92
Халистан мемлекетін құру үшін күресті. 1984 жылы мемлекеттік
армия оларды қарудың күшімен тоқтатты.
Осыған жауап ретінде
1984 жылы 31 қарашада сикх тайпасынан шыққан оққағары
Индира Ганди
атып
ӛлтірілді
.
Оның орнына баласы
Раджив Ганди
премьер-министр
болды. Осы кезде Пенджабтағы
дағдарыс шешілмей жатып,
1990 жылы тәуелсіз мемлекет құру үшін Кашмир штатында
жағдай шиеленісіп кетті. Ал экономикалық бағытта Р.Ганди ли-
бералдану және әлемдік шаруашылыққа кӛшуді алға қойды.
Ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылығы ӛнімдері дамыды. 1990 жы-
лы экономикада дағдарыс басталды. Үндістанның сыртқы қары-
зы 23 млрд. долларға ӛсті. Ал, бұл 1990-1991 жылдардағы
Парсы шығанағындағы соғыс нәтижесінен кезекті мұнай дағда-
рысына алып келді. Үндістанда
қаржы дағдарысы басталып,
инфляция ӛсті.
1991 жылы кезекті сайлау науқаны кезінде тамильдік
(Оңтүстік Үндістан халқы) террористер
Р.Гандиге
қастандық
жасап, нәтижесінде ол қаза болды.
Жаңа премьер-министр болып
В.Нарасимха Рао
тағайын-
далды. Бұл үкіметте кӛп күштерін экономиканы реттеуге бағыт-
тады. Мемлекеттік жоспарлауды тоқтатқан жоқ.
1996-1998 жылдары Үндістанда үш коалициялық үкімет
билік құрды. Ал 1998 жаңа коалициялық үкімет
билікке келді,
оның басшысы
А.Б.Ваджапал
болды.
Үндістандағы тағы бір үлкен проблема халық санының
шамадан тыс ӛсуі болды. 2000 жылы халықтың саны 1 млрд.
адамға жетті. Сондықтан мемлекет «жоспарлы жанұя бағдарла-
масын»
енгізіп отыр, яғни бір отбасына 2 бала. Үндістан жаңа
мыңжылдықты күшті тауар-қаржы жетістіктерімен қарсы алды.
Елдің ішкі кірісі 1991-1992 жылдан бастап 2003-2004 жж. ара-
лығында 6,4% дейін ӛсті. Ӛнеркәсіп саласының даму қарқыны
баяу кӛрсеткішке ие болғанмен қызмет кӛрсету саласы (әсіресе
ақпараттық технология) үнемі тұрақты даму жолына түсті.
Достарыңызбен бөлісу: