10 кесте Жыныс Əріп Оқылуы Түсі Интрузивті жыныстар
Граниттер γ
кіші гамма
қызыл
Гранодиориттер γδ
кіші гамма мен
дельта
қою-қызыл
Диориттер δ
кіші дельта
таңқұрайлы
Сиениттер ξ
кіші кси
қызғылт сары
Габбро ν
кіші ню
қою-жасыл
Пироксениттер, перидотиттер, дуниттер σ
кіші сигма
қою-күлгін
Нефелинді сиениттер ε
эпсилон
қызғылт сары
Эффузивті жыныстар
Риолиттер λ
кіші лямбда
қызыл
Кварцты порфирлер λ`
кіші лямбда қосымша
қою-қызыл
Трахиттер τ
кіші тау
қызғылт сары
Андезиттер α
кіші альфа
таңқұрайлы
Андезитті порфириттер α`
кіші альфа қосымша
таңқұрайлы
Базальттар β
кіші бета
қою-жасыл
Диабаздар β`
кіші бета қосымша
қою-жасыл
Магмалық жыныстардың аралық құрамы екі əріппен белгіленеді, олар
жыныстардың топтарын көрсетеді (мысалы, гранодиорит - γδ).
Жыныстардың құрамы сызықтық шартты белгілерімен (крап) көрсетіледі.
11) Геологиялық шекаралар карталарда əртүрлі белгілерімен
көрсетіледі. Анықталған геологиялық шекаралар тұтас қара сызығымен
белгіленеді, болжамды – үзік сызықтармен; құрамы əртүрлі, бірақ бір
уақытта пайда болған жыныстардың шекарасы нүктелі сызықтарымен
белгіленеді. Үзілмелі бұзылыстар қара қалың сызықтарымен белгіленеді
(нақты бұзылыстар), үзік қалың қара сызықпен – болжамды, үзілмелі қалың
сызықтар нүктелермен бірге – жас түзілімдердің астында жасырын
бұзылыстар.
Тапсырма: Даут өзеннің ауданына қабаттардың көлденең жатысы
анықталды.
1) 21 суретте берілген қимадағы 1 ұңғыма мəліметтері арқылы Даут
өзен ауданының геологиялық картасын құрастыру.
2) А-Б сызғы бойынша геологиялық қима құрастыру.