А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Ауғанстан



Pdf көрінісі
бет90/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Ауғанстан.
М.Закир-шах табиғи шикізаты шектеулі және этникалық құрамы 
жағынан ӛте нашар елді басқарды. Халықтың кӛп бӛлігі пуштун 
тайпасын құрады. Шығыс пуштун тайпасы Британдық Үндістан 
территориясында ӛмір сүрді, ал Пәкістан тәуелсіздік алған соң 
бұл территория сол елге қосылды. 
Ауғанстан ұзақ жылдар бойы біртұтас пуштун мемлекетін 
құруды алға тартты, алайда бұл идеяны Пәкістан қолдаған жоқ. 
Нәтижесінде екі мемлекеттің арасы ӛте шиеленісті болды, тіпті 
Пәкістан Ауғанстанға экономикалық байкот жариялады. Мұны 
Иран шахы реттеуге де ұмтылды, бірақ еш нәтиже берген жоқ. 
Осы кезде КСРО мен Ауғанстан достық қатынасты қолда-
ды; сонымен бірге Ауғанстан КСРО-дан кӛмек алған әлемдегі ең 
бірінші коммунистік емес мемлекет болды (1953 ж.). 1960 жыл-
дары жолдар салынды батыста Кушка-Герат Кандагардан, шы-
ғыста Мазари-Шариф Кабулдан Гиндукуш жотасы арқылы. 
Сондай-ақ Ауғанстанға Франция және ҚХР-сы да кӛмек кӛрсет-
ті, елде біріккен неміс, жапон, үнді фирмалары жұмыс істеді. 
КСРО-ның кӛмегімен Джелалабадта жер суландыру кешені, 
ГЭС және Кабулда кӛлік жӛндеу заводы салынды.
Елдің қоғамдық ӛміріндегі ӛзгеріс баяу жүрді. 1959 жылы 
әйелдерге бет-перде (паранджа) кию жойылды, ал 1960 жылдан 
бастап әйелдер мемлекеттік қызмет атқаруға мүмкіндік алды. 
Біртіндеп денсаулық сақтау, білім беру жүйелері дами бастады. 


148 
Кабулда батыстық бағдарламадағы мектептер ашылды (неміс, 
француз лицейлері).
1964 жылы Ауғанстанда жаңа Конституция қабылданды: 
заң шығару парламентке берілді, ал шах оны бекітті. Шах пар-
ламентпен санасуға тура келді, ол оны таратуға немесе айлалы 
әрекет етуге құқысы болмады. Парламент екі палатадан тұрды - 
Халық кеңесі және жоғарғы сенат. 1965 жылы парламент саяси 
партиялар туралы заң қабылдады; шах оны бекітпесе де, саяси 
партиялар біртіндеп пайда бола бастады. 
1965 жылы олардың ішінде бірінші болып Ауғанстан Ха-
лықтық-Демократиялық партиясы (АХДП) құрылды. Олар «Ха-
льк» және «Парчам» газеттерінің редакция тӛңірегіндегі маркс-
тік ұйымдардан құрылды. Оның мүшелері қоғамдағы зайырлы 
қауым - шах әкімшілігінің қызметкерлері, офицерлер, интелли-
генция болды. Кӛп ұзамай-ақ партия «Хальк» және «Парчам» 
деген атармен екіге бӛлініп кетті. Біріншісі радикалды болып 
есептелді, оның негізін пуштундар құрады, ал кӛшбасшылары 
Нұр Мұхаммед Тараки 
және 
Хафизулла Амин
болды. Ал «Пар-
чам» фракциясына кӛбіне тәжіктер және басқа солтүстік халық-
тары кірді, олардың басшылары Барак Кармаль болды. Осы екі 
фракция да бір-бірімен үнемі жауласып, ӛзара шиеленісіп отырды.
1965 жылы баспахана ісі туралы заң қабылданды: елде же-
ке меншік газет, журналдар жарық кӛре бастады.
1960 жылдардың соңында Ауғанстанда модернизацияға 
қарсы алғашқы қанағаттанбаушылық пайда болды. Елде «Мұ-
сылман бауырлар» деген ұйым құрылып, оны 
Гүлберддин 
Хекматиар
және 
Бурхануддин Раббани
басқарып, олар кез кел-
ген батыстық мәдениетке қарсы шықты. 
1970-1971 жылдары елде құрғақшылық болып, жұқпалы 
ауру қаптап кетіп, нәтижесінде бұл малдың жаппай қырылуына 
алып келді. Сонымен бірге елде ірі құрылыс жұмыстарының 
аяқталуы себебінен құрылысшы жұмысшылар жұмыссыз қалды. 
Осы экономикалық факторда 
М.Закир-шахтың
билігін жоюды 
жақтаушыларға қосымша негіз болды. 1973 жылы әскери тӛңке-
ріс салдарынан шах билігі жойылды (Еуропа елдеріне сапары 
барысында). Монархия жойылғаннан кейін елдің президенті бо-
лып шахтың немере бауыры 
Мұхаммед Дауд
тағайындалды. 


149 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет