64
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Жыныстардың жасы мен жатыс жағдайларын геологиялық
карталарда анықтау
Жұмыстың мақсаты: геологиялық карталарда жыныстардың жасын
жəне жатыс жағдайларын анықтаудың дағдырдарын алу.
Жұмыстың теориялық негіздемесі: Картаның талдауы геологиялық
денелерді жəне олардың жасы қалыптасуында қатысатын жыныстардың
пайда болу туралы мəселені анықтаудан бастау керек. Шөгінді жəне
метаморфты жыныстардың жасы картада əріптік жəне сандық индексімен
көрсетіледі. Арықарай шөгінді (жəне инрузивті) қабаттардың өзара қарым-
қатынасын анықтау керек – олардың үйлесімді жəне үйлесімсіз жатысы мен
үйлесімсіздіктің түрлерін; сыйдырушы жыныстармен интрузиялардың
қарым-қатынасында – қандай жыныстарды интрузия бұзып өтеді, қандай
жыныстарды бұзбайды, кеңістікте шөгінді жəне метаморфты қабаттардың
жатысын (көлденең, еңісті немесе бұрышты); қатпарлардың жəне
дизъюнктивтердің түрлерінде, олардың санында.
Аймақтың геологиялық құрылысын талдау нəтижесінде барлық
геологиялық оқиғалардың реттілігін қалпына келтіру – шөгінді қабаттардың
жəне эффузивті жыныстардың қалыптастыру кезеңдері, шөгінділер
жиналуындағы үзілістер, интрузиялар мен сығылмалардың (дайкалардың)
енуі, қатпарлар мен дизъюнктивтердің пайда болуы. [1; 5]
Достарыңызбен бөлісу: