26
Құлпырма. Кейбір минералдар,
көбінесе мыс, өзінін беткейінде
жіңішке түрлі түсті қабыршаққа ие:
алқызылды, қызғылт, сарғыш, көгілдір
жəне т.б., олар химиялық үлгілер
үрдістерімен негізделген. Осы
қабыршақтың түсі минералдың
түсінен өзгеше. Осындай құбылыс
құлпырма деп аталады, мысалы
халькопиритте.
Мөлдір емес, əлсіз мөлдір жəне түсті
минералдарға маңызды
диагностикалық белгісі минералдың
ұңтақталған күйіндегі түсі немесе
сызылу түсі болып келеді. Ол
минералдың түсімен сəйкес болуы
мүмкін (мысалы магнетит), бірақ басқа
түсте де болуы мүмкін (мысалы
гематит). Минералдың ұңтақталған
күйдегі түсін анықтау үшін, оны
фарфор пластинканың (бисквит)
бұдыр беткейіне егеу керек,
бисквиттің үстінде қалған сызық,
минералдың ұңтақталған түсіне сəйкес
болады.
Бисквит болмаған кезде
минералды пышақпен үгітіп, алынған
ұңтақты ақ қағазға жағып сызылу
түсін тексеруге болады.
Мөлдірлік. Минералдар
жарықты
өткізу қабілетімен сипатталады, ол
оның кристаллдық құрылысымен жəне
минералдық жиналулардың
біркелкілігі мен сипатынан
байланысты. Осы белгі бойынша
минералдар:
түссіз, қарапайым
шыныдай жарықты өткізеді;
жартылай түссіз, мəтілі шыныдай
жарықты өткізеді;
түссіз емес, күн
сəулелерін өткізбейді.
27
Жылтырлық. Минералдың сыну
бұрышының көрсеткішінен жəне
беткейдің шағылыстыру сипатынан
тікелей байланысты
.
Жылтырлық
металлды жəне бейметаллды (кейде
метал тəрізді) болады.
Металлды
жылтырлық – фарфор сынығында қара
сызылу түс берген минералдарға ие,
олардың негізгі түсіне қатысты емес.
Бейметаллды жылтырлық - фарфор
сынығында ақ немесе түрлі түсті
сызылу түсті берген минералдарға ие.
Бірақ кейбір түсті сызылу түс беретін
саф элементтерге (алтын, күіс, мыс)
жəне кейбір сульфидтерге
(халькопирит) қатысты емес, олардың
жылтырлығы металлды. Бейметаллды
жылтырлық келесі түрлерге бөлінеді:
Алмазды – қатты
жарқырайтын
жылтырлық.
Шынылы.
Майлы – минералдың беткейі маймен
жағылғандай.
Седепті – седептің жылтырлығына
сəйкес. Жақсы жетілген жылтырлыққа
тəн,
олардың
жымдастық
жазықтықтарында байқалады.
Жібекті.
Талшықты,
инетəрізді
құрылысқа ие минерлдарға тəн.
Балауызды – майлы жылтырлыққа
ұқсасты, бірақ əлсіз байқалады.
Жылтырлық болмаған кезде
мəтілі
жылтырлық ретінде қарастырылады.
Жылтырлықты
анықтау
үшін
минералдың жаңа сынған жерінен
қарау керек. Жылтырлықты анықтаған
кезде
минералдың
түсі
есепке
алынбайды.
Достарыңызбен бөлісу: