65
болып келеді, яғни ең көне қабаттар жер бедердің төмен белгілерінде
ашылады жəне керісінше қабаттар моноклинальді жатқан кезде жас
жыныстар қабаттардың құлау бағытында ашылады; қатпарлы жатысы кезінде
ең көне жыныстар антиклинальды қатпарлардың ядросында орналасады.
5) Интрузиялардың жасын анықтау: интрузивті денелер сыйдырушы
жыныстарды бұзып өтсе, олар одан жас болып келеді; интрузивті денелер
сыйдырушы жыныстарымен көмілген болған кезде, олар жыныстардың
жасына қарағанда көне болып келеді.
6) Картада қабаттың шығу ені (тұрақты қалыңдылық кезінде) құлау
бұрышына қарай өзгереді, құлау бұрышы төмеңдеген кезінде ұлғаяды, жəне
керісінше құлау бұрышы жоғарланған кезінде төмендейді.
Осы ережелерді қолдана отырып, қабаттардың жатыс элементтері жəне
жер беткейіне шығу сипаты бойынша олардың кеңістікте қалай жататының
анықтау керек – көлденең, еңісті немесе қатпарларға иілген. Соңғы жағдайда
қайсы қатпарлар антиклин, қайсы синклин екенін дұрыс анықтау керек.
Кейін индекстердің, қабаттардың өзара орналасуы жəне кеңістікте
талдау арқылы, олардың жалпы стратиграфиялық реттілігін анықтау керек,
анықтау кезінде интрузивті денелердің пішінін қарастыру қажет – сығылма
немесе штоктар, жəне сыйдырушы жыныстармен қарым-қатынасын біле,
олардың жасын белгілеу. Халықаралық жержылнамалық шкаласын қолдана
отырып жəне геологиялық картаны талдау арқылы, шөгінді жиналудың
кезеңдері мен шөгінді жиналуының үзіліс уақытын анықтау, жəне
интрузияларды енгізудің қатпарлардың түзілу үрдістердің пайда болу
уақытын анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: