29
Созылымдығы жəне
нəзіктілігі. Созылымды минералдар балғамен
соққан кезде жалпаяды жəне шеттерінен домлақтанады, ал нəзік минералдар
балғамен соққан кезде ұсақ кесектерге бөлініп қалады. Нəзік минералдарды
пышақпен сызған кезде ұңтақ пайда болады, ал созылымды минералдарды
сызған кезде ұңтақ пайда болмайды жəне беткейінде жылтыр із қалады.
Бейметаллды жылтырлыққа ие минералдардың арасында нəзік, шашырап
кететін, жəне тұтқырлы түрлерін көруге болады.
Магниттілік. Минералдардың магниттілігін анықтау үшін магнитті
тілшені қолданады, ал далалық жағдайда – тау құбылнаманың тілшесі
немесе магнит арқылы тексеріледі. Магниттілік қасиетке ие минералдарға
магнитті тілшені жақындатқан кезінде, ол оны өзіне тартады немесе кері
итереді. [2; 3]
Достарыңызбен бөлісу: