А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет16/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   145
Байланысты:
2 Жалпы геология

Бүршікті агрегаттар - агрегаттар 
карст үңгірлерде, кеннің  тотығу 
белдемдерінде жиі кездеседі, 
малахит, гематиттерге (қызыл  
шыныша  бас), халцедонға жəне 
басқа минералдарға тəн. Осы 
агрегаттар ішінде белдемді боп 
келетіндері  бар, оны заттардың  
ерітінділерінен, соның ішінде  
коллоидтардан қабат-қабат 
түзілгенімен түсіндіріледі. 


23 
 
Сауыстанған агрегаттар - 
коллоидтар-гельдер  арқылы  пайда  
болады.  Ашық  жазықтарда,  аққан  
судан  бөлінген сауыстанған  
минералдық  түзілімдер  тамшылы,  
сорғыламалы,  пленкалы 
ерітінділердің түзілімдерінен 
құралады. Морфологиялық түрлері 
көп болады. 
Сталактит - (гр. «stalaktos» – 
«тамшылы  аққаны») – сауыстанған 
минералдық түзілімдер (жиі  əкті),  
төбеден жəне үңгірдің  жоғарғы  
бөлігінен салбыраған сүмелек  
мұздар тəріздес, құбырлар,  
тарақтар, шашақтар тəріздес болады.  
Су булануында кальций көмір  
қышқылының шөгу нəтижесінде 
пайда болады. 
Сталагмит -  (гр. «stalagma» – 
«тамшы») –  сауыстанған  
минералдық түзілімдер (жиі əкті),  
үңгірдің түбінде жоғарыдан түсетін  
минералданған сулардың  
булануынан  пайда  болады жəне  ол  
төменнен жоғары өседі. Олар конус,  
бағана тəрізді болады. Конус түрлес 
əкті-тамшылы түзілімдері, үңгірдің 
табанынан сталактиттерге қарсы 
өседі. 
     Пирит аммонит бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет