151
Ел саясатына Кеңес Одағының араласуы кері әсерін тигіз-
ді. Біріншіден, ауғандықтардың наразылығы тез байқалды, ӛйт-
кені елде «кәпірлер» пайда болды деген түсінік қалыптасады, бі-
рақ дәстүр бойынша ауғандықтар уақытша ішкі шиеленісті ұмы-
тып, ортақ жауға қарсы бірге күресулері керек болды. Екінші-
ден, соғыс жағдайына байланысты жүргізілген шаралар еш нә-
тиже берген жоқ; сондай-ақ, кеңестік кӛмекке қарамай-ақ елдегі
экономикалық жағдай ӛте нашар күйінде қалды: баға ӛсті, кӛп-
теген жанұялар асыраушыларынан айырылғандықтан, ӛздерін
қамтамасыз
ете алмай қалды, халықтың күн кӛрісі нашарлап
кетті, елде бұрын соңды болмаған ашаршылық басталды.
Елдегі жағдайды «Хальк» және «Парчам» фракциялары
арасындағы бәсекелестік одан әрі шиеленістіріп жіберді, соны-
мен бірге мемлекеттік аппаратта күшті парақорлық етек алды.
АХДП-ның қарсыластары - «моджахедтер» елдің кӛп тер-
риториясына бақылау жасады. 5 млн. жуық адам Ауғанстаннан
тыс жерлерге босқын болды. 1982
жылы БҰҰ басқа елдердің
Ауғанстан ісіне араласуларын шектеуге талпыныс жасайды, бі-
рақ ол еш нәтиже берген жоқ.
Бұған 1985 жылы сәуірде СОКП ОК Бас хатшысы болып
тағайындалған
М.С. Горбачевте
ат салысты. 1986 жылы мамыр-
да ел басшысы Б.Кармальдың орнына
Мұхаммед Наджибулла
келді, бұрынғы қауіпсіздік қызметінің басшысы болған ол ӛте
қатал және табанды болатын. М.Наджибулла-пуштун, ең кӛр-
некті ахмадзай тайпасынан шыққан. Ол әрбір командирлермен
жеке-жеке келіссӛз жүргізіп, соғыс
қимылдарын тоқтатуды та-
лап етті. Мұның ӛзі жақсы нәтиже берді. Кабулда соғысты та-
мамдаған жауынгерлердің лагері пайда болды. 1987 жылы
АХДП-сы соғысты тоқтату туралы хабарлады, ал КСРО әскері
елден шығуды қолға алды.
1988 жылы 14
сәуірде КСРО, АҚШ, Ауғанстан және
Пәкістан арасында саяси келісімге қол қойылды: ол бойынша
1989 жылдың ақпанына дейін КСРО әскері Ауғанстаннан шы-
ғарылуы, АҚШ және Пәкістан бүлікшілерді қару-жарақпен қам-
тамасыз етуді тоқтатулары керек болды.