98
ПХП-сы ӛз қызметінде үш негізгі қағиданы ұстанды: «Ис-
лам-біздің дініміз; демократия-біздің билік түріміз; социализм-
біздің экономикамыз». Елде 21 бӛлімді бағдарлама жасалды,
онда пәкістандық қоғамды демократияландыру үшін бірқатар
шаралар қаралды.
Жаңа биліктің тағы бір маңызды акциясы 1973 жылы
тамыздағы жаңа (үшінші) Конституцияны қабылдау болды, оны
биліктегі партияның қайраткерлері жасады. 1973 жылы Консти-
туцияға сай
Пәкістан Федеративті парламенттік Республика
болып жарияланды. Ислам елдің мемлекеттік діні болды.
Пәкістан тӛрт провинциядан тұрды: Пенджаб, Синд,
Солтүстік-Батыс шекаралық провинция және Белуджистан.
1977 жылы қаңтарда жалпыға бірдей сайлау болатыны хабар-
ланды, яғни 1977 жылы 7 наурызда Ұлттық жиналысқа, 10 нау-
рызда провинциялардағы Ұлттық жиналысқа. Сайлау нәтижесі
бойынша ПХП-сы Ұлттық жиналыстағы
200
орынның 155
орынға
ие болып, 77,5 пайызбен жеңіске жетті.
Достарыңызбен бөлісу: