 
әскерилер иемденді. 1960 жылға дейін М.Айюб-хан барлық Ат-
қарушы билікті ӛзі басқарып отырды. 
Әскери режим репрессиялық түрге ие болды: митингі, де-
монстрация, ереуілдерге тыйым салынды, баспаға цензура енгі-
зілді. Демократиялық партия және қоғамдық ұйымдардың бас-
шылары қамауға алынды. Оларға "әскери әкімшіліктің тапсыр-
масын бұзды" деп айыптар тағылып жаза қолданылды, тіпті 


95 
ӛлім жазасына дейін барды. Алайда, 1960 жылдың басында 
М.Айюб-хан
ӛзін "президент" деп жариялаған соң, жағдай жұм-
сара бастады. Біртінде, елдегі партиялық-саяси ӛмір қалпына 
келтіріле бастады. Жаңа үкімет экономикалық жағдайды тұрақ-
тандыру үшін тез арада тӛтенше шаралар жүргізді, контрабанда 
және алыпсатарлыққа қарсы күрес жүргізіп, оған мемлекеттік 
бақылау орнатты.
Капиталистік даму тек ӛнеркәсіпке ғана емес ауыл шаруа-
шылығына да қатысты болды. Аграрлық реформа бойынша жер 
иеленушілердің жері қысқарды. Сыртқы сауда жүйесі және ұлт-
тық ӛндіріс пен кіріс дамыды. 
1960-шы жылдардағы Пәкістан.
1962 жылы 1 наурыз 
күні Пәкістанда екінші рет Конституция қабылданды. Федера-
тивті құрылымды сақтау үшін билік түрі ӛзгертілді: "Пәкістан 
президенттік республика" деп жарияланды. 
Ұлттық жиналыс бір палаталы болып қала берді. Консти-
туцияға сәйкес 1962 жылы сәуірде парламентке (Ұлттық жина-
лыс), ал мамыр айында провинциялық Заңшығару жиналысына 
сайлау болды. Ұлттық жиналыстың бірінші мәжілісінде әскери 
жағдайды және саяси партиялардың қызметін жою туралы 
жариялады.
М.Айюб-хан
1963 жылдан бастап Мұсылман Лигасы пар-
тиясын ӛзі басқарды. Одан оппозициялық Мұсылман Лигасы құ-
рылып, оны бастапқы кезде 
Қожа Назимуддин
және 
Сардар 
Бахадур-хан
басқарып, кейін 
М.М.Дулатан
және 
А.Кайюм-хан
ауыстырды.
1964 жылдың соңында 1965 жылдың басында бес ірі оппо-
зициялық партияның блогы құрылды (ПХП, Авама лиг, Оппози-
циялық Мұсылман Лигасы, Джамаат-и ислам және Низам-и ис-
лам). Олардың мақсаты алдағы сайлауда М.Айюб-хан үкіметі-
не соққы беру болды. 
Діни қауымдық партия конституцияға біршама ислам қа-
ғидаларын енгізу туралы ұсыныс жасады. Ол да енгізілді: 
«Пәкістан Республикасы» 
енді 
«Пәкістан Ислам Республика-
сы»
деп аталатын болды. Алдағы президенттік сайлауға оппози-


96 
циялық партияның кандидаты Фатима Джинна болды 
(Мұхаммед Әли Джиннаның қарындасы). 
1965 жылы 2 қаңтарда елде президенттік сайлау болды. 
М.Айюб-хан тағы да президент болды, ал наурыз сосын мамыр 
айларында сайлаушылар коллегиясы провинциялардағы Ұлттық 
жиналыс пен Заңшығарушы жиналыс мүшелерін тағайындады. 
Барлық заң шығарушы органдарда, орталық және екі провин-
циялық үкіметте Мұсылман Лигасы билеушілері кӛпшілік орын-
ға ие болды. 
Мемлекеттік биліктің әміршілдік ӛктемдігі елді демокра-
тияландыру, президенттік сайлау түрін парламенттік басқару-
мен ауыстыруға, жалпыға бірдей сайлау, әкімшілік-саяси жүйені 
ӛзгерту және оны ұлттық-лингвистикалық негізбен ауыстыру 
үшін күреске шақырды.
Шығыс Пәкістанда ұлттық шиеленіс болып, нәтижесінде 
Шығыс Пәкістанға аймақты ӛзін-ӛзі басқару құқығы берілді. 
1967 жылы елде Пәкістан Халық партиясы (ПХП) құрылып, оны 
Зүлфиһар Әли Бхутто
басқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет